Өлімнен кейін өмірдің барлығының дәлелі не?

Өлімнен кейін өмірдің барлығының дәлелі не?

Адамдардың көбі, кешегі атейстік тәлім алған аға ұрпақтарды былай қойғанда қазіргі жастардың басым көпшілігі, өлімнен кейінгі өмір барлығына күмәнмен қарайды. Рас, дін жолын ұстанып немесе анда-санда мешітке барып, садақа беретіндер, тіпті ораза ұстайтындардың өздері шын мәніне келгенде бақи дүниенің барлығына кәміл сене қоймайды. Неге?

Өмірдегі ең тылсым құпия

Жаратқан біреуге аз, біреуге көбірек – әркімнің тағдыр жазуына қарай өмір берген. Яғни, тірі пенделердің бәрі ерте ме, кеш пе міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Дегенмен де, сол бәрімізге келетін ажал жайында біздер өте аз, тіпті ештеңе білмейміз. Жердің асты мен үстіндегісін түгел зерттеп, зерделеген бүгінгі ғылымның ажал туралы бар түсінігі – тәнмен бірге адамның санасы да мәңгі өшіп жоғалады деген жалғыз ауыз сөзбен шектеледі.

Ғылым осылайша өлім туралы үзілді-кесілді тұжырым жасағанымен, сол ғалымдардың өздерінің арасында осындай түсінікке онша сене қоймайтындар аз емес. Өйткені, ажал арқылы тірі пенде мен өлі жанды алшақтататын көзге көрінбейтін тылсым перденің ар жағында не бар екендігін ешкім білмейді.

Рас, соңғы кезде аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп, бірнеше минут, тіпті әлденеше сағат бойы жүрегі тоқтап, тіршілік белгісі білінбеген адамдардың қайта тіріліп кеткен жағдайлары ара-тұра кездесіп жатады. Американдық ғалым Раймонд Моуди осындай өліп тірілген 200-ден астам адаммен сөйлесіп, солардың бастан кешкендері жайында «Өлімнен кейінгі өмір» атты кітабын жазды. Бұл кітіп адамдардың өлімге қатысты көзқарастарына үлкен ықпалын тигізді.

Бүгінгі күні ғылым да ажалдың ар жағында не бар екендігіне үңіліп, зерделеуге әрекет жасауда. Әсіресе, кванттық физиканың дамуына орай адамның жәй химиялық заттардан тұратын тіршілік иесі емес, қуат екендігін, ал қуаттың сақталу заңы бойынша ол ешқашан жойылмайтындығын ғылым да мойындап отыр.

Дәстүрлі діндердің өлімге қатысты тұжырымы белгілі. Ислам дінінде өлген адам міндетті түрде қайта тіріледі және өмірде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне орай, жауапқа тартылады. Жалпы, дәстүрлді діндердің бәрінде осындай түсінік бар. Десе де, сол дәстүрлі діндерді ұстанушылардың өз арасында ажалдан кейінгі өмірге күмәнмен қарайтындар жетерлік. Неге бұлай?

Адам ет пен сүйектен жаратылған тән бе?

Ажалдан кейінгі өмір туралы түсіну үшін ең алдымен адамның ет пен сүйектен тұратын тән бе, жоқ дәстүрлі діндерде айтылатын жан деген бар ма деген сауалға жауап табуымыз қажет болады. Материалистік ғылымның түсіндіруінше адам кездейсоқ жаратылып, эволюциялық даму арқылы пайда болған химиялық элементтредің қосындысы. Өлген соң химиялық элементтер ыдырайды, адамның санасы да, тәні де мәңгіге жоғалады.

Шыныдғында солай ма? Егер қисынға салсақ, адамның химиялық элементтерден тұратын тәні мен материалдық емес санасы, ақыл-ойы мүлдем басқа дүниелер екенін бағамдаймыз. Бұны түсіну үшін оны кәдімгі компютер мен оның бағдарламасымен салыстыруға болар еді. Компьютердің процессоры, мониторы, басқа да қосатын жарақтары – бәрі сыртқы қалыбын, яғни тәнін құрайды. Сонымен бірге оның жаны, яғни материалдық емес бағдарламасы бар.

Компьтер дегеніміздің өзі негізінен алғанда процессор мен монитор емес, ең бастысы бағдарламасы. Ал бағдарлама көзге көрінбейді, оны ұстай алмайсыз, дәмін сезінуге де болмайды. Яғни, материалдық емес. Егер компьютердің процессоры мен мониторы істен шықса, онда оны өлді деп санауға бола ма? Жоқ. Оның бағдарламасы мен сақталған құжаттарын көшіріп алып, басқа компьюетге орнатса, жұмысын одан әрі жалғастырады.

Адам санасын да сол компьютерлік бағдарламамен салыстыруға болар еді. Оның тәні компьютердің процессоры мен мониторы іспетті. Ал жаны, яғни санасы – компьютердің бағдарламасына ұқсайды. Бір сөзбен айтқанда адамды да биологиялық компьютер деуге әбден болады. Ендеше, ол да компьютер сияқты, тәні өлген, яғни істен шыққан соң тіршілігін тоқтатпайды. Оның программасы, яғни санасы мен онда жазылған файлдар, яғни жады өмірін одан әрі жалғастыра береді. Компьютердің бағдарламасы іспетті адам санасын басқа тәнге енгізгенде, ол жұмысын одан әрі жалғастырады.

Дәстүрлі буддизм және индуизм діндерінде реанкарнация, яғни адамның туып, өлген соң қайта жаратылуы, тіршіліктің осылай үнемі қайталануы туралы тұжырым бар. Қасиетті Құранда «Сендер өлі едіңдер, тірілтті, содан кейін өлтіреді. Кейін тіріліп, қияметте сұрауға алынасыңдар» деген аят бар. Бұнда өлтіру және тірілту деген сөздер екі реттен қайталанып тұр. Яғни, өлген адам міндетті түрде қайта тірілмек. Бұны ұйқымен салыстыурға болар еді. Сіз кешкілік ұйқыға жатасыз. Өзіңізді де, айналаңыздағыны да түгел ұмытасыз. Ертеңіне қайта оянып, тіршілігіңізді одан әрі жалғастырасыз. Сол сияқты адам өлгеннен кейін де аз уақыт тәнсіз материалдық емес кеңістікте ұйқылы күйде болып, сосын қайта басқа тәнге ие болады. Бұл туралы индустарыдң қасиетті кітабы Бһагавад Гитада анық айтылған.

Тұжырым: Егер сіз өлгеннен кейінгі өмірге сенесіз бе, жоқ па – өмірдегі алатын орныңыз бен өмірлік ұстанымыңызға бұның тигізер өте елеулі, тіпті ең басты ықпалы болмақ. Өлгеннен кейін өмір барлығына сенген адам өзінің бұл дүниеде істеген жақсы-жаман әрекеттері үшін жауап беретінін біледі және жамандықтан аулақ болуға тырысады және ажалдан, кәріліктен онша қатты қорықпайды. Ал сенімі жоқ адам жалғыз рет берілетін өмірде барынша ішіп-жеп, ойнап-күліп қызық көруді ойлайды және кәріліктен, ажалдан өлердей қорқады. Шын айтқанда оның өмірі үрей мен қорқынышқа толы болады. Бұл жолдың қайссын таңдайсыз – ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста