Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүниеден оралғандар

  • https://vse42.ru/

    https://vse42.ru/

Бұл оқиғаны мен бұрынырақ інімнен естіген едім. Асылбек (аты өзгертілген), барша пенделер қатарлы, социализм дəуірінің салтымен мешіттен шеттеу, «ағекеңе» жақындау өмір сүрген еді.

 

Күндердің бір күнінде кəдімгідей қызмет істеп жүрген азамат аяқ астынан басын сəждеге қойып, намазға жығылғанда, талай жұрт бұл ісіне таңданысын жасыра алмады. Сол кезде Аллаһ жолына қалайша бет бұрғанын Асылбек жақын досының біріне айтып берген екен. Мен де бұл əңгімені сіздерге сол естіген қалпымда айтып жеткізбекпін.

 

Бірде араққа сылқия тойып алған Асекең үйіне кеш оралса керек. Келіншегі балаларды қасына алып, төргі бөлмеде жатып қалған екен. Асекең келген бетте қонақ үйдегі диванға қисая кетіпті.

 

Түннің бір уақытында жаным қатты қысылып, ұйқыдан оянып кеттім. Ышқынып, көрші бөлмедегі әйелімді шақырмақшы болып едім, дауысым шықпады. Қимылдауға әл-дәрменім жоқ, қолдарымнан жан кетіп, бар күшімнің жеткені сол, аяғыммен диванды тепкілеген болдым... Жанталасып жатып, бір мезетте төбеде қалықтап жүргенімді бір-ақ сездім. Айналама қарасам, сол өзімнің бөлмем, мен жатқан диван. Диванда көзі аларып, тісі ақсиып денем жатыр... Сол сәт аяқ астынан үстері аққа оранған екеу пайда болды да, әй-шайға қаратпай, мені қолтықтап ала жөнелді. Қалықтап үйдің үстіне көтерілдік. Бәрін де танып келем. Менің үйім, көшем. Біз тұратын аудан, артта қалып бара жатқан қалам. Қала отқа оранып, самаладай жарқырап тұр. Біздер көкке көтерілген сайын жылдамдықты үдетіп, зымырап барамыз. Сол алған бетімізбен шырқау биікке көтеріліп, бір кезде қайта жерге қарай құйындаттық. Бірақ қара жерге емес, толқын атқан ұлан-ғайыр мұхит айдынына күмп беріп түсіп кеттік. Мұхиттың шыңырау түбіне түсіп, бір ұзыннан-ұзын созылған ғимараттардың ішіне ендік. Іші мен сияқты бейбақтарға лықа толған. Біраздан соң біздерді іріктеп, сыртқа шығарды. О, тоба, мұхиттың түбі қираған кемелер мен адам затының лақтырған қоқысына тола екен. Бәрімізге сол қоқысты сыпыртып қойды. Мана қиналып жатып, денемнен ажырағалы бір зіл батпан басып, қиналып жүр едім, мұхит түбінде тіпті шыдамастай халге түстім. Сол кезде атамның «Балам, қатты қиналған кездеріңде оқып жүр» деп, бала күнімде үйреткен аяттары есіме түсе кетті. Дұғаларды бірнеше мәрте қайталағанымда, өзімнің біраз жеңілдеп қалғанымды сезіндім. Сол сәт баяғы екеу қасыма жетіп келіп, мені қайта қолтықтай сап, жоғары ала жөнелді. Келген ізімізбен алдымен көкке көтеріліп, іле зымырап төмен құладық. Кері санақтай, тағы да сол туған қала, аудан, көше, үйім. Қайта төбеден ендік те, ол екеуі мені сылқ еткізіп, диванның жанына тастай салып, көзден ғайып болды. Арада қанша уақыт өткені беймәлім, бірақ денем сол баяғы күйі, көзі аларып, тісі ақсиып диванның үстінде көсіліп жатыр. Бір кезде еденде жатқан мен, сұйық күйге ендім де, жансыз денеме мұрын арқылы құйылып барып, есімді жидым. Міне, мен осылайша о дүниенің есігін ашып қайттым,&mdash деп, Асылбек өз әңгімесін аяқтапты.

 

 

Екінші әңгімені мен сексеннің сеңгірінен асқан Сыр өңіріндегі Жосалы ауылының тұрғыны, анамыз Дәмелі Айдарханқызының өз аузынан естіген едім. Данагой анамыз осыдан біраз жыл бұрын көрші ауылда тұратын бір жақынының қазасы жайлы суыт хабар келгенін айтады. Тума-туыс көңіл айтпаққа жиылып жатқанда, &ldquoжоқ, өлмепті, қайта тіріліпті&rdquo деген хабар тағы да жеткен екен. Жұрт аңтарылып, &ldquoмұнысы қалай, мұндайды ойынға айналдырушы ма еді&rdquo деп таң-тамаша қалыпты. Осылайша ойлары сан-саққа кетіп, дал болып отырған кезде, «қайтыс болыпты» деген хабар қайта жеткен екен. Содан жиылған жұрт ақылдасып, не де болса барып қайтайық, тірі болса, көптен бері төсек тартып жатқан адамның көңілін сұрармыз, қайтқаны рас болса, көңіл айтармыз деп ұйғарып, жолға шыққан екен. Барса, есіктің алды қараң-құраң халық, үйден жоқтау естіліп жатыр... Е, қайтыс болғаны рас екен деп, келген жұрт дауыс шығарып, үйге еніпті. Үй иелерімен көрісіп, мауқын басқан соң, Дәмелі анамыз манадан бергі түйткілді сейілтпек болып, отырғандарды әңгімеге тартқан екен. &ldquoОсы бүгін бізге бірде туысымыз қайтыпты, содан соң тіріліпті деген хабар келіп, дал болдық, мұның мәнісі не?&rdquo, деп сұрапты. Сонда үйдегілер: «Өлгені де рас, қайта тірілгені де рас»,&mdash деп жауап беріпті. Бүгін таңда үй иесі қатты қиналып, біраз уақыттан соң көз алдымызда үзіліп кетті. Біз улап-шулап, есімізді жиған соң, жан-жаққа хабар айта бастадық. Бір кезде еденге жатқызып қойған дене қозғалып, көзін ашты да: «Уф!» деп, көтеріліп отырды. Жан біткен адам су сұратып, бір тостаған суды дем алмастан қылқытып, есін әбден жиған соң, зәре-иманы қашқан жұртқа басынан өткен жайды әңгімелеп беріпті. «Мен о жаққа барып қайттым, мен секілді дүние салғандардан аяқ сүрінеді екен. Онда да кезек бар екен, сенің бірер сағат ғұмырың бар, ертерек келіпсің деп, мені қайтарып жіберді. Бірақ алысқа ұзамасын деп, аяғыма ақ матадан тұсау салып жіберді», &mdash деп, аяғын нұсқапты. Жиылған жұрт &ldquoкөзімізге ешнәрсе көрінбейді, аяғыңда түк жоқ қой&rdquo десе, ол: «Қалайша көрмейсіңдер, әне, аяғымды шандыған ақ мата мені қозғалтпай жатыр емес пе?» &mdash деп, көрмегендеріне ренішін білдіріпті.

 

Сонымен арада біраз уақыт өткен соң, жақындарымен түгел бақұлдасып, қоштасқан жарықтық, ақтық демін алып, о дүниеге анық аттанып кеткен екен.

 

 

Автор: Маруана Хамзақызы (Заман Қазақстан)

 




Көрілген: 4409    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31