Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына ана дүниеден сәлем жолдады

  • Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына ана дүниеден сәлем жолдады

    Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына ана дүниеден сәлем жолдады

Желі қолданушысы, актер, каскадер Ерден Телемісов өзінің досы қазақстандық актер ана дүниедеден сәлем жолдағанын айтқан. Басынан өткен ерекше оқиға жайлы ол өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz.

Ерден Телемісов өзіне қатты әсер еткен оқиға жайлы Facebook-тегі парақшасында бөліскен.

 

"Кездейсоқ бір қызды кездестіріп қалдым. Өзім танымайтын бір қыз маған келіп, амандасып, содан кейін өтіп кетіп, жолыма қарап, қайтадан бұрылып жаныма келді. Сонда көзінен жас аққанын байқадым", - дейді актер.

Айтуынша, бейтаныс қыздың сөздері оған қатты әсер еткен.

"Содан кейін "Білесіз бе, бүгін жақында көз жұмған сіздің досыңыз түсіме кірген еді. Мұрат Мұқашев. Ол түсімде сізге сәлем айтуымды сұрады. Маған бұл нәрсе қатты әсер етті. Содан кейін он, он бес минут өзімді жайсыз сезіндім. Кофе ішіп, өзіме келдім. Одан кейін бақыт сезіндім. Соңғы күндері қайғырып жүрген досың, бауырың саған аяқ-асты сәлем жолдағаны, ерекше оқиға.

Ол қыз негізі қаланың басқа шетінде тұрады екен. Бұл жерге көп келе бермейді. Forum мен тұратын жерден екі-үш көшедей аралық бар және мен ол жаққа аяғыма шәркей киіп кетіп қалғанмын. Неге екенін білмеймін, Forum-ға тартып кеттім. Сол кезде біз кездесіп қалдық. Міне енді, сторис түсіріп, Facebook-ке пост жарияладым.

"Мұраттың бір жерде бар екені сондай ғажап! Осы арқылы өзінде бәрі жақсы екенін бәрімізге хабарлап отыр", - дейді ол.

Осы хабарды Ерден Телемісовке жеткізген Марина есімді қыз өзінің әлеуметтік желісіне де осы жағдай туралы бөліскен.

"Менің түсіме танымал актер кірді, ол тағы бір басқа танымал адамға, медиада жүрген кісіге сәлем айтуымды сұрады. Әрине, мен жазып, хат жазған жоқпын. Бірақ, жаңа ғана аяқ-асты сол кісіні қалада көріп қалдым", - дейді қыз.

Айта кетейік, Nomad Stunts командасының танымал актері және каскадері Мұрат Мұқашев , 5 шілдеде Алматыда қайтыс болды.

 

 
 

 

 

 




Көрілген: 1970    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31