Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Пәтер

  • https://koishybek.wordpress.com

    https://koishybek.wordpress.com

– Сені бастық шақырып жатыр! – дегенді естіп, жүрегім дір ете түсті. Осы мекемеде аттай он алты жыл жұмыс істедім. Қанша бастық келіп, каншасы кеткені есімде жоқ. Солардың біреуі де мені шақырып көрмеген еді.


Екі тізем қалтырып, жаңа келген бастықтың алдында тұрмын.


– Осыдан он жыл бұрынғы өтінішіңізге сай сізге пәтердің кезегі келіп тұр… Міне, кілті, мекен-жай мына қосалқы қағазға жазылған. Ех-ей, аспанға бірақ ұшқан екенсіз, он жетінші этаж… Жарайды, қажетті құжаттармен сосын айналысарсыз…


Әзірге әйеліңіз бен балаларыңызды қуантыңыз… Айда!.. – деді.


Қуанышымда шек жоқ. Бір сағатта сүйретіліп әзер жететін үйіме он бес-ақ минутта жетіп келдім.


Қатын!.. қатын…, – деймін айқайлап. Шүйінші, шүйінші… бізге үй беріпті…


Аулаға кіре бере өзіміз тұрып жатқан үйдің иесі -қара кемпірмен соқтығысып қала жаздадым.


-Осы айдың пәтер ақысын төлемесең… – кемпір шақ ете қалды.


-Міндетті түрде төлеймін…Алайда қазір жанымда көк тиын жоқ…


-Екі-ақ күндік мұрсатың бар!..


Кемпірдің сөзінің соңын тыңдауға дегбірім жетер емес. Өзіміздің тұрып жатқан қуықтай қана құжырама қойып кеттім.


-Тәңірім-ау, бұл түсім емес пе? – әйелім аң-таң.


-Ұршатын апашы бай ма?.. Кіші ұлым шешесінің көйлегінен жұлқылап тұр.


-Дәу үй ме? – деп сұрады екінші қызым.


-Нешінші қабатта? – деді үлкен ұлым.


-Бәріне бірден жауып қайтаруға абдырып қалдым, тек «биікте, биікте, он жетінші қабатта», – дей беріппін.


-Пәлі, қаланы төбесінен көріп отырамыз… Қазір көшеміз бе?


Барды-жоқты дүниеміз баяғыда әйелімнің төркінінен келген ескі екі шамаданнан аспады. Пәтердің май ақысын бермесең, ешқайда жібермеймін деген кемпірге әйелімнің паспорты мен өзімнің жоғары оқу орнын бітірген дипломымды қатар қойып жүріп, әзер құтылдық.


Бес баланы ертіп әйелім екеуіміз айтулы мекен-жайға келдік. Жеткенше алты жасар қызым мен әйелім екеуі үйдің ішін қалай безендіретінін жоспарлап та қойды.


-Масқара!.. Жо, бұл бір жаңсақтық болар… Қатын баламды осында қалдырдым да жұмыс орныма қарай ұштырттым.


-Үйдің әдірсі дұрыс көрсетілмепті… – дедім ентігіп.


Хатшы қыз шарқ ете қалды.


-Бастарыңды жерден алмайсыңдар… ақымақтар… барып басыңды көтер… көресің…


Есік тарс жабылды. Ешнәрсеге түсінбей манағы жерге қайта келдім. Үркердей болып қатын балам тұр.

Мен аспанға қарадым, біз аспанға қарадық.


Масқара! Біздің үй аспанда аспақталып тұр екен. Тура он жетінші қабаттан ары қарай басталып ары қарай көрінер емес. Аспанның арғы жағына дейін биіктеп кетіпті.


Қалай шығамыз? Біз үй ішімізбен еш амал таппай аңтарылып тұрғанда тура біздің үйдің үстінгі қабатынан яки он сегізінші қабаттан біреу басын шығарып


– Ау, неге аңырып тұрсыңдар… – деп айқайлады.


-Қалай шығамыз? – деп айқайладық біз.


-Ұшып…


-Қалай…


-Солай…


-Келіп түсіндірші…


Әйелім екеуіміз қосыла жалындық.


Күнге шағылысып жарқ-жұрық еткен метел есікті ашқан ел лып етіп жерге түсе қалды. Түсім шығар деп ойладым мен.


Оянайын деп астыңғы ернімді қыршып тұрып тістедім. Аузымнан қан бұрық ете түсті, ояна алмадым.


Ақымақ, – дейді көршім. – Ақымақ, үйдің кілтін алудан бұрын ұшуды үйренуің керек,- деп, қайтадан лып етіп көкке көтерілді де кетті.


Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 2255    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30