Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды" – видео

  • Маңғыстауға барған америкалық туристердің

    Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды" – видео

Бозжыра шатқалына барған туристер ерекше құбылысқа куә болған. Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына барған америкалық туристермен қатар жергілікті тұрғындар да таңғалды. Олардың бәрінің шашы тікірейіп кеткен, деп хабарлайды Lada.kz.



Мамандар бұл құбылыс ауаның электрленуінің әсерінен болғанын айтады. Бірнеше жыл бойы Маңғыстау өңіріне экспедиция ұйымдастырушы Сергей Хачатрян мұндайды бірінші рет көрген екен.


"Бұл жолы Бозжыра шатқалына америкалық туристерді әкелген едім. Ең биік нүктеге көтерілген кезде түсініксіз жағдайға тап болдық. Қолымызды көтерген кезде бір нәрсенің сатыр-сұтыр еткен дыбысы естілді. Тоқтың дыбысына ұқсайды. Бұдан соң бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды деп айтуға болады", - деді Сергей Хачатрян.


Физиктер мұндай құбылыс таңғаларлық жағдай емес деп отыр.


"Жердің өзінің заряды болады. Бұл жолы күн бұлтты, ауа ылғалды болған. Сондықтан ауа мен жер қуаты түйісті", - деді геолог-геофизик Геннадий Тарасенко. 




Көрілген: 4008    Пікірлер: 0

сенбі, 01.06.2019, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30