Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Өліп, қайта тірілген жігіт

  • © ummet.kz

    © ummet.kz

Хазреті сахаба Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай дейді:


Көзі көрмейтін қарт ананың Сағиб деген баласы болатын. Өмірінің нағыз көктемі болған жастық шағында бұл жігіт Мәдина қаласында орын алған оба дертіне шалдықты.


Бойына ентелей енген бұл дерт жас жігіттің әрбір бүр жарған жапырағын күн сайын солдырды. Ауыр сырқатының зардабымен ұзақ уақыт төсек тартып қалды.


Бір күні осы жігіттің халін білу үшін арнайы үйіне бардық. Өкінішке қарай, қасында отырғанымызда жас жігіт ауыр дертінің себебінен жан тапсырды. Көзін жауып, киімін үстіне жаптық. Арамызда отырған бір кісі қарт анаға:


- Балаңыз үшін дұға жасаңыз! – деді. Кейуана:


- Бірақ ол дүние салды ғой, - деді. Біз ол кісіге:


- Сонда да дұға қылыңыз, - дедік.


Қарт ана осы сөзімізден кейін баласының аяқ жағына отырып:


-Иә, Аллаһым! Мен ішкі қалауыммен Саған иман келтірдім. Сенен қорыққанымнан табынып жүрген пұттарымды тастадым. Сенің разылығың үшін еркіммен қоныс аудардым. Аллаһым! Пұтқа табынушылардың алдында мені масқаралап, күлкіге қалдырма! Күшім жетпейтін бұл жүкті маған жүктеме! – деп дұға жасады.


Аллаға ант етейін, кейуана дұғасын бітірер-бітірместен жас жігіт аяғын қимылдатты. Сосын бетіндегі жапқышты алды. Ол Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен қарт ана дүниеден өткенге дейін өмір сүрді. (Хайатус-сахаба)


ummet.kz 




Көрілген: 1279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31