Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Пойызда кездескен елес қыз...

  • https://infor.kz/

    https://infor.kz/

Аты – жөнім Әйтенова Гүлім. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрбымның (Саягүл) басынан түсініксіз жайт өткен болатын. Ары қарай құрбымның өз ауызымен баяндап берейін...

Жоғары оқу орынында оқып жүрген кезімізде поездбен жиі жүретінмін. Мерекелік демалыстар болса да шамалы күнге үйге барып келіп тұрғанды жақсы көретін едім.

Әдеттегідей кешкі пойызыма отырдым. Демек ертеңгісін ауылымда болуым керек. Айналдырған он екі сағаттық қана жол болған соң жолға аса бір көп тамақ алған жоқпын. Бір бөтелке су мен шоколад қана сатып ала салдым.

 

Негізі пойызға мінгенде шудың ортасында кітап оқығаннан гөрі жатып ұйықтағанды жақсы көремін. Көзім ілініп кеткеннен түн ортасы ауғанда шамамен үштер шамасында оянып кеттім. айналамдағы адамдардың барлығы ұйықтап жатыр, өзім дәретханаға барып, (сақтық үшін қол сөмкемді тастамай алып жүремін) бір жағынан темекі тартып келуге тамбурға қарай шықтым.

 

Шылым шегуге келгенімде оттығымды таппай дал болдым, ары қарадым, бері қарадым сөмкемнің еш жерінен таба алмадым. Вагонға кіріп, жолаушылардан сұрайын дегенімде ояу ешкім болмады. Амал жоқ, сөмкемді тағы да отырып, асықпай қарауға тура келді.

Кенет мұрыныма темекінің түтінінің иісі келді. Артыма жалт бұрылдым, арқасын беріп, шашы ұзын қыз темекі тартып тұр екен, бірден маған қарай бұрылды да оттығын ұсынды. Қуанып кеттім, ойымда ештеңе жоқ темекі тұтатуға кірістім. Алайда тұтанар емес. ол қыздың қалай тұтатқанынан хабарым жоқ, өзім еш тұтата алар емеспін.

Көмек сұрайын деп, қайта бұрылғанымда әлгі қыз ғайып болып кетті. Түк түсіне алар емеспін.

 

Өздеріңіз білетіндей, тамбурға кіріп-шыққан адамды байқамау мүмкін емес, оның үстіне есіктердің дауысы да естілмей қоймайтыны анық. Не кіргенін, не шыққанын білдірмей пайда болды да жоқ болды. Қорқайын дедім, жүрегімді қолыма ұстап, дереу вагонға алып ұштым.

 

Мүмкін вагонда отырған болар деп ойладым, алайда олай болмады. Қорқып барам. Дереу орыныма барып, жата қалдым.

 

Біраздан соң жолсерікті оятып алып, әлгі қызды сипаттап жатырмын, ондай адам болған жоқ деп ол кісі бой берер емес.

 

Сонда ол бейтаныс қыз кім болды екен?

 

Елестеуі мүмкін емес, өз көзіммен көргенім, темекісінің иісіне шейін сезгенім айдан анық...

 

Сәлеммен Гүлім. Жамбыл облысы.


Жазба vk.com әлеуметтік желісінен алынды (https://vk.com/public79498093)  




Көрілген: 2108    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 18:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31