Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Өлгендер түсіме кіреді": Бизнесмендерді өлтірген киллер әйел

  • Көрнекі сурет: timeskz.kz

    Көрнекі сурет: timeskz.kz

Шымкенттегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдің әңгімесі қазнетте кеңінен таралып жатыр. Отырар арнасына сұхбат берген ол ұлын ауыр дерттен емдеу үшін үш адамды атып өлтіргенін айтты. Бүгінда аса ауыр қылмысы үшін 28 жылға сотталған қылмыскер түрмедегі 16 жылын өткізіп үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Қанды қылмыстарға барған кейіпкер үш адамды атып өлтіруінің себебін жасырған жоқ. Ол ауыр сырқатқа ұшыраған ұлын емдеу үшін амалсыздар осындай қадамға барған.

 

«Адам өлтіруіме ашкөздігім мен ақшаға мұқтаждығым себеп болды. Ұлымның отасына қаражат керек болды. Бірінші отаған ақша таптық, ал екіншісіне 300 мың еуро қажет еді. Күйеуіміз екеуміздің ұсталатынымды білдім, бірақ ұлымды құтқару үшін қандай қадам болса да бас тартпадым. Осы уақыт аралығында күйеуіммін бірге бизнесмендерді өлтіруге тапсырыс алдық», - дейді ол.

 

Жасы елуге таяған кейіпкер өз қолынан қаза тапқан марқұмдарды қалай өлтіргенін де ұмытпаған.

 

«Бірінші құрбанды табиғат аясында атып өлтірдім. Кейін өзіммен өзім қалғанда менде нағыз қиындық басталды. Бірақ бәрі де кеш еді. Ақша үшін өлтірсем де, мені киллер деп ешкім ойламайтын. Қаруды қара базардан сатып алып, тапсырысты делдалдар арқылы қабылдадым. Бір жылдан соң екінші құрбанымды өкпесінен атып өлтірдім. Ол ер адам еді, үйінен шығып келе жатқанда аттым. Үшінші құрбанды подъезде атып, о дүниеге аттандырдым», - дейді ол.

 

Әйелдің айтуынша, әке-шешесінің мұндай сұмдық әрекеттері туралы науқас ұлдары мүлде білмеген.

 

Ал адам өлтірген соң ары тыныштық бермеген күйеуі үш жылдан соң полицияға беріледі.

 

«Түрмеге түскен соң, үш күн ұйықтадым. Бұл нағыз азап еді. Демала алмадым. Өзім өлтірген адамдар түсіме кіре береді. Түрмеде ұзақ отыратынымды білдім, бірақ бұл менің ар алдындағы азабымды кішкене де болса азайтады. Кейін ұлым да жағдайды естіді. Үкімді оқығанда ол шок алды. Ал бізді сот залына әкелгенде өліп қала жаздадым. Бұл ешқашан ұмытылмайды. Менің өмірімнің соңғы сәтіне дейін естен кетпейтін нәрсе. Мұнымен өмір сүру керек», - дейді ол.

 

Әйелдің сыбайласы болған күйеуі 26 жылға, киллер әйел 28 жылға сотталған.

 

 




Көрілген: 3609    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 17:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31