Сен-сенбе, мен Шәмші Қалдаяқовпын...

Сен-сенбе, мен Шәмші Қалдаяқовпын...

(Болған оқиға)

1992 жылы шілде айында Шымкентте болып, бұрынғы ескі "Әмбебап" дүкені жанындағы қонақ үйге орналастым. Қонақ үй әкімшілігі қызметкері мына ғажайыпты баяндады.

"Бірер күн осында мұртты, толық денелі, қара торы, ет жеңді, бойы орташа әдемі киінген қазақ жігіті келді де: "Бір күн қонамын, маған "люкстен" орын бер, мен Шәмші Қалдаяқовпын" – дегені. Өзінің жасы отыздың арғы-бергі жағы. Құжатыңды көрсет десек: "Сен-сенбе, мен Шәмші Қалдаяқовпын" деп кетпей тұрып алды.

Өзі өте сұсты, еш нәрседен тайсалар емес. Мәселе асқынған соң, қонақ үй директорын шақырдым, ол кісі келді. Жағдайды айттым. Әлгі жігіт болса айтқанынан қайтар емес. Директор: "сен жассың, ал Шәмші болса алпысқа келді" десе де көнер емес.

Қонақ үйге бір-екі күн бұрын Шәмші аға орын алып орналасып, дем алып жатқанды. Жанында Шәмшінің досы, жазушы Оразбек Бодықов бар болатын. Ұят та болса, директор өзі барып Шәмші аға мен О.Бодықовты ертіп келді.

Шәмші аға басын төмен салбыратып, О.Бодықовтың жанында тұр. Ыза болған директор: "Ей, жігітім, міне – Шәмші!", – деп еді әлгі жігіт "Композитор Шәмші Қалдаяқов – менмін", – деп масқара еткені. Бір уакытта әлгі жігіт Шәмші ағаға қарап: "Қартайып кетіпсің ғой, сені алпысқа толады деп еді, мені де тойыңа шақыр", –деп, кері бұрылды да, "сен, сенбе, мен – Шәмші Қалдаяқов", – деп конақ үйдің сырткы есігін ашып, далаға шығып кетті.

Біз артынан жүгіре шықтық, әлгі жігіт зым-зия жоқ. Жер жұтты ма, оны біз қайтып көре алмадық, ал басқа жерде "Шәмшімін" дегенді естімедік, бұл не, аға?..

Сонда қонақ үй басшысы мен О.Бодықов ана жігітке бірдеңе айтуды Шәмші ағадан өтініп еді, Шәмші аға аузын ашпай, кейін шегініп, О.Бодықовқа: "Кетейікші, кетейікші", – дей берді.

Ана жігіт далаға шығып кеткенде Шәмші аға тұрып: "Шәмші өлмепті ғой, Шәмші екеу екен ғой", – деп терең күрсінгенде оның бозғыл өңіне қан жүріп, өңі оңала, әрлене бастады. Шәмші ағаның иығы көтерілгендей болды. Ол аяңдап баспалдақпен жоғары көтеріліп, өз бөлмесіне кетті.

Бұл кез Шәмші аға үшін ауыр кез болған екен. Өзі ауру, зейнет ақы да, атақ та жоқ, қатты қайғылы кезеңі екенін кейін білдік", – деп, қонақ үй әкімшілігі қызметкер әңгімесін аяқтады.

Шәмші аға қайтыс болған соң қана атақтар алғанымен, оны өз қолымен алып, халқымен қайта құшақтасып табысуға Алла нәсіп етпеді.

Ана жұмбақ "Шәмші жігіт" көп жыл өтсе де, әлі жұмбақ күйінде қалуда. Кім білсін, жанын шүберекке түйіп, уайым-қайғысын арқалап өз еліне сағына барғанда, бала Шәмші рухы қуат беріп, ұлы сазгерді бір уақыт болса да жігерлендірген шығар, оның о дүниеде де Алланың сүйікті құлы екенін ескерткен де шығар.

Шәмші ағаның жаны жәннәттан, орны пейіштің төрінен болсын, – дейік, ағайын. 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста