Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Пандемия 2022 жылдың күзінде басылуы мүмкін": Нумеролог келер жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтып берді

  • "Пандемия 2022 жылдың күзінде басылуы мүмкін": Нумеролог келер жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтып берді

Қазақстандық нумеролог Гүлдана Дербесова әлемді алаңдатқан пандемияның беті келесі жылдың күзінде қайтуы мүмкін екенін айтады. Сөзінше, келер жылдың сандарын ерекше әдіспен есептегенде осыны көруге болады. Жалпы, адам тағдырындағы сандар нені білдіреді? 2022 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр? Бұл туралы нумеролог Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Ең жиі қойылатын сұрақ – тұрмыс құру, бала тәрбиесі мен мамандық таңдау

 Көпшілік нумеролог маманға тұрмыс құру, өмірлік жар таңдауда қателеспеу деген мәселелер бойынша жиі келеді. Жұптардың үйлесімділігі жайлы да сұрап жатады. Одан кейін мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар алатындар да көп. Бұдан бөлек бала тәрбиесі жөніндегі сауалдар көпті мазалайды. Көбіне ата-аналар мектеп бітіргелі жатқан ұл, қыздарының мамандық таңдауына кеңес сұрап келеді. Мұндай жағдайларда байқағаным ересектер көбіне өзімшілдікке салынып, баласының емес, өзінің ұнатқан мамандығын таңдауға тырысады. Ал қыз-келіншектердің көп бөлігі ене мен келін арасындағы мәселелер бойынша жүгініп жатады.

 Ақша, денсаулық, сәттілік әкелетін сандар

Барлық сандардың жақсы мен жаман тұстары болады. Ақша сандары –  8 бен 6. Ал денсаулық саны 4 болып есептеледі. Туған күнінде 4 саны жоқ адамдардың  иммунитеттері төмен, ауруға бейім болады. Сондықтан ондай адамдар уақытылы дәрігердің тексерісінен өтіп тұрғаны жөн. Тағдыр санын біз туған жылымызды, күнімізді есептеу арқылы шығарамыз және сәттілік саны да тағдыр санына тікелей байланысты. Ол сан біздің дүниеге қалай келгенімізді, бойымыздағы қасиеттерімізден бастап, мінез-құлқымызға дейін қандай екенімізді көрсетеді.

 Қазақстан Нептун планетасында, Мерген жұлдызнамасында дүниеге келген

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Енді сандарды, айларды, жылдарды нумерологиялық әдіспен санай келе біз 3 санын шығардық. Үш – нумерологияда жетістік саны. Тек нумерологияға байланысты емес, астрологияның да элементтерін алып қарауымыз керек. Біздің планетамен салыстыра отырып, Ресейді, АҚШ-ты, Қазақстанды қарадым. Қазақстанда 90 пайыз ерлер энергетикасы басым. Сондықтан беделді, танымал болғысы келетіндер көп. Тағы бір айта кететін нәрсе, желтоқсан жұлдызнамада мерген уақытын білдіреді. Ал Мергендер өзінің аты айтып тұрғандай мықты, жаңашылдыққа, шығармашылыққа бейім болады. Бірақ кемшіл тұсы да бар. Еліміз мергенмен қоса Нептун деген планетада өмірге келген. Ал бұл планета бізде жалқаулықты, ұйқышылдықты, өзімшілдік пен агрессияны білдіреді. Міне, сондай жақсы жағы мен жаман тұстары да бізге бірдей келген. Сондықтан да шығар біз әлі ұйықтап жатырмыз. 

 2000 жылдары туған балалар бізді тәрбиелеуге келген

Тәрбиеге байланысты қазіргі 2000 жылғы балалардың санын біз бөлек санаймыз. "Қазіргі балалар барлығын біліп туғандай, өзіңе үйретеді, өзіңе қарсы шығады" деп айтылып жатады. Ол да бекер емес. Өйткені 2000 жылы туғандар бізді тәрбиелеуге келген. Біздер 2000 жылға дейінгі туылғандар 1000 жылдықтағыларға жатамыз. Біз ата-анамыздың айтқанымен жүрдік, олардың қас қабағына қарап өстік. Ал қазіргі балалар ондай емес. Біз олармен қазір тек дос, жанашыр ретінде тіл табыса аламыз. Қазіргі балаларды мен "өзіндік пікірі бар балалар" деп атаймын. Біздің олармен санасуымыз керек. Сонымен қатар олар өте белсенді, бір орында тұрмайтын, өмірге деген өзіндік көзқарастары бар буын. Мысалы, 14,16,17 жаста миллионер атанғандары бар. Ал біздің кезімізде ондай алға шығып топ жарғандар бірен-саран, тіпті мүлдем болмаған да шығар.

 2021 өзгеріс пен саяхат жылы болды

Нумерологиялық тәсілмен есептегенде 2021 жыл 5 санын береді. Ал бұл сан өзгерістер мен саяхаттауды білдіреді. Осы жылы карантиннен шыға сала түрлі жеңілдіктердің көбейіп, көпшіліктің шетелге қыдырысының да мәні осында. Сонымен қатар, бұл жылға өзін жарнамалау да тән. 2021 санының соңы 1-мен аяқталып тұрғандықтан, біз бұл жылы кез келген бастаманың бірінші баспалдағынан өттік деп есептейміз. 

 2022 жылы тәуекелден қорықпайтындардың жолы болады

2022-ні нумерологиялық әдіспен есептесек, 6 санын шығарып тұр. Бұл сан отбасыға көп назар аударуды, балансты қалыпта ұстауды талап етеді. Отбасыға қараймын деп мансабыңызды ұмытуға да болмайды. Тепе-теңдікке мұқият болған жөн. Жұмысқа да үлгеріп, отбасына да қарайлаңыз. Бұл сан әдемілікті, жайлылық пен тұрақтылықты жақсы көретіндіктен, осы жылы тұрмыс құру, балалы болу деген сияқты жайттар көп орын алады. Келер жылымыз барыс болғандықтан барлық жайттар 50/50 формуласымен жүреді. Яғни қиындық пен қуаныш қатарынан болады. Ал егер мақсат қойып жүрсеңіз, осы жылы оны орындауға мүмкіндіктер көп болады. Барыс мінезіне сай адамдарда өзімшілдік пен басшылыққа ұмтылу сезімдері орын алады. Бұл жылы эксперимент, сынақ, тәуекелден қорықпайтындардың жолы болып, істері алға басады. 

 Пандемия 2022-нің қазан, қараша айларында тұрақталады

Шындығында бүкіл нумерологтар, астрологтар оны білді, бақылады. Бұл нәубет бізге неге 2020 жылы келді?

2020-ның санының екі түсінігі бар. Біріншісі ол "0" мен бітіп тұр. Біз аспаннан жерге бір мезетте құлағандай болдық. Жерге түсіп жан-жағымызға қарадық. "Не істеп жүрміз?" деп ойлана бастадық. Екіншіден, 20+20=40,  4+0=4. Нумерологияда бір санға ғана келтіреміз. Бізде 4 санын беріп тұр. Бұл сан ұрыс-керісті ұнатпайтын сан. 4 саны бар уақытта ережені бұзуға болмайды, оны қатаң сақтау керек. Сонымен қатар, төрттің денсаулыққа тікелей қатысы бар сан. Сондықтан да дәл сол жылы денсаулығымызға байланысты кінәратты көп көрдік. Қаншама бетке ұстар адамдарымыздан айырылдық. 2021 жылы біз жағдайды мойындап сол жақтан шығу жолдарын барынша қарастырдық. 2022-де барлығы керемет болып кетеді деп айта алмаймыз. Алла бұйыртса, 2022-нің қазан, қараша айларында жағдай тұрақталуы мүмкін. Тұрақталады деп сенеміз, есептейміз… 

Stan.kz




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 17:06
    Шайтанның шақыруы...
    12 Қаңтар, 10:38
    Екі рет өлген жігіт
    31 Желтоқсан 2021
    Жатақханадағы сәби рухы
    22 Желтоқсан 2021
    Үкінің киесі
    10 Желтоқсан 2021
    Түсініксіз құбылыс
    27 Қараша 2021
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша 2021
    Қабірдегі қорған...
    12 Қараша 2021
    Өзге әлем...
    5 Қараша 2021
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан 2021
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан 2021
    Өлім деген не?
    14 Қазан 2021
    Өлімнің иісі...
    30 Қыркүйек 2021
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек 2021
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек 2021
    Уақыт
    16 Қыркүйек 2021
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек 2021
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек 2021
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек 2021
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек 2021
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек 2021
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек 2021
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз 2021
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз 2021
    Қашқын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31