Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қытайда екі метрлік жұмбақ тіршілік иесі жұрттың үрейін ұшырды

  • © Sputnik

    © Sputnik

Гуанчжоуда су астында тасбақаға ұқсайтын тіршілік иесі пайда болып, саябақ туристері мен қызметкерлерінің назарын аударды. Бұл туралы Daily Mail газеті жазды.


Қытайдың Гуандун провинциясындағы Байюнь көлінің саябағында бірнеше күн бұрын туристер мен бақылаушы қызық жаратылысты байқап қалған.



"Оның арқасы қара түсті және тасбақаға ұқсас болды, – деді саябақ қызметкері жергілікті БАҚ-қа. – Кейін оның басы көрінді, ол жыланның басына ұқсайды".


Оның айтуынша, балықтың ұзындығы кемінде екі метр болған.


Саябақ әкімшілігі туристер үшін су қоймасын жауып, жағаға ескерту тақта орнатып, көлдің жұмбақ тұрғынын іздеуге кірісті. Қауіпсіздік қызметінің басшысы судағы ерекше жаратылыс туралы бұған дейін белгілі болғанын, бірақ оны анықтай алмағандарын мәлімдеді.


Іздеу төрт күнге жалғасты. Мамандар миссисипилік сауытты балықтың екеуін ұстады. Балықтардың ұзындығы 1,2 метр және 0,9 метр болып шықты. Қызметкерлер олар саябақтың көліне Чжуцзян өзені арқылы келуі мүмкін деп болжады.

Миссисипилік сауытты балық тұщы судағы ең ірі балықтардың бірі саналады. Оның ұзындығы үш метрге жетеді, ал салмағы 130 килограмнан асады. Олар Солтүстік және Орталық Америкада тіршілік етеді, алайда кейде табиғи таралу аймағынан тыс жерлерде де кездеседі. Атап айтқанда, миссисипилік сауытты балықты Каспий теңізінде, Үндістанда, Гонконг және Сингапурде көргендер бар.


 Sputnik




Көрілген: 993    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.02.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31