Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Петропавлдықтар әйелдерді балтамен торуылдаған 90-шы жылдардағы "маньяктың" түрмеден босатылуынан үрейленеді

  • Петропавлдықтар әйелдерді балтамен торуылдаған 90-шы жылдардағы

    Петропавлдықтар әйелдерді балтамен торуылдаған 90-шы жылдардағы "маньяктың" түрмеден босатылуынан үрейленеді

Петропавл қаласының тұрғындары таяу күндері әйелдерге балтамен шабуыл жасаған 1990-шы жылдардағы қаскөйдің түрмеден босатылуы мүмкін деген хабарға алаңдаулы, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде зардап шеккен әйелдердің бірінің қызы жариялаған. Ол анасына Ақмола облысы Аршалын аудандық сотынан хат келгенін айтады.
"Ақмола облысы Аршалын аудандық соты Сізге сотталушы В.Е.Кричиневскийдің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау 28 қыркүйекке белгіленгенін хабарлайды, сонымен қатар сіздің келмеуіңіз өтінішті қарауға кедергі келтірмейтінін түсіндіреміз", – делінген судья Ержан Күмісбеков қол қойған хатта.

Жәбірленушінің қызы олар сотқа жауап жібергенін айтып, онда олар Ақмола облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан қылмыскердің босатылуына келіспейтіндіктерін білдірген.

"Олар біздің сөзімізге құлақ асып, ол тиісті уақытын түрмеде өтейді деп сенеміз. Алайда мұндай азғын адамдарды қалай жібере салуға болады?", – дейді әйел.

Бұл арада 1999 жылы қарақшылық, зорлау, ұрлық және кісі өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған Валерий Кричиневский жазасын толық 2024 жылы өтейді.

Қаскөй бізді есік қасында күтіп тұр

Кісі өлтірушіні ұстаған жедел қызметкерлер арық және үлкен көзді Кричиневский мүлдем зиянсыз болып көрінгенін және зұлым адамға ұқсамайтынын еске алады. Бірақ ол тек үйінен қолына балта ұстап шыққанша ғана осылай көрінетін.

Ол өзінің құрбандарын қаланың шетінде – Заречныйда, Мещанский орманының жанында, Бензостройда, саяжайларға барар жолда және жеке сектордың жанындағы қаңыраған көшелерде күтіп тұратын болған. Қылмыскердің өзіндік "қолтаңбасы" болған: ол ешқашан құрбандарының қарсы алдынан жақындамаған, ол артынан жасырынып келіп балтамен басынан ұрып, содан кейін тонап, зорлаған.

Сонымен қатар Валерий Кричиневский өз отбасын өте қатты жақсы көрген. Әрбір қылмыстық ісімен тапқан алтын сақина, сырғаларын әйеліне әкеліп беріп тұрған. Ол әрқашан үйінде түнеген, ал өз құрбандарын торуға тек таңертең немесе түскі уақытта шыққан.

1998 жылы 17 шілдеде басталған қорқынышты қылмыстар 1999 жылдың қаңтарында аяқталды. 14 қаңтарда, таңғы сағат 8-де Заречный кентінің саяжайларының жанында әдеттегідей балтамен қаруланған Кричиневскийді жалғыз жүрген әйелді күтіп тұрған жерінен полиция қызметкерлері қолға түсірді.


90-шы жылдардағы қанішер Петропавлда қызға шабуыл жасағаны үшін темірторға қайта тоғытылды
8 жасар қыздың жұмбақ өлімінен кейін полицейлер маньяктың соңына түсті
Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан қазақстандық тағы да екі кісіні өлтірді

Кричиневскийдің мойнында 11 жапа шегуші бар: олар 10 әйел мен 1 кішкентай қыз. Барлық әйелдер бақыттарына орай, бастан алған жарақаттарына қарамастан аман қалған. Тек бірінші сынып оқушысы Наташа қылмыскердің қолынан қаза тапқан.

Полиция қызметкерлері Кричиневскийді қолға түсіру кезінде қылмыскердің үйінен әйелдерден тоналған алтын бұйымдардан басқа, өздерін есінен тандырған заттың табылғанын еске алады. Бұл ол өзі өлтірген бірінші сынып оқушысының терісінен тігілген жұмсақ ойыншық және тәпішке болатын. Ол бұл заттарды да қалған басқа бұйымдар секілді әйеліне тарту еткен.

Олар жауыздық әрекеттерін доғармайды

Қаскөй Кричиневский босатылады ма, оны уақыт пен сот шешімі көрсетеді. Алайда Петропавлда үлгілі мінез-құлқы үшін шартты түрде бостандыққа шыққан 90-шы жылдардағы тағы бір "маньяк" ескі әдетіне қайта басып, кішкентай қызға шабуыл жасаған.

Петропавлда Лютовқа "сексуалды маньяк" деген ат берген, бір жылдан астам уақыт бойы – 1997 жылдың көктемінен 1998 жылдың жазына дейін ол қамауға алынғанға дейін қорқынышты қылмыстар жасап, қаланы қорқынышта ұстаған.

Тыныш әрі мүлдем жауыздық әрекетке баратын жанға ұқсамайтын жас жігіт – кәсіптік-техникалық училищенің түлегі аспаз болып еңбек еткен, ал түнде жарық жанып тұрған үйлерді аңдыған. Есейген шағында ол өзінің құрбандарына түннің бір уағында жорыққа шығуды әдетке айналдырған. Жарқыраған терезелердегі әйелдердің сұлбаларын көрген Лютов ағаштар мен газ құбырлары арқылы үйге өрмелеп шығып, қыздар мен әйелдерді буындырған.

1998 жылы 19 маусымда Лютов бірінші құрбанын өлтіреді. Ол кезде қылмыскер балалар үйінің мұғалімін бақилық етеді. Сонымен қатар қылмыскер жәбірленушінің іш киімін шешіп үлгерген.

Жасаған қылмысынан соң Лютов ұсталып, тергеу барысында оның бұрын бұзған заң бұзушылықтары да ашылды. Құрықтан аман құтылған жәбірленушілер Лютовты танып, оған қарсы куәлік етеді.

Барлығы да Лютовты қанішер деп санағанына қарамастан, бүкіл сараптама қорытындылары оның есі дұрыс екенін көрсетті. 1999 жылы 15 ақпанда сот бір ғана әйелді өлтіргенін ескере отырып, қылмыскерді 20 жылға арнайы режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарды. Ал 2016 жылы Лютов 2 жыл 3 ай 22 күндік мерзімін өтемей мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сол уақыт аралығында ол аудандық полицияның бақылауында болған. Ол бес жыл бойы 2021 жылы сәуірде қызға шабуыл жасағанға дейін өзін заңға бағынатын азамат сияқты ұстаған.

Ол Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғынына пышақпен үйінің дәл кіре берісінде шабуыл жасаған. Нәзік, бірақ жүректі қыз қарсылық білдіріп, қатты айқайлай бастаған. Лютов осы сәтте сырт жақтан дауыстар естігендіктен өзін ұстап ала ма деп қорқып қашып кеткен. 

Сот Лютовқа үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Егер Лютов үлгілі іс-әрекеті үшін тағы шартты түрде босатылмаса, ол Петропавлға 2024 жылы оралады.

Соңғы қанішер

90-шы жылдардағы Петропавлдық үш қаскөйлердің бірі ғана енді қала тұрғындарына қауіп төндіре алмайды. Олег Мураенко – қолға түскен қылмыскерлердің ішінде бір өзі өлім жазасына кесілген.

Полиция қызметкерлері Мураенконың ұзын бойлы және сымбатты жігіт болғанын еске алады. Ол қылмысын жүзеге асыру үшін кез келген затты пайдаланған. 

Олег Мураенконың бірінші құрбаны – 2000 жылғы 13 наурызда түнгі сағат 2-де кафеден үйіне қайтып келе жатқан жас әйел болған. Оның үстіне туыстары оны үйіне дейін шығарып салған, әйелге тек аулаға кіру ғана қалған еді, алайда оны ол жақта қаскөй күтіп тұр еді. Наурыздағы шабуылдан кейін Мураенко сәуірде тағы бір әйелді тұншықтырып өлтіреді. Ол құрбанын түнде көшеде кездестіріп, үйіне шығарып салуды ұсынған. Кездейсоқ кездескен азаматты әйел үйіне "шай ішуге" шақырады.

Көптеген петропавлдықтардың жабылуына аз уақыт қалған дүкен сатушыларына жасалған шабуылдар әлі күнге дейін есінде. Мураенко сатып алушылар болмаған кезді пайдаланып, құрбандарын өте жылдам өлтірген. 

Барлығы 6 әйел оның қолынан қаза болды. Бірақ, сөзсіз егер полиция оны едер кезінде тоқтатпағанда, құрбандардың саны әлдеқайда көп болатын еді.

Ұзақ сотттан кейін өзінің жасаған қылмысының тек бірінші әйелді ғана өлтіргенін мойындаған Мураенко өлім жазасына кесілді. Осылайша ол өлім жазасына кесілген соңғы солтүстік қазақстандық болды. Бұл оқиға 2002 жылы болған еді. 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 10:11
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша, 09:41
    Қабірдегі қорған...
    15 Қараша, 09:48
    Айнадан көрінген елес
    12 Қараша, 09:26
    Өзге әлем...
    5 Қараша, 11:03
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31