Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мысық елесін құшақтаған жігіт

  • © el24.kz

    © el24.kz

Жұмыстан шаршап келген Еркін тақтаға жата кетіп еді, қалғып кетіпті. Бір кезде құлағына еміс-еміс асқа шақырған әйелінің дауысы естілді. Дәлізге шыққаны сол еді, аяғына мысығы орала кетіп жүруіне кедергі жасаған соң, оны қолына алған. Бірақ мысығы бауырына жабысып, кеудесін тырналап ерсі қылық танытқанына таңғалып қалды. Дәліздің жарығы күңгірт болған соң ба, тарғыл мысығының түсі күлгін болып көрінді.


Осы кезде әйелінің:


- Асқа неге келмей жатырсың? - деп ренжіген даусын естіп:


– Мысықты ойнатып отырмын, – деді Еркін.


– Сен не айтып тұрсың? Мысық кілемде пырылдап ұйықтап жатыр, - деді зайыбы.


– Айтады екенсің, мысық қолымда тұрса, ол қайдан кілемде жатады,- деп асханаға кірген Еркінге әйелі таңырқай қарап:


– Е, бәсе, мысығың әне жатыр, – деп кілемнің үстінде керіліп жатқан мысықты көрсетті. Еркін аң-таң болып біресе қолындағы, біресе кілемде жатқан мысығына қарайды «Бұл қалай, әлде қолымдағы мысық көрші үйдің мысығы болғаны ма?» деп ойланып қалған еді:


* Сен тағы елестерді көре бастағансың ба? - деген әйелінің даусын естіп селк етті түсті. Не дерін білмеген Еркін:


– Жо-жоқ! Бірақ қолыма күлгін түсті мысықты ұстап тұрмын, – деді күмілжіп.


– Әй, қолыңда мысық түгілі оның көлеңкесі де жоқ!? – деген әйелінің дауысы құмыға шықты.


– Ә, солай ма, ендеше уайымдама, – деп әйеліне басу айтып, далаға беттеген, осы кезде кілемде жатқан мысығы да жонын күдірейтіп Еркіннің қолында жатқан мысыққа айбат шегіп еді, «елес мысықта» жүндерін үрпитіп, тістерін ақситқаны ғой. Жүрегі өрекпіп кетті. Ол қолында жатқан мысықтың «тылсым дүниеден» келген «елес мысық» екеніне шүбәсі қалмады. Далаға шығысымен Еркін айбат шегіп тұрған мысыққа «Бар өз әлеміңе, енді мені мазалаушы болма» деп Құранның қасиетті дұғаларын оқи бастап еді «елес мысықтың» мысы басылып, көзден ғайып болғаны. Содан көңілі сабасына түскен Еркін «Үздіксіз құлшылығым, отбасымды жынның иектеп алмауына жол бермей жүр екен ғой» деп Тәңірге шүкіршілік етті.


Ерсін Ерғалиев


el24.kz




Көрілген: 1377    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 09:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31