Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Құранды аяқасты еткен жігіттің оқиғасы

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Бұл дүниеде түрлі-түрлі адамдарды көресің. Қанша адам болса, сонша мінез бар ғой. Дегенмен, өмірімде Құран лақтырған адамды көремін деп ойламаппын. Кісі өлтіру оқиғасын адамдар «жантүршіктірерлік оқиға» деп санайды ғой. Бірақ Құран лақтыру одан да сорақы, меніңше. Өзім көрген осынау оқиға ішіме сыймады. Біреуге айту ыңғайсыз. Сол себепті «Алаш айнасы» порталына жолдап отырмын.

 

Сарыарқа жонындағы Сарыайғыр ауылында тұрған Бекжігіт марқұмды көпшілік жақсы біледі. «Бекжігіттің бес қызы», «Бекжігіттің жалғызы» деген тіркестер бұл жердің тұрғындарына етене таныс.

 

Ал Бекжігіттің жалғызы дегеніміз &ndash менің жолдасым Әзімбек. Әзімбек 5 қыздан кейін туған. Көршісі Сәбираның айтуынша, оның әке-шешесі жалғыз ұлдары түшкіріп қалса, той тойлайды екен. Бетіне ауылда ешкім қарсы келіп көрмепті. Мектепке барғысы келсе, барады. Бармаса, мұғалімдердің де оны іздеп, ескерту жасауға батылдары бармайды екен.

 

Кішкентай кезінде балалармен елігіп шылым шегіп тұрғанын көріп қойған Әзімбекке бірде анасы ұрсыпты. Әзімбек бірден әкесіне жылап барып: «Анау маған жала жауып ұрсып жатыр. Мен темекіні қолыма да алған жоқпын!» &ndash дейді. Артынан әкесі анасын жаман сабапты.

 

&ndash Шіркін-ай, осы Әзімбектің шешесі өте жуас кісі болды, марқұм, өмір бойы таяқ жеп өтті. Бірақ ешқашан бір құрбысына немесе бір көршісіне мұң шағып, таяқ жегені жайлы тіс жарып көрген емес, &ndash дейді Сәбира апай.

 

Кей адамдар күйеуінен немесе жалпы өмірден теперіш көргенде, «балаларым өскенде қызық көрермін» деп, шыдамдылық танытып, алдағы күндеріне үміт артады. Бәлкім, күйеуімнің шешесі де «балам өскенде ақылы кірер, қызығын түбі көрермін» деген шығар. Бірақ ол кісі сол арман жетегінде өмірден озды. Балаларының алды аяқтанған кезде мезгілсіз көз жұмды.

 

Бекжігіт &ndash аса бай болған адам. Әзімбектің ерке өскені сонша, ол тіпті іші пысқан күндері отардағы қойларды мылтықпен атып кететін болыпты. Оны білсе де әкесі үндемейді, себебі ұлы &ndash бес қыздан кейін туған жалғыз.

 

Малға тиіскен не тәйірі, өсе келе Әзімбек қыздарға бүйідей тиюге көшті. Арақ ішіп алып, ауылдағы қыз-келіншектерді тіпті көшеде зорлайтын жағдайға жетті.

 

Ол әскерге кететін кезде ауылға кластасы Құралаймен бірге қыдырып оңтүстік жақтың студент қызы келеді. Қыз Әзімбекке ғашық болып қалса керек. Әскерге шығарып салу кешінен соң екеуі бір үйге қонып қалады. Ертесінде қыз Әзімбекті оңаша шақырып алып:

 

&ndash Сен енді маған үйленесің, &ndash депті. Әзімбек болса: «Үйленгені несі? Менің ондай жоспарым жоқ. Әскерді қайда қоясың» демей ме. Сонда қыз: «Кіммен қараясың, сонымен ағарасың. Енді елге қай бетіммен қараймын? Мені үйіңе кіргізіп кет. Үйде отырып-ақ тосамын сені», &ndash депті.

 

&ndash Мен саған үйленем дегем жоқ қой. Өз келісіміңмен құшағыма ендің. Менің отау құратын ойым тіпті жоқ! &ndash деген Әзімбекке әлгі бойжеткен:

 

&ndash Есіңде болсын! Сенің жолың ешқашан болмайды! Тіпті әскеріңе де бара алмайсың!, &ndash деп шорт кеседі.

 

Осы оқиғадан соң Әзімбек шынымен де жарты жолдан қайтып келді. Әбден бетімен өскен бала қалаға барған соң арақ ішіп, мейрамханада отырғандарға қару кезенеді. Сөйтіп, оны милиция алып кетіп, қамап тастады. Әкесі талай малын шашып жүріп, Әзімбекті алып шығады. Біраз уақыт өте келе қаладағы Құралай арқылы Сарыайғыр ауылына хабар жетті. Әнеугүнгі қыз ұятқа шыдай алмай, ауылына барып асылып өліпті.

 

...Әзімбек көрші ауылдың Айнұр атты қызына үйленген. Онымен бес жыл отасты. Отасқаны сол, арақ ішкен күндері әйелін шашынан сүйреп, тепкілейтін де жататын. Кейін тұңғышы Гүлбақыт туғанда да онысын қоя алмады.

 

Мылтыққа құмарлық Әзімбектің қанында бар әумесерлік пе дерсің. Өйткені ол бұрын мал атса, енді адам атуға көшкен. Бір күні ішіп алып есін білмей, Айнұрды нысанаға алды. Әйтеуір Айнұр қашып құтылып, оқ қабырғаға тиді. Әлі күнге дейін Бекжігіттен қалған қара шаңырақта сол «ақылды» оқтың тыртығы бар.

 

Мылтық атуы онымен де тоқтамады. Бір жылы дәмханада мас болып отырып, Әзімбек өзінің бір ауылдасын аяғынан атып тастап, тағы да темір торға тоғытылды. Бұл кезде әкесі өлген кез, десе де, ауқатты әпкесі Зоркен бар ақшасын салып, ерке бауырын ақтап алды. Істің бәрі бұрынғыдай сыланып-сипанып, «қару қолдану» сияқты ауыр қылмыс «бұзақылық» деген баптарға өзгертілді.

 

Кейін Әзімбек Мейіргүл деген қызға үйленді. Ол қала әкімінің сәулет бөлімінде қызмет істеді. Тұрмысқа шықпаған қыз болатын. Сол бір жылдары жер дегеніңіз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатты емес пе. Мейіргүлдің арқасында Әзімбек өзіне 50-60 шақты жер, туыстарының бәріне қос-қостан, бес-бестен жер учаскесін алып берді. Бірін сатты, бірін айырбастады. Соның арқасында Әзімбектің бес апасының бірі үй, бірі жеңіл көлік алып, шалқып жатты. Өкініштісі, қанша жақсы адам болғанымен, Мейіргүлдің де басынан таяқ кетпеді. Ол да тепкіден көз ашпай, ақыр соңында Әзімбектен әрең қашып құтылды. Мейіргүлдің үстінен жүріс жүріп, Әзімбек өз ауылының қызы &ndash Сайранды тоқал ретінде ұстап жүрді.

 

Әзімбек менімен қосылғанда, жоғарыдағы жайттардың көбінен бейхабар едім. Әйтеуір екі әйелі болғанын білетінмін. Ол маған бұрынғы әйелдерімен ажырасу себептерін жұқалап қана жеткізді. Менімен қосылғанда аузына арақты татып алмады.

 

Қанында бар бұзақылық пен имансыздық адамды жайына қалдырмайды екен. Тіпті ол түзелгендей болып көрінгенімен, күндердің күнінде мінез деген, бойдағы жамандық деген бір бой көтермей тұрмайды екен.

 

Әзімбектің өмір бойғы ұстанымы үкіметке немесе біреуге жұмыс істемеу болатын. Тоқсаныншы жылдары құрылыс материалдарын тонналап тонап ғұмыр кешті. Арасында біреулердің атына несие ресімдеп пайда тауып жүрді. Одан беріде Мейіргүлдің арқасында иеленіп қалған жерлерін сатып күн көрді. Оның бәрі өтті, кетті.

 

Жұмыс істеп үйренбеген Әзімбекпен бірге тұру қиын еді. Мен жұмыста болғанда үйде зерігіп отырған оның миын неше түрлі ойлар жаулап отырады. «Сен біреумен тығылып сөйлесіп жүрсің», «Ақшаңды жасырып ұстайсың», тағы да басқадай кінә тағып, маған түрлі кінә тағумен болды. Бара-бара ол маған қол жұмсайтын болды. Жарайды, онысы оқырман қауымға таныс дүние ғой. Менің жағамды ұстатқаны мынау болды.

 

Біздің мешіттен алған неке куәлігіміз Құран кітаптың ішінде тұратын. Бірде ол мас күйінде менімен байланысып, «Екеуміз ажырасамыз, куәлікті алып кел!» &ndash деді. Куәлік Құран кітаптың ішінде тұратын. Мен екеуін де бірге алып келдім. Ондағы ойым Құранды көрсе сабасына түсіп, қаймығар дегенім еді. Өкінішке қарай, Әзімбек Құран кітапты жерге бір ұрып, неке куәлігін қақ айырды. Құранды көтеріп қойып едім, қайтадан лақтырып жіберді. «Алладан қаймықпайсың ба?», &ndash деп едім, «Аллаңның әкесін ...», &ndash деді.

 

Мен осыдан соң қатты түңілдім. Мұндайды өмірімді бірінші рет көруім. Түрлі бұзылғанды, небір алқашты көзім көрсе де, дәл осындай имансызды көрмеппін. Баласын көкітіп өсірген әкесі Алланың құдіреті туралы айтпады ма екен оған сонда?

 

...Ол қазір осы қалада көлікпен құйғытып, жұртқа ақылды боп көрініп, әдемі әңгіме айтқанда аузы-аузына жұқпайды. Осылайша жылтырап, кісі тасып күнелтіп жүр. Өзінің өрескел ісі үшін Алла Тағаладан кешірім де сұраған жоқ. Оның құдайдан безген имансыз екенін бірақ жолаушылардың бірде-бірі білмейді-ау. Білсе, Әзімбек жүргізетін таксиге ешкім де мінбес еді.

 

 

Автор: Сәния Мұқанова

alashainasy.kz

 




Көрілген: 3878    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31