Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Павлодар аспанында "1986" деген жазу пайда болды

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Павлодар облысына қарасты Ақсу кентінде тылсым жағдай болды. Аспанда «1986» деген жазу пайда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

"Кеше кешкісін, яғни оныншы маусым күні бір танысым қызық фото жіберді. "Бұл не?" деп едім, жаңа ғана өзі фотоға түсіріп алғанын айтты. Айтуынша, отбасымен таза ауа жұту үшін балконға шыққан екен. Сол кезде аспанда 1986 деген жазуды көреді. Бір ғажабы аталмыш жазу өте анық, әрі тұнық көрініп бірнеше минут тұрыпты. «Ойбай,телефон қайда!» деп үйге жүгіріп қайта шыққанша жазу аздап бұлдырап кетіпті», - дейді редакциямызға хабарласқан Уәлихан есімді тұрғын.

 

Дегенмен жай көзбен-ақ бұл фотодан 1986 деген жазуды анық байқауға болады.

 

"Аспаннан Алланың есімін оқыпты" я болмаса "арабша жазулар пайда болыпты" деген әңгімелерді естуші едік. Бірақ 1986 деген жазудың пайда болуы расында да қызық жағдай болып отыр. «Бодандық жүйеге қарсы тұрып, Тәуелсіздік үшін қан төккен жастардың ерлігін ұмытпаңдар!» деген Алланың ескертуі ме екен», - дейді телефон соққан адам.

 

Әңгімелесу барысында Уәлихан өзінің Ақсу қаласындағы коллеждердің бірінде ұстаздық ететінін айтып өтті. Фотоны түсіріп жіберген адам да осы оқу орнынның мұғалімі көрінеді.

 

Расында да,бұл жазу нені білдіруі мүмкін?

 

Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?  




Көрілген: 5482    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31