Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мистика: Жүкті әйел шашын қиса не болады?

  • Мистика: Жүкті әйел шашын қиса не болады?

    Мистика: Жүкті әйел шашын қиса не болады?

Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.


Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi. Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, өскенде өсекшi болады. Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.


Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.


Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.


Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.


Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.


[????] Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.


Балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.


“Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.


Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгiсi.


Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, тәуiр болып кетедi.


????Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.


Әйел итке тас лақтырса – үйдiң ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.


Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.


Жеңiлтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.


Келiн атасы мен енесiнiң төсегiне отырмайды.


Толғағы қатты болады деп екiқабат келiншекке толарсақ жегiзбейдi.


Жас босанған әйел 40 күнге дейiн қолын суық суға малса – баласы тас бауыр болады.


Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.


Сәбидiң тiлi мезгiлiнде шықпаса – нағашысының үйiнен апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.

Қатты тиседе ащы шындық тобынан алынған сенбесңіз кіріп көріңіз...


reactor.inform.kz




Көрілген: 1665    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31