Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүниеде болып қайтқан әйел тозаққа "саяхаты" жайлы айтып берді

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

Әйел есірткіден уланғаннан кейін клиникалық өлімді бастан өткеріп, осы сезімімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Express- ке сілтем беріп хабарлайды.

Франсин (Francine) есімді науқас тозаққа саяхат жасағанын айтты. Ол бастан өткергені жайлы клиникалық өлімнен кейінгі тәжірибені зерттеу қорына жазған.

"Мен денемнің үстіңгі жағынжа жүзіп жүрдім, олардың мені тірілтуге тырысқанын байқадым. Күтпеген жерден мені қорқынышты мақұлықтар қоршап алды, оларды "пиғылы нашар періштелер". Олар ұйқасты түрде: "жарықтан қараңғылыққа" деп айтым жатты. Қалған жолдары есімде жоқ", - дейді ол.

Франсиннің айтуынша, қараңғы денелер әйелден түк қалмайынша парша-паршасын шығарған.

"Біз аурахана залдары мен шатыр үстіне қарай ұшып жүрдік. Содан кейін мен тозаққа түстім, арқа жаттым. Мен басқа рухтардың жанайқайын естідім. Жауыз мақұлық мені тергеп жатты және бұл уақыт мәңгілікке созылғандай болды", - деп түсіндірді әйел.

Франсистің айтуынша, басында ол өте қатты қорыққан, содан соң жындарды тыңдауын доғарып, өзін босатуын сұраған.

"Оларға Иса сенгенімді және ол маған мұндай қиянат жасамайтынына сенімді екенімді айттым. Содан кейін мен тозақтан шығып кеттім", - дейді ол.

Содан кейін қара пейілділер Франсиске бүкіл өмірін көз алдына келтіріп, жасаған қателіктерін көрсеткен.

"Бұл соншалықты егжей-тегжейлі көрініс болды, тіпті менің басқа адамға дұрыс қарамаған сәттерімді де көрсетті. Менің жүріс-тұрысым басқа адамды ренжіткен тұстарды көрдім, маған басқа адамдарды көбірек жақсы көруім керектігін жеткізді", - дейді клиникалық өлімді бастан өткерген әйел.

Соңында әйел өзін анасының құрасығында сезінді. "Мен туғанға дейін тыныштық болды. Маған әлемнің қатігез екенін еске салды, мен туғанда дәрігер: "міне, тағы бір кішкентай жезөкше" деп ойлаған. Осыдан кейін мен неше түрлі өмір сүрдім, өліп, қайта тірілдім. Бұл шексіздік нағыз тозақ болды, мен оны тоқтатқым келді", — дейді Франсин.

Кейбір зерттеушілер науқас сипаттаған жағдай қалыпты құбылыс екенін айтады және мұндай тәжірибе адамның жұмақты, тозақты немесе өлімнен кейінгі өмірді көргенін білдірмейді. "Бұл ми өзін сканерден өткізуі кезінде пайда болады", — дейді Нью-Йорктегі Лангон медициналық мектебінің реанимация және өмірге оралу жөніндегі зерттеу директоры дктор Сэм Парниа.




Көрілген: 1336    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31