Өлім деген не?

Өлім деген не?

Уйкипедияда өлім деген адам ағзаларының биологиялық және медициналық жағынан жұмысын толық тоқтатуы деген түсінік берілген. Медицина ғылымында өлімді танатология деген сала зерттейді екен. Жердің асты мен үстін, ғарышты түгел зерттеп жатқан ғылым адам өліміне соншалықты үлкен мән беріп, арнайы зерттеулер жүргізбейді. Бұның өзі өлім деген құбылыстың ғылым үшін жұмбақ, құпия болып қалуына ықпалын тигізуде. Дәстүрлі діндердің өлім туралы түсінігі ғылымға қарама-қайшы болғанымен, нақты тәжірибе мен айғаққа негізделгһмеген, көбіне ертегі-аңыздарға ұқсап кеткендіктен болар, бүгінгі адамдардың көбі оған сене қоймайды.

Адамдар неге өлімді ойлаудан қорқады

Таң атқаннан кеш батып, көзі ұйқыға кеткенше аузына тыным болмайтын әңгімешіл деген адамдардың өзі ешқашан өлім туралы айтпайды. Рас, бір таныс немесе туысы дүниеден өткенде сол жайында әңгіме қозғайтынымыз болады, бірақ та, «өлім деген не, ажалдың арғы жағында не бар, өлімнен қашып құтылуға бола ма?» деген сияқты сауалдар қойып, осы құбылысқа шындап көңіл бөлетіндер жоқтың қасы.

Бір таныс жігіттің әйелі мен өлім жайында айта бастағанымда «басқа әңгіме құрып қалғандай, өлімді неге айтасың, айтпа оны» деп без-без етті. Жалпы, адамдардың 99 пайызы дерлік дәл осылайша, өлім туралы айтқысы да, естігісі де келмейді. Дегенмен, олар айтпады екен деп өлім ондайларды айналып өтпейді. Уақыты келгенде міндетті түрде ажал келеді.

Адамдар өлім туралы ешқашан айтпауға, ойламауға тырысып, ажал деген мүлде жоқ нәрседей өмір сүруді ұнатады. Осылайша олар келмей қоймайтын бұл құбылысты естен мүлдем шығарса, ол келместей көретін сыңайлы. Бұл әрине, адамдардың ажалдан қорқуынан орын алатын жай екені белгілі. Дегенмен, ажалды мүлдем ескермей өмір сүргенімен, бәрібір ажалдан қашып құтыла алмайсың ғой. Бұның өзі алдынан шыға келген арыстанды көргенде қорқыныштан маймылдың көздерін жұма қоятыны сияқты  көрінеді. Маймыл көздерін жұму арқылы төнген қауіптен құтыламын деп жаңсақ ойлайды, ал сол кезде арыстан бассалып оның пәре-пәресін шығарады. Ажал да сол сияқты өлім туралы ешқашан ойламаған, ол туралы айтпаған пендеге күтпеген жерден келіп, бақи дүниеге алып кетіп жатады.

Өлімді қабылдау арқылы не табамыз?

Өлім туралы барынша терең зерттеумен айналысатын дәстүрлі діннің бірі – буддизм. Буддизм дінінде «өмір дегеніміздің өзі өлімге дайындалу» деген қағидат бар екен. Бұл дін өкілдері балаларды жас кезінен бастап ажалды мойындауға, оған дайындалуға насихаттап, саналарына сіңіріп өсіреді.

Ажалды мойындау, яғни өлімді қабылдау адамға не береді?  Ең алдымен, ешбір пенде, ешқашан қашып құтыла алмайтын, әр адамға ерте ме, кеш пе міндетті түрде келетін ажалдың барлығын, ақиқаттығын түйсінуге көмектеседі. Бұл – барша адамзат үшін қорқынышты және құпия саналатын ажалға тура қарауға үйретеді. Дұшпанның жүзіне қарауға қорқып, бұғумен жүріп ешқашан қатерден құтылуға болмайды. Оның бетіне тура қарап, қорқынышты жеңіп, осал тұстарын іздеп, күресу арқылы ғана жаудың бетін қайтаруға болады.

Сол секілді, өлімді қабылдаған пенде бұның табиғи құбылыс екенін, одан қашып құтылу мүмкін еместігін түсініп, соған мойынсұнады. Мойынсұну дегеніміз – бұл қорадағы қойдың қасапшы қашан келіп сояды деп күтуі түріндегі жай емес. Бұл табиғаттың осынау құбылысының барлығын мойындау деген сөз.

Өлімді қабылдаған адам енді «бұл қандай құбылыс, өлгеннен кейін не болады?» –деген жайлар туралы ойлана бастамақ.  Ислам, христиан, иудейзм, индуизм және буддизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрі өлімнен кейін де өмір бар екенін мойындайды.

Бүгінгі заманның адамының алдында өлімді қабылдаған соң екі түрлі таңдау жолы тұрады: өлгеннен кейін адамның санасы мәңгі өшіп жоғалады деген ғылыми түсінікті немесе ажалдың арғы жағында да өмір бар деген діни түсінікті  мойындау қажет болады.  Адамның болашақта қалай өмір сүрмегі осы екі түсініктің қайссын таңдауына тікелей байланысты  десек, артық айтқандық болмайды.

Өлімді мәңгі қаратүнек, адамға тірлік бір-ақ мәрте беріледі деген ғылыми түсінік адамның болашаққа деген үмітін үзіп, ажалдың алдында дәрменсіз, бейшара күйге түсіреді және бір-ақ рет берілетін осы тірлікте барынша ішіп-жеп, ойнап-күліп ойына келгенді жасау қажет деген күнакарлық түсінікке итермелейді.

Керісінше, ажалдан кейінгі өмірге сенетін адамда болашақ үшін жауапкершілік болады, ол күнәлі істерден аулақ болуға тырысады және кәрілік пен ажалдан қорықпай, біршама тыныш, байыпты тірлік кешеді.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста