Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мама, мені неге тастап кеттің?!...

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

- Мама, мені неге тастап кеттің?!...

 

Бұл - Әсем ұйқыға кетсе болды, құлағына жететін сәбидің жалынышты дауысы.

 

1993 жыл. Бұл кезде Әсем университетке жаңа түскен. Қиын қыстау заман болса да студенттік шақтың қызығы таусылған ба. Жатақханада күнде кешке «вчеринка». Әйтеуір кеш жасауға себеп те, ақша да табыла кететін.

 

Болмысынан ашық-жарқын мінезді Әсем айналасындағылармен тез тіл табысып кетті. Жаңа жыл қарсаңында, сондай кештердің бірінде Әсем соңғы курста оқитын Мәлікпен танысты. Домбыра мен гитарда ойнап, ән салатын сымбатты жігітке қыз біткеннің бәрі ғашық болды. Әсем солардың бірі еді.

 

Би кезінде Мәлік Әсемге ұнатып қалғанын айтты. Әсем бақыттан басы айналып, Мәліктің құшағына құлай кетті. Кеш біткен соң Мәлік Әсемді бөлмесіне ертіп барды. Оңаша бөлмеде Әсем Мәліктің еркіне көніп, қыздығымен қоштасты. Әсем өкінген жоқ, қайта өзін ең бақытты жан сезінді. Өйткені ол жігітті шын сүйіп қалған еді.

 

Әсем Мәлікпен оңаша қалыуға асығып тұратын. Кеш бітпей жатпып, екеуі оңаша кетіп қалуды әдеткее айналдырған. Бұл Әсемнің жан құрбысы Зағираны алаңдата бастады. Алайда құрбысының айтқандарын қызғаныш деп қабылдаған Әсем сөзге құлақ аспады.

 

Наурыз айында Әсем аяғы ауыр екенін біледі. Қуанышын Мәлікпен бөліседі. Бірақ бұл жаңалық жігітті қуанта қоймайды. Ол қазір үйлену жоспарында жоқ екенін жеткізіп, оқудың бітуін күтуді өтінеді. Сол жағдайдан кейін Мәлік Әсемнен бойын аулақ ұстай бастайды. Емтиханға дайындалуды, диплом жұмысын жазуды сылтау етіп, кездесуден қашады.

 

Оқу бітіп, Мәлік дипломын алады. Алайда ауылға барып, ата-анама ескертіп, сосын келіп сені алып кетем деген жігіт сол кеткеннен хабарсыз кетеді. Қыз жалап-еңіреп қала береді.

 

Әсем оборт жасатпақ болады. Бірақ дәрігер іштегі шарананың 7 айлық болғып қалғанын ескерітп, бас тартады. Амалы таусылған қыз емші орыс кемпірге барады. Кемпір дәрі беріп жасанды толғақ арқылы босандырады. Бала тірі туылады. Кеш қарая кемпірдің үйінен шыққан Әсем мен Зағира сәбиді қала маңындағы зиратқа тастап кетеді.

 

Құлағына «Мама, мені неге тастап кеттің?!... деген дауыс келіп, Әсем түнімен көз ілмейді. Таң саз бере Әсем Зағираны оятып, баланы алып келуге зиратқа барады. Бірақ қос құрбы тастап кеткен жерден баланы таба алмайды.

 

Жаңа оқу жылы басталады. Бірақ Әсемнің ештеңеге зауқы болмайды. Сабаққа да бір барып, бір бармайды. Жатақханадан шықпайды. Ешкіммен сөйлеспей, қабырғаға қарап жатып алады.

 

Күндердің күнінде Зағира Әсемнің өз-өзімен сөйлесіп жататынын байқайды. Әлдекімнің атын айтып, кешірім сұрай береді. Бір күні Зағира сабақтан келгенде Әсемнің қуыршақ жасап алып, әлдилеп жүргенін көріп шошып кетеді. Әсемнің денсаулығы сыр бергенін білген Зағира құрбыларымен ақылдасып дәрігер шақыртады. Дәрігерлер ақылдан адасқанын айтып, әсемді алып кетеді....

 

alashainasy.kz/
 




Көрілген: 1852    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31