Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Күзетшіге көрінген елес әйел...

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

«Елес, әруақ дегенге сенбеймін» деушілер көп. Әйтсе де елес туралы әңгіме ел арасында жиі құлаққа шалынады. Елес туралы мына әңгімені Мәлика есімді қыз айтқан еді.
 

Майкөбеде күзет бекетінде тұрған жігіт бір күні өзі күзететін аумақты аралап жүреді. Көлік кіретін есіктің жанына жетіп қалған ол бір кезде артқа жалт бұрылып, жүгіре жөнеледі. Сол жүгіргеннен қашып күзет бекетіне жетеді. Жас жігіттің түрі өзгеріп кеткен. Қорыққаны сонша, қол-аяғы дірілдеп, тұтығып сөйлейді.
 

Су ішіп, сабасына түскен соң ғана басынан өткен жайды айтуға шамасы келеді.

 

«Жаңа есікке жақындағаным сол, көзіме бөгде бір нәрсе шалынғандай болды. Сөйтсем, қақпаның ішкі жағында үстіне көйлек киген әйел адам тұр екен. Әуелі бірнеше қадам жерден айқайладым. «Бұл күзетілетін жер. Сіз мұнда не істеп жүрсіз? Тез арада сыртқа шығыңыз!» — дегеніме тіпті мән бермейтіндей. Дауысымды қатайтып, қайта айқайладым. Орнынан қозғалмайды. Үндемейді де. Жетекке алған итім қақпаға жақындағанымнан-ақ қыңсылап қашып кеткен. Дәл сол кезде оған мән беріп жатпадым. Қасына барып, шығарып жіберейін деп ойлап, жақын келдім. Жақындап келгенімде, желбіреген көйлектің тізеден төменгі жағына көзім түсті. Сөйтсем, әлгі әйелдің етегі бар да, аяғы жоқ. Бетіне қарауға жүрегім дауаламады. Шошып кетіп, қаша жөнелдім. Артымнан қуа ма деп қорықтым», — деген жігіт есікке жалтақтап қарай берді.

 

Қорыққан жігітті әзілмен қағытып, біраз күлісіп алған әріптестері мына оқиғаны айтты.

 

Бірнеше жыл бұрын осы жердегі асханада өрт болыпты. «Өрт шықты!» дегенді ести сала асхананың ішіндегі, маңындағы қызметшілердің бәрі қашып шығып, қақпа жанына жиналады. Суыт хабардан үрпиісіп қалған әйелдердің ішіндегі біреуі

 

«Сөмкемде ақшам мен құжаттарым қалып қойды» деп ышқына жүгіріп, өртеніп жатқан асханаға кіріп кетеді. Сөмкені алып, шыға берем деген сәтінде төбеден ауыр бір зат құлап, әйелді басып қалыпты. Әйел сол жерде мерт болған. Өрт сөнген соң мәйітті сыртқа алып шыққанда, сол жердегілер бейбақтың аяқтары сынып, ауыр заттың астында қалып кеткенін байқайды.

 

Осы оқиғаны айтушылар әлгі әйел өлгеннен соң марқұмның рухы тыныш таба алмай жүргені сол жерде дұға оқылмағандықтан дейді. Кім білсін…


Гүлсана МЕДЕУБАЙТЕГІ
otarka.kz/




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31