Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүниенің барына сендім

  • © earth-chronicles.ru

    © earth-chronicles.ru

Дінді аяқасты қылған КССРО мемлекеті күйреп тынды. Сүйтіп халқымыз армандаған тәуелсіз Қазақ елі құрылып, коммунистер мансұқтаған мұсылман діні елімізде лайықты орнын алды. Көкірегімізде 70 жыл қатпарланған діни сауалдарымыздың да жауабын таптық. Әсіресе, барлық адамзатты толғандырған о дүниенің барлығы Құранда толық баяндалса да, ахиреттің жоқтығына шүбәләну, Құранның қасиетіне нұқсан келтіретін.

Ал өз басым о дүниенің барлығына шүбәсіз сенуіме төменде баяндалған тылсым уақиға себеп болған еді:

 

- Анам Гүлбаһром, ауыр науқастан фәниден бақилыққа озды. Анамды соңғы сапарға шығарып салуға келген қаралы топпен бірге ауыл шетіндегі қорымға қарай бет алдым. Шілде айы. Аспанда бір шөкім бұлт жоқ, күн шайдай ашық. Күн нұрын аямай төксе, айнала табиғат та, менің қайғыммен ортақтасқандай еңсесі түсіп маужырып тұрған болатын. Табиғаттың осы ғажайып құбылысымен жан дүнием тұтасып, күйзеліп келе жатсам, денеме жаңбыр тамшылары тамып өтті. Шайдай ашық аспанға көз салсам, дәл төбемде бір ақ шөкім бұлт қалықтап тұр. Мен бұл тосын жағдайға таңғала қарап «қараңдаршы, төбемде қалықтап тұрған ақ шөкім бұлттан маған жаңбыр тамшылары тамып өтті», - дедім достарыма.

Олар аспанға көз сүзе қарап «не деп тұрсың?» дегендей маған күдіктене қараған соң, үнсіз ғана төбемде қалықтап тұрған шөкімдей ақ бұлтқа таңқала қараумен болдым. Анамды жер қойнына беріп, жас қабірдің басында, қабырғам қайысып, қалың ойда отыр едім, тәніме тиген жаңбыр тамшыларынан селк етіп, шайдай ашық аспанға көз салсам, қол созым жерде манағы ақ шөкім бұлт қалықтап тұр. Зер сала қарасам, сағым сияқты бұлдыраған ақша бұлт. Мен бұл құбылысқа қайран қалдым. «Бұл не ғаламат, әлде тылсым дүниесінен қалықтап келген анамның рухы ма?» деген оқыс ой жан-дүниемді астаң-кестең қылды. Бір уақытта денемді ақша бұлттан тамған тамшылар ұрғылай бастады. Содан көзімнен аққан жас па, әлде жауған жаңбырдың тамшылары ма (әлде анамның көз жасы ма) жүзімді жуып кетті. Көңілім босап «О, Анашым, ержеткен соң, бар дүниенің жақсылығын сізге сыйлап, бақытты жүзіңді көрем деп армандаушы едім. Бірақ, сұм ажал бұл тәтті үмітімді үзіп кетті. Не істейін, ағат кеткен жерлерім, балалықпен көңіл бөлмей кеткен кездерім болса кеше гөр», - деп көкірекке кептеліп келген жас тамшылары анамның топырағы кеуіп үлгермеген қабіріне тамып жатты. Сол кезде төбемде қалықтап тұрған ақша бұлт та, менің айтқан сөзімді естігендей қалықтай-қалықтай көк аспанның тұңғиығына сіңіп бара жатты... Қазір анамның басына барсам, міндетті түрде көк аспанға көз салып, шөкімдей ақша бұлтты іздеп тұрамын...

Ерсін Ерғалиев
qamshy.kz/




Көрілген: 2282    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31