Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Орыстың Аяз атасы шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған

  • Орыстың Аяз атасы шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған

    Орыстың Аяз атасы шын мәнінде жаналғыш құбыжық болған

Кейін, КСРО көсемдері қанішер Зарлауық шалдың орнын балаларға тәтті-пәтті сыйлайтын қайырымды Аяз ата образымен ауыстырған.

Белгілі журналист Қанат Ескендір өзінің facebook парақшасында Аяз ата бейнесіне қатысты танымдық жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің жазуынша, о бастағы Аяз ата образы Зарлауық, Қаражүн, Қыстық ата деп аталатын мейірімсіз кейіпкер түрінде болған. 

«Әзелде орыстардың Аяз атасы тап суретте көрсетілгендей кейіпте бейнеленген. Зарлауық, Қаражүн, Қыстық ата деп атапты. Ежелгі славян тайпалары оны қыстың қожасы, аяздың иесі деп білген.

Сақылдаған сары аязда мал-жан демей, түгел үсіп өлгенде, қараңғы шаруалар әйтеуір кісі шығынына біреуді кінәлау керек боп.., қыс пен аяздың иесі - Зарлауық Аяз атадан көрген.

Оның қаһарын қайтару үшін құрбанға мал шалып отырған, кейбір кержақ тайпалар құрбандыққа адам шалған.

Қыста бір жас қызды орманға апарып, талға байлап тастайды екен. Егер ертесіне қызды мұз боп қатып, үстін қар басып қалған күйде тапса, онда қыстың қожасы құрбандықты қабыл алды, қыстан шығынсыз шығамыз деп сенген. 

Байырғы орыс наным-сенімінде қысты күні Зарлауық немесе Қаражүн шал терезені суық демімен айғыздап тұрып кісіні атымен атап шақырады екен, кім оған жауап берсе, сол адам көп ұзамай көз жұмады-мыс...

Сондай-ақ, үнемі қап арқалап жүретін Қаражүн шалдың қабы сол қыста жанын өзі алған адамдардың басына толы болады деп сенген.

Орыстарда бұл сенім әулие Мекалайды пір тұтқанға дейін сақталып, сосын бәлшебектер билікке келген соң, оны Жаңа жылды мерекелеу үрдісіне ауыстырған . Кейін, КСРО көсемдері қанішер Зарлауық шалдың орнын балаларға тәтті-пәтті сыйлайтын қайырымды Аяз ата образымен ауыстырған», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 




Көрілген: 7391    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31