Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Нумеролог сиыр жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

  • https://www.facebook.com/

    https://www.facebook.com/

Мәңгіге тарих қойнауына енген 2020 жыл адамзаттың есінде COVID-19 пандемиясымен есте қалары сөзсіз. Жер жаһанды құрсаулаған індет халықты әбден титықтатты. Қай-қайсысы болсын, 2021 жылдан тек жаңа бақыт, жақсы жаңалық күтеді.

 

 Осы орайда белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы сандарды "сөйлетіп", сиыр жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын болжады.

 

Адамдар кәсіпке бет бұрады

 

Құралай Бақытқызының айтуынша, нумерология бойынша 2021 жылдың саны &ndash 5. Ал бұл &ndash өзгеріс, ескі жүйені бұзып, жаңалық әкелетін сан.

 

"Тышқан жылы халқымызға оңай соққан жоқ. Коронавирус індеті адамдардың тұрмысына қатты әсер етті. Көбі күнделікті табысынан қағылып, үйде жұмыссыз отырып қалды. Сол себепті келесі жылы әр адам өз мүмкіндіктерін бағалап, кәсіпке бет бұра бастайды. Былайша айтқанда, "старт" нүктесін алатын жыл, жаңа дәуір басталады. Адамдар өзін-өзі рухани жетілдіруге, дамытуға ден қояды. Елде шағын бизнес қарқынды дами түседі", - деп болжады маман.

 

Осы орайда нумеролог жаңашылдыққа, өзгеріске ұмтылмайтын жандарға өзін-өзі дамытуға, түрлі оқу курстарына жазылуға кеңес берді.

 

Сондай-ақ, ол сиыр жылын ескі стереотиптер бұзылатын және сараптау жылы деп атады.

 

"Биыл елімізде волонтерлер жылы деп жарияланып, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсетілген еді. Бұл игі іс келесі жылы да жалғасын табады. Дағдарыс орталықтары, адамның құқығын қорғайтын орындар көптеп ашылады деген болжам бар. Көпбалалы аналарға арналған бағдарламалар қабылданады", - дейді Құралай Бақытқызы.

 

Сиыр жылы кімдерге сәттілік әкеледі

 

Нумерологтың айтуынша, туған жылы 0 және 1 сандарына аяқталатын адамдар үшін сиыр жылы &ndash сәтті жыл. Келесі жылы бұл адамдардың айы оңынан туып, сәттілік серігіне айналады. 

 

Бұдан бөлек, сиыр жылы дүниеге келгендерді де тосын сыйлар күтіп тұр. Бойдақтар махаббатын тауып, шаңырақ көтеруі мүмкін. Құралай Бақытқызы сиыр жылы туғандарға мүшелге кіретіндіктен, денсаулығына мұқият болуға кеңес берді.

 

"Жалпы 5 саны ұшқыштар мен саяхатшыларда жиі кездеседі. Яғни, бұл сан тұрақтылықты білдірмейді. Осыған байланысты жаңа жылдан кейін көп адам жұмыс орнын ауыстырғысы келеді. Ел-елді, жер-жерді аралап, жаңа дүниелерге қызығушылығы оянады, үнемі ізденіс үстінде жүреді", - дейді қазақстандық маман.

 

"Сиыр &ndash үй жануары, оның тұрақты "баспанасы" бар. Сол себепті 2021 жылы адамдардың көбі баспаналы болады деп ойлаймын", - деп толықтырды ол.

 

Нумерологтың болжамынша, үкімет халықтың төмен пайызбен үй сатып алуына жағдай жасайды.

 

Сонымен бірге, айтуынша, 2021 жылы патриот, қоғамдық істерге белсенді араласатын, күш-қуаты мол, елдің іргесін қалайтын азаматтар дүниеге келеді.

 

Құралай Бақытқызы 2021 жылды "әділетті жыл" деп атады. Саясатта ешқандай өзгеріс күтіліп отырған жоқ. Тек сәуір және қазан айларында халық наразылық білдіреді деген қауіп бар.

 

"Сиырдың еті мен сүті бізге тамақ екенін білесіздер. Сондықтан келе жатқан жыл табысты болады деп ойлаймын", - деді ол.

 

Індет тоқтай ма

 

Биылғы жыл адамзаттың есінде коронавирус пандемиясымен есте қалары анық. Бәрі де әлемді әбігерге салған індеттің тез арада тоқтағанын қалайды.

 

"2021 жыл пандемия толығымен аяқталады деп айта алмаймыз. Жаңа қауіп-қатер де шығуы мүмкін. Өйткені 5 күтпеген оқиға, өзгеріс, тосын сый әкелетін сан. Жақсы не жаман екенін білмейміз, әрине. Ал жалпы Қазақстанды жеке қараған кезде, екі жыл қатарынан денсаулықты күту керек сандар түсті", - дейді Құралай Бақытқызы.

 

Нумеролог 29 маусымнан кейін ел экономикасы мен денсаулық саласында жағымды жаңалықтар болатынын атап өтті.

 

Нумерологтан кеңес

 

Маман қазақстандықтарға денсаулық жағынан кеңес берді. Айтуынша, келесі жылы аяқ, сүйек, тыныс алу мүшелері әлсіз болады. Сол себепті оларды ерекше күтіп, етті көбірек жеген жөн.

 

Сонымен қатар, ол азаматтарды сиыр жылында Батыс елдеріне саяхаттап, демалуға шақырды. Өйткені 2021 жылдың энергетикасы Батыспен байланысты, ол жаққа барған адам күш-қуат жинап, шабыттанып, энергия алып келеді.

 

Оның айтуынша, келесі жылы адамдардың рухани дамуына да көңіл бөлген абзал.

 

Бұдан бөлек, Құралай Бақытқызы ауыл шаруашылығын дамытуға кеңес берді. Құрылысқа қарағанда, бұл саланың экономикаға берері мол деп санайды маман.

 

2021 жылдың стихиясы металл болғандықтан, Жаңа жылды сұр, алтын, жылтыр, металл түстес киімдермен қарсы алған дұрыс.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 8187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31