Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мүлде ұйықтамайтын адамдар

  • https://rg.ru/

    https://rg.ru/

Адам баласы өзінің бүкіл ғұмырының үштен бірін ұйқымен өткізеді. Яғни, өмір сүру жасының ұзақтығына қарай (75-90 жыл өмір сүрген адам) адам 25-30 жыл ұйқыда болады екен.

 

Негізі ұйқы күндіз жоғалтқан күш-қуатты қалпына келтіру үшін қажет. Яғни түнде дұрыс ұйықтамаған адам күндіз толықтай жұмыс атқара алмайды, тез шаршауды сезінеді. Мұндай құбылысты көпшілігіміз өз басымыздан да өткізген шығармыз. Бүгін «Алаш айнасы» газеті «Отбасы-ошақ қасы» айдарында ұйықтамайтын адамдар жайлы айтатын болады.

 

Дәрігерлердің айтуынша, адам баласы екі аптадан артық ұйқысыз өмір сүре алмайды. Олардың пайымдауынша, қалыпты ұйқы ересек адам үшін күніне 7-8 сағат, ал сәбилер мен балаларға 9-10 сағат.

 

Қартаймайтын адам

 

Германияның Галле қаласында тұрады Яков Циперович деген азамат 1979 жылы қатты уланып, клиникалық өлімге тап болады. Негізінен клиникалық өлім 5 минутқа созылады. Алайда, Яков клиникалық өлім жағдайында шамамен бір сағат жатқан. Клиникалық өлімге тап болып, қайта тіріліп, қалыпты өмір сүретіндер көп. Алайда клиникалық өлімге тап болған кей адамдар оянғанда ерекше қабілетпен не түсініксіз күймен оянады. Сондай адамның бірі – Яков Циперович. Ол қайта тірілген соң ұйқысыздыққа душар болған. Ол тіпті жатып тыныға да алмайтын болған, өйткені жатса оны беймәлім күш жоғары қарай лақтырып тастайды екен. Ал дәрігерлердің мұндай құбылыстың алдында дәрменсіз екенін мойындаудан басқа амалы қалмаған.

 

Шығыстық медитациялармен жақын танысып, 1995 жылдан бастап ол йогамен айналыса бастайды. Нәтижесінде күнінен 2-3 сағат көз ілуге мүмкіндік алады. Бір қызығы, осы жылдары Яков Циперовичтің сырт келбеті мүлде өзгермеген. Бүгінде оның оның жасы 50-ден асқан. Алайда оның келбетіне қарап жиырма бес жасар жігіт деп ойлайсыз.

 

Тағы бір таң қаларлығы 1979 жылғы клиникалық өлімнен кейін оның дене қызуы 34 градустан көтерілмей қойған. Бүгінгі күні оның келбетінің жас қалпында сақталуын зерттеуші-мамандар осы төмен температурамен байланыстырады.

 

40 жыл ұйықтамаған жауынгер

 

Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан венгрлік жауынгер Поль Керн қан майданда ержүректілігімен ерекше көзге түседі. Соғыста ол басқарған ротаның сарбаздары түгеліміен қырылады, алайда ол тайсалмастан ұрысты жалғастыра береді. Осындай ерлігі үшін Поль Керн «Батыр» атағы мен түрлі марапаттарға ие болған.

 

Тағы бір шайқаста Поль жарақат алады. Самайдан тиген оқ мидың жарты бөлігін зақымдайды. Маңдай сүйектен түк қалмайды. Негізі мұндай жарақаттан адам тірі қалуы мүмкін емес еді. Алайда, Поль Керн аман қалады. Ал дәрігерлер оның аман қалғанына таң қалысып, оған ешқандай түсінік бере алмайды. Бірақ жарақатынан айыққан соң ол ұйқысыздық ауруына шалдығады.

 

Мұндай күйге тап болған Поль Кернді дәрігерлер мұқият тексереді, алайда оның себебін анықтай алмайды. Дәрігерлер науқасқа әртүрлі ұйықтататын дәрі де берген, бірақ ешқандай дәрі әсер етпеген. Бір қызығы ол ұйықтамаса да шаршауды сезінбеген. Поль Керн 40 жыл бойы ұйықтамай, 1955 жылы қайтыс болған.

 

Ал, Оңтүстік Американың Сьюдаддель-Кабо қаласының тұрғыны 281 сағат 55 минут ұйқысыз жүрген.
Дерек

 

Мамандардың зерттеуінше, АҚШ-тың әрбір үшінші, Англияның әрбір төртінші, Францияның әрбір бесінші тұрғыны қалыпты ұйықтамайды екен.. Сондықтан ол елдерде ұйықтататын дәріге сұраныс жоғары. Ондай мемлекеттердің көшін АҚШ бастайды. Ал Англияда дәрігерлер жазып берген барлық рецептердің 10 пайызы ұйықтататын дәрілерге тиесілі екен.

 

 

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 1315    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31