Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Өлім мәңгілікке енгізер есік пе, әлде мәңгі өшіп жоғалу ма?!

  • Өлім мәңгілікке енгізер есік пе, әлде мәңгі өшіп жоғалу ма?!

    Өлім мәңгілікке енгізер есік пе, әлде мәңгі өшіп жоғалу ма?!

Өлімге қатысты адамзат баласында атам заманнан бері бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі пікір қатар өмір сүріп келе жатыр. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Сократ, Аристотель, Платон сияқты грек ойшылдары да өлімге қатысты бітіспейтін қарама-қайшы екі лагерге бөлініп, пікірталасқа түсіпті. Сол кезден қалған жазба деректер осыны дәлелдейді.

Әуелі идея болды, материя содан кейін жаратылды деген түсінікті жақтаған Платон өлімнен кейінгі өмірге, яғни мәңгілік жанға сенсе, материяны әуелгі деп қабылдаған Аристотель мен оның жақтастары өлімнен кейінгі өмірді де, жанның мәңгілік екендігін де теріске шығаруға тырысты. Пәлсапашы ғалымдардың арасындағы бұл тартыс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Орта ғасырлық томаға тұйықтықты жойып, адамзатты мидай араластырып жіберген капиталистік қоғам тұсында материалистік түсінік толықтай жеңіске жетіп, негізгі үстем идеяға айналды. Жаратқанға сену, дінге мойынсұну өткен ғасырда артта қалушылық, надандық деп саналғандығы белгілі. Керісінше, құдайсыздықты, атеистік түсінікті санасына сіңіргендер көкірек көзі ашық, қазіргі заманның төл перзенті болып есептелгендігі шындық.

Дегенмен де, 20-шы ғасырдың соңы мен 21-ші ғасырдың басында құдайсыздар өздерінің басымдықтарынан біршама айрыла бастады. Адамның маймылдан жаратылғандығын «қолға қойғандай» дәлелдеп берген Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылым дамыған сайын құмнан жасалған күмбездей мүжіліп, жойылып бара жатса, керісінше, бұрын ертегі саналып келген қасиетті кітаптардағы жаратылыс туралы айтылған қағидаларының ақиқаттығы нақты дәлелдене түсуде.

Харун Яхьяның ғылыми түсініктерді негізге ала отырып, Құран-Кәрімде айтылған жайлардың ақиқаттығын аққа қара жаққандай етіп дәлелдей жазған еңбектері, жазушы-ғалым Айзек Азимовтың Інжілдегі жаратылыс туралы айтылған қағидаларды қазіргі ғылыми түсініктермен теңестіре отырып баяндаған кітабы дарвинизмді арқаланып, жаратылыс жайлы бәлдір-батпақтарын адамзат санасына тықпалап келген материалист ғалымдардың түсінігіне айтарлықтай соққы берді.

3 мыңыншы жылдықтың басында адамзат өткен ғасырларда жоғалтып алған асылдарына, қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар, әулиелер арқылы санаға сіңген Жаратқанға қарай жүздерін қайта бұра бастаған сияқты.

Мұның өзі ұшпаққа шығарады деп құлай сенген материалистік ғылымның ешқандай да жақсылыққа жеткізе алмайтындығын, ауру мен кәріліктен, өлімнен ғана емес, аштық пен кедейшіліктен, әлеуметтік теңсіздіктен, қарапайым халықты қасқырша талаған жемқорлықтан, қылмыстардан, әділетсіздіктерден, осылар арқылы туындайтын үрей мен қорқыныштан құтқара алмайтындығына көздері әбден жеткеннен кейін күдер үзіп, жақсылықты басқа жақтан іздеуге ниет етушіліктің басы болар бәлкім деген ойға жетелейді.

Сондай-ақ, мұның екінші бір байыпты себебі – адамзат баласы ешқашан қашып құтыла алмайтын өлімге деген көзқарасқа да байланысты екендігі анық. Өткінші жалған осы дүниенің өзінде еш жақсылыққа жеткізе алмаған материалистік ғылым адамға өлген соң іріп-шіріп мәңгі жоғаласың деген үрейлі және үмітсіз сенімнен басқа ештеңе бере алмайды.

Осы дүниеде бақытқа жетемін деп бар өмірін өткізіп алатын екі аяқты пенде үшін мәңгі қара түнекке сіңіп жоғалу идеясының қорқыныш пен өкініштен басқа ештеңе бере алмасы ақиқат. Бұ дүниеден жақсылық таба алмаған жан тым болмаса о дүниеде игілікке жетермін деген үмітіне сәуле беретін түсінікке, яғни діни сенімге жабысатыны түсінікті жағдай.

akikat01.com




Көрілген: 974    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.02.2020, 21:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ
    12 Ақпан, 15:37
    Кесене кезген елес...
    10 Ақпан, 11:57
    Киіктің киесі...
    6 Ақпан, 10:32
    Тозақ қақпасы
    16 Қаңтар, 12:22
    "Жылан" бала
    15 Қаңтар, 11:25
    Ауылды кезген әруақ...
    10 Қаңтар, 12:31
    Тарғыл мысық
    5 Қаңтар, 10:21
    «Тораңғылы» сиқыры

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30