Мәңгілік деген не?

Мәңгілік деген не?

Мәңгілік ұғымы қайдан шықты және ол шын мәнінде нені білдіреді? Мына қағидатқа назар аударып қараңыз: егер мәңгілік деген ұғым бар екен, онда мәңгіліктің де болғаны ғой. Яғни, мәңгілік ұғымы ойдан шығарыла салған жоқ, оған негіз болған бір арқау бар. Дегенмен де, егер ақыл таразысына салып қарар болсақ, өзіміз өмір сүріп жатқан материалистік дүниеде мәңгілік ештеңенің жоқ екенін бағамдаймыз. Сонда мәңгілік ұғымы қайдан шықты?

 

Мәңгілік деген ұзақ мерзім бе?

Біз өмір кешіп жатқан материалистік дүниеде ең алдымен, уақыт өлшемі бар. Барлық жанды-жансыз заттарға тікелей ықпалын тигізетін қуат – уақыт. Уақыттан жеңілмейтін ештеңе жоқ. Қазақ «өзекті жанға бір өлім» дейді. Яғни, уақыты келгенде кез-келген пенде ажалдың ащы дәмін татады. Өлмейтін ешкім жоқ. Ал өлім тек адамға ғана қатысты емес, жан-жануарлар, аң-құстар, өсімдіктер, тіпті өзен-көлдер мен теңіздер, таулар, оны айтасыз Күн, Ай, Жер сияқты планеталар мен жұлдыздар – бәрі уақыты келгенде өшіп жоғалады.

Қазіргі адамзат баласының тарихы ары кеткенде 5-7 мың жылдықпен ғана шектеледі. Ең алғашқы адамзат мәдениеті мен мемлекеті орныққан қос өзен жағалауы, Таяу Шығыс елдері тарихынан осыны көруге болады. Ең ежелгі мемлекеттер саналатын грек, қытай, үнді мемлекеттері өз тарихын 2-3 мың жылдықтан алады.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: құрылғанына 3 ғасыр ғана болған әлемдегі ең құдыретті мемлекет – АҚШ енді 50 мың жылдан кейін өмір сүре ме? Тәуелсіздік алғанына 30 жылдай болған Қазақстан 10 мың жылдан кейін де бола ма? Бұл сауалға ақыл-есі дұрыс әрбір пенде: ЖОҚ –деп жауап қайтарары анық. Қисынға салып қарасақ: 10 мың жыл бойы өмір сүріп келе жатқан әлемде бір де бір ел жоқ екен. Яғни, бұдан мемлекеттің сонша уақыт өмір сүруі еш мүмкін емес деген ой қорытуға болады.

Ал енді мына сауалға жауап беріп көріңіз: енді 100 миллиард жылдан кейін Жер, Күн, Ай сияқты планеталар бола ма? Бұған да ақыл-есі дұрыс әрбір жан: ЖОҚ –деп жауап берері анық. Бүгінгі ғылымның мәліметінше біз өмір сүріп жатқан материалистік әлемнің пайда болғанына 25-30 миллиард жылдай өткен. Үлкен жарылыстан пайда болған аспан денелері ақырындап жыл санап суынып, бір-бірінен ұзап барады. Енді 20-30 миллиард жылдан кейін аспан денелері бір-бірінен қашықтап, суынып, содан кейін үгітіліп жоғалмақ. Одан әрі материяның сақталу заңы бойынша кеңістіккке таралған ұсақ бөлшектер өзара байланысқа түсіп, сығымдалып, қайтадан үлкен жарылыс болады да, әлем қайта жаралады. Осылайша, біресе жойылып, біресе пайда болатын аспан денелері өшіп-жаралып, тірлігін жалғастырады. Бұл – нақты дәлелденген ғылыми ақиқат емес, теория.

Осы жайларға қарап мынадай қорытынды жасауға болады: барлық жанды-жансыз заттар белгілі бір уақыт аралығында өмір сүріп, содан кейін жоғалады, яғни өледі. Бұл заңға бағынбайтын мына әлемде ешқандай жанды-жансыз зат жоқ. Яғни, мәңгілік ештеңе де жоқ.

 

Мәңгілік ұғымы қайдан шықты?

Егер фәни жалғандағы барлық жанды-жансыз заттар түгел жойылатын болса, онда мәңгілік ұғымы қайдан шықты? Енді мынаған ой жүгіртіп қараңыз: мәңгілік деген ұғым бар екен, онда мәңгіліктің де болғаны. Бұл – АҚИҚАТ. Ендеше мәңгілік қайда?

Веда ілімінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гита кітабында ұдайы пайда болып, жойылып отыратын мына материалистік дүниеден бөлек, ешқашан пайда болмайтын, жойылмайтын және өзгермейтін Жаратқанның мәңгілік мекені – Рухани әлемнің барлығы айтылады. Інжілде Рухани әлемді – Құдай патшалығы деп атаған.

Бһагавад Гитада тағы да: адам және жан-жануарлар Жаратқанның аралық қуаты екендігі айтылады. Яғни, адамның бойында екі түрлі қуат бар: біріншісі материалистік дүниеге байланған ет пен сүйектен тұратын өткінші – тәні де, екіншісі – Рухани әлемге байланған мәңгілік жаны немесе рухы.

Материалдық дүниенің табиғаты сондай – ол өткінші. Яғни, пайда болады, белгілі бір уақыт өмір сүреді, өзі сияқты тіршілікті жаратады және қартайып, ақырсында өледі. Бұл барлық жанды мақұлықтарға ғана емес, жансыз денелерге де қатысты. Мәселен, аспан денесі саналатын Жер сияқты планета пайда болды, біраз уақыт өмір сүрді, содан кейін бөлшектеніп, бірнеше аспан денесіне айналуы мүмкін, ал ақырсоңында өшіп жоғалады. Ай, Шолпан, Марс сияқты планеталардың бәрі де өз кезегінде басқа бір аспан денелерінің құрамында болған, содан кейін бөлініп, жеке денеге айналған. Күн сияқты алып жұлдыздар ақырындап бөлшектеніп, айналасында шағын планеталар мен астеройдтар түріндегі аспан денелерін түзеді. Өзіміз көріп жүрген Арал теңізі тартылып, бірнеше көлге айналды.

Бұндай өзгерістер пен сүйектен жаралған адамдарға да қатысты. Ер адам мен әйелдің жақындығынан бала дүниеге келеді. Осылайша, бір адамнан бірнеше жан пайда болады. Олардың бәрі өз беттерінше жеке өмір сүреді. Қартаяды, сосын өліп жоғалады. Бұл – материалдық дүниенің айнымас мәңгілік заңы. Яғни, материалдық дүниенің табиғаты – ӨТКІНШІ.

Материалдық әлемге қарама-қайшы Рухани әлемде бәрі МӘҢГІЛІК. Осыған орай, Бһагавад Гитада Жаратқан тіршілік иелерінің өмірінің мәні – туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналып жүретін өткінші фәни дүниеден мәңгілік Рухани дүниеге өту екендігін айтады. Адам баласы мына фәни жалғанда бәрінің өткінші екендігін санасымен түйсініп, Жаратқанға жүзін бұратын болса, Аллаға беріле құлшылық ету арқылы мәңгілік мекен – Рухани әлемге орала алады. Бұл – АҚИҚАТ.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста