Орта жастағы үрейлі түстер қауіпті дерттің белгісі болып шықты

03 қазан 2022, 15:41

Бирмингем университеті бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, орта жаста жиі қорқынышты түс көретін адамдарда деменция (алжу) қаупінің жоғары болатынын анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі The Lancet ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

2002-2012 жылдар аралығында бұл бағытта жүргізілген зерттеу аясында ғалымдар 35 пен 64 жас аралығындағы 600-ден астам ересек ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ 79 және одан жоғары жастағы 2,6 мың ересек адамның денсаулығына талдау жасады.

 

Табаны күректей он жылға созылған зерттеуге қатысқандар немесе тартылғандар қаншалықты жиі қорқынышты түс көретініне байланысты сауалнаманы толтырды.

 

Статистикалық бағдарламалық жасақтама ұйқы мен когнитивті құлдыраудың және деменцияның ықтималдығы арасында байланыс бар-жоғын білу үшін берілген ақпаратты зерделеді.

 

Нәтижесінде әйелдерге қарағанда ерлердегі ассоциациялар күшті болып шыққан. Яғни, апта сайын шым-шытырық, үрейлі көріністерге толы түс көретін егде жастағы ер адам түнде түс көрмейтін сол жастағы құрдасына қарағанда деменцияның даму қаупі 500% жоғары болып шыққан. Салыстыру үшін алсақ, әйелдерде бұл көрсеткіш 11%-ды құраған.