Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Күннің тұтылуы": Экстрасенс ұшақ апатының себебін айтып, желі қолданушыларының ашуын келтірді

  • "Күннің тұтылуы": Экстрасенс ұшақ апатының себебін айтып, желі қолданушыларының ашуын келтірді

 «Хабар» телеарнасы «Давайте говорить» бағдарламасының кезекті шығарылымын Алматы маңында Bek Air ұшағының апатына арнады. Қонақтар арасында астролог Гүлмира Махметова мен экстрасенс Бақыт Жұматова болды. Олар қайғылы оқиғаны күннің тұтылуымен түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Нұрлан Абдуллиннің айтуынша, астрологтар оған жаңа жыл қарсаңында ұшпауға кеңес беріпті.

Астролог Гүлмира Махметова 26 желтоқсанда күннің тұтылғанын айтады. Оның сөзінше, күн тұтылуы басталғаннан үш күн болып және тағы үш күн жалғасады екен.

«Кеше күннің тұтылуы болды. Бұл күндер өте қиын болып саналады. Сондықтан тез шешім қабылдаудан сақ болу қажет. Мұндай кезде үйде отырған жөн», – дейді астролог.

Оның сөзін Бақыт Жұматова да қоштады.

«Расымен де сол күні күннің тұтылуы болды. Барлығы оқи алатындай етіп біз жаздық. Айттық да. Бірақ неге бұл адамдар ұшуға осы күнді таңдады?», – дейді Жұматова.

"Әрине, ешкім астрологқа сене бермейді. Бұл өмір", - дейді Айгүл Мүкей

"Астрология тұтас ғылым. Бірақ қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын", - деді Бақыт Жұматова.

Желі қолданушылары ұшақ апаты жайлы бағдарлама түсіріп, оған астролог, экстрасенстер мен әртістерді шақырған «Хабар» арнасын сынға алды. Олар «Өлімнен шоу жасау», «Рейтинг қуалау. Бұған қарау өте аянышты және күлкілі», «Одан да бұл бағдарлама шықпағаны дұрыс еді» деп жазды.

«Негізінде біз жаңа жылдық мерекелік бағдарлама жасағымыз келген. 2019 жылды қорытындылап, жаңалықтармен бөліскіміз келген. Алайда, өмірдің өз доспары бар», – дейді Айгүл Мүкей.

Stan.kz




Көрілген: 1343    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.12.2019, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ
    12 Ақпан, 15:37
    Кесене кезген елес...
    10 Ақпан, 11:57
    Киіктің киесі...
    6 Ақпан, 10:32
    Тозақ қақпасы
    16 Қаңтар, 12:22
    "Жылан" бала
    15 Қаңтар, 11:25
    Ауылды кезген әруақ...
    10 Қаңтар, 12:31
    Тарғыл мысық
    5 Қаңтар, 10:21
    «Тораңғылы» сиқыры

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30