Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Сайтандарды сабаған Қилыбас нағашы

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Үржар ауданы, Науалы ауылында тұрған марқұм Нұртаза Абылхан ақсақалдың әңгімесі.

 

Өткен ғасырларда бақсылық қазақтың үлкен бір өнері болған. Бұл табиғатпен үндесіп жатқан тұрмыс-салтта қазақ сахарасына керек адам болған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары үркінді болып қаймағы бұзылмаған Қытай жеріндегі қазақ ауылдарында тұрдық. Жас кезімде ауылға бір бақсы келді десе, әдейі іздеп баратынмын, себебі қыршаңқылау болатынмын. Сонда не бір зіркілдеп ойнап жатқан бақсылар дел-сал болып тоқтап қалатын. Ауылға бір бақсы келді. Науқасты қарап жатқан кезде мен де барып тұрдым. Әлгі бақсы әрі алысып, бері алысып ойнай алмай қойды.

 

Сөйтіп тұрған кезде біреу келіп мені: «Әй, Нұртаза! » – деп шақырып әкетті. Мен шығып кеттім. Біраздан кейін қайта келсем әлгі бақсым ойнап жатыр екен. Мені көріп қоя қойды. Маған айтты: «Жаңа сіз шығып кеткеннен кейін менің жындарым келіп бәрін айтты, сіз келгеннен кейін болды. Сізде қасиет бар екен». Бізге бақсы сөйлей алмайды, жыны біз тұрған жерде ойнай алмайды», – деп.

 

Неге? – деп сұраймын.

 

– Біздің үлкен нағашымыз Қилыбас деген кісі. Біздің Абылхан атамыз 17 жасында, Мәмбет ішіндегі Қарақұрсақ елінің Қилыбас деген кісінің қызына үйленеді. Ол кезде Қилыбас атамыз батыр болыпты. Ол заманда батыр адам жылқы күзетіп, барымтаға барады. Жортуылға көбінесе жалғыз аттанады екен. Бір күні түнде – елсіз, жапан далада жалғыз келе жатса, алыстан бір ауылдың оты көрінеді. «Әке-ау, мына жерде ел жоқ еді ғой, бұл кімнің ауылы болды? !» – деп таңырқап келе жатса, әлгі от жақыннан жылтылдайды. «Мынау жақын жерде екен ғой, не де болса көре кетейін», – деп бұрылып жақындап барса, үш келте шашты, тырбық бойлы кішкентай қыздар екен. Үшеуі жылқының үш тезегін жағып, «Қилыбас келді – кісі келді, Қилыбас келді – кісі келді», – деп сықылықтап күліп отты айналып, өлеңдерін айтып жүр екен.

 

«Е, мыналар екен ғой! », – деп осқырынған атын қарағанның түбіне мықтап байлап, олармен қол ұстасып, солардың әуеніне кіріп – өлеңдерін айтып, отты төртінші боп айналады. Мұндай жерде өзің қорықсаң мерт қылады, осы жерде нағашы атамыз өзін-өзі ұстап соларға қосылып кетеді. Сайтандар да анау-мынау адамға көріне бермейді, Қилыбас атамызда да қасиет бар болған. Бір уақытта ыңғайы келгенде үшеуінің де шаштарынан шап беріп ұстап, қолына орап-матап алыпты. Дырау қамшысын жұлып алып: «Мә саған Қилыбас, мә саған Қилыбас! Мә саған кісі келді! », – деп үшеуін де ұрып ала жөнеліпті.

 

Ұрып жатыр, ұрып жатыр. Болмаған құбылыс қалмады – жылан да болып ысқырды, бүркіт те болып шаңқылдады, не бір қорқынышты айуанаттың кейпіне келіп құбылды-ай дерсің! Бір уақытта үшеуі үрген үш тұлып болып тұрып алыпты. Қамшының өткені қайссы, өтпегені қайссы білінбейді, торсылдатып ұра беріпті. Әбден шаршап сілесі қатқан кезде үшеуінің сертін алып босатыпты:

 

«Ұрпағымның ұрпағына жолаймысың?», – деп.

 

«Үрім бұтағыңа жоламаймыз», – деп аналар зар қағып, үшеуі үш жаққа қашыпты. «Сонда бір нәрсені – солардың теңгесін алуды ұмытыппын», – дейді. Сайтанның тілінің астында теңге болады екен, сол теңгеге ие болған адамға көріпкелдік қасиет бітеді екен. Олармен емін-еркін араласып билігін де жүргізе алады-мыс. Қилыбас атам осыны өкініш қылып өмірден өтіпті дейді.

 

 

 

Автор: vk.com




Көрілген: 2953    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 11:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30