Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Өліп тірілген адамды өз көзімен көрген екен

  • Өліп тірілген адамды өз көзімен көрген екен

    Өліп тірілген адамды өз көзімен көрген екен

Өмірде небір оқиғалар болады ғой. Кейде бала кездегі кейбір жайлар еске түседі. Менің жасым қазір – 85-те. 9-10 жасар кезімде өзімді қатты таңқалдырған бір оқиға есіме түсіп, соны «Замана» оқырмандарының назарына ұсынуды ұйғардым. Өйткені өзім осы газеттің тұрақты оқырманымын, онда жарияланған мақалаларды қызыға оқитыным бар. 


Айтайын дегенім – 1943-жылы 22-мамыр күні болған оқиға. Яғни Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез еді. Ауылда бірер шал-шауқан мен балалардан басқа еркеккіндік жоқ, әкелеріміздің, ағаларымыздың бәрі майданда. Біз ол кезде Шымкент облысы, Шымкент ауданы, Қаратөбе ауылдық кеңесіне қарасты Сталин колхозында тұратынбыз. 


Ауылда Сәрсенбай деген ата болатын. Колхоздың малын бағатын сол кісі бір күні кенеттен қайтыс болды. Жұрт жүрек талмасы ұстап қал­ған деп, есін жиюын күтіп денесін үш-төрт күн сақтағасын оны өлген деп ұйғарыпты. 


Біз ол кезде бұғанасы қатпаған баламыз, бірақ колхоз жұмысына қатысамыз. Түске дейін сабақта боламыз, түстен кейін үлкендер бізді колхоздың жұмысына жегеді. Сол күні бізді бір-екі қарияға қосып, Сәрсенбай атаны жерлеуге жіберді. Ол кезде көп нәрсенің мәнісін біле бермейміз ғой, әйтеуір аталардың істе дегенін істеп, марқұмды жерлеп қайттық. 


Содан бір күні қырманда жұмыста жүргенде басшымыз Асанбай ата шақырып алды. «Сәрсенбай аталарың тірі екен. Қазір көрдім. Үйіне келді. Бармайсыңдар ма?» – деді. «Ата, өлген адам қайтіп үйіне келеді? Қалай тіріліп кеткен?» – деп таңқалдым. Асанбай көкеміз үндемей қалды. Сосын: «Жұмыстан кейін үйіне барып қайтасыңдар ғой», – деді жай ғана. 


Кейін естідік: Шаншарбай деген ата бір жұмыс­тармен Қарабұлақ базарына барып, түнделетіп қайтқан екен. Жол мазараттың жанынан өтетін. Сол жолмен келе жатса, мазаратта аппақ киінген бір адам отыр дейді. Содан қорыққанынан ауылға тез жетіп, көрген-білгенін Батырбек молдаға айтыпты. Сосын екеуі мазаратқа барса, әлгі адам сол жерде әлі отыр екен. Молда құран оқып, ақырындап жанына барса, ол: «Мені неге көмдіңдер?» – депті. Сонда барып олар әлгі адамның Сәрсенбай ата екенін аңғарады. Сосын оны үйіне ертіп келіпті. 


Бұл оқиға кейін көпке дейін ел аузында айтылып жүрді. Бертін келе ұмытылды. Ал менің осы оқиға есімнен кетпейді. Тірші­ліктің біз ұғынып-біле бер­мейтін құпиялары көп қой. Ол да бір Құдайдың құдіретімен болған шығар. Ал Сәрсенбай ата одан кейін тағы да он жыл өмір сүріп, 1953-жылы, өзі бірін­ші рет «өлген» күні, яғни тура 22-мамырда қайтыс болды. 


Шалқар АРЫСБАЙ,

республикалық дәрежедегі зейнеткер

Шалқар қарияның байланыс телефоны: 8-701-164-46-71.


www.zamana.kz


 




Көрілген: 1235    Пікірлер: 0

сенбі, 23.02.2019, 18:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31