Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Өлі адамдармен, періштелермен сөйлесемін": 35 жастағы әйел өзін мыстан кемпірмін деп таныстырды

  • "Өлі адамдармен, періштелермен сөйлесемін": 35 жастағы әйел өзін мыстан кемпірмін деп таныстырды

Алматы тұрғыны 35 жастағы Ханша Сейітнұр. Ол тылсым күшті бойына сіңірген нағыз мыстан. Ол жан-жануардың тілін түсініп, өлген адамдармен де сөйлеседі. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

 

"Қазақтың әңгімелерінде мыстан кемпір, диуана деп жатады. Ол менмін. Бізді жаман жағынан жазады. Бірақ біз ондай жаман адамдар емеспіз. Адамдардың сұраққа жауап таппаған уақытта, бір проблеманы шешу керек болғанда, біз жауап береміз", - дейді ол.

Ханша тек тұнде ғана қызмет етеді. Таң атқанда терезесін тұмшалап, тәп-тәтті ұйқыға кетеді. 

Қалың қараңғыда бейіт басына барып, тың тыңдайды. 

"Менің жасым 4 рет дүниеге келген. Егер менің барлық жасымды қосса, қазір мен 90 жастамын. Қағаз бойынша жасым 35-те. Анам мен әкем мен өмірге келмей тұрып қалаға келіп, пәтер іздейді. Қалада екі орыс кемпірдің үйіне келеді. Олар мыстан кемпірлер еді. Әке-шешемнің келетінін, менің өмірге келетінімді білді. Оларға қыз бала керек еді. 5 жасымнан бастап маған тылсым дүниелер, марқұм болған адамдар келе бастады. Мен ол кезде дайын емеспін деп қашатынмын", - дейді Ханша. 

Ханшаның анасы Шара Ыдырысова қызы жайлы бір естелігін айтып берді. 

"Менің анам 4 жыл төсек тартып жатты. Ұзақ жатты. Кезектесіп қарайтынбыз. Әр кезде өмірден озып кете ме деп жүрдік. Сол кезде қызым Ханша "уайымдамаңыз, ол боранды, қарлы күні емес, жылы уақытта, жаймашуақ уақытта өмірден өтеді деді. Айтқанындай болды. Анам дәл қызым айтқан күні өмірден озды", - деді анасы.

Ханша бала күнінде зиратқа көп баратын болған. Себебі, зират басында жаным жай табады дейді. 

"Маған өлі адамдар келеді. Біз өзара сөйлесеміз. Олар маған қиналып жатқанын айтады. Туысқандарына бар дейді. Қиналып жатқанын айтып, көмек сұрайды. Мен оларды сабырға шақырып, аспанға жіберемін. Өзім реттеймін деп сендіремін де, туыстарының түсіне аян болып кіремін. Олар сосын құран бағыштайды", - деді Ханша. 

Ханша бағдарламаға өзі хабарласқан. Алматының таулы бөктерінде тұратын ол бойында тылсым күштердің барын дәлелдеуге тырысты. 

"Мен түнде ғана шығамын. Біз түнде ғана жүреміз. Мен бетімді жауып жүремін. Періштелерден бетімнің бір жағын қисайтып беруді сұрадым. Себебі, жасырын жүргенді қалаймын. Біз 55-58 келі салмақпен жүруіміз керек. Өйткені, жанымыз кіріп, шығып тұрады", - дейді Ханша. 

 

 




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31