Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шаманға сенуге бола ма?

  • Шаманға сенуге бола ма?

    Шаманға сенуге бола ма?

Автобус аялдамасынан «Ясновидящая Алтайская шаманка, победитель битвы экстрасенсов» деген жарнамаға көзім түсті. «Сеанс от 1000 болезней гадание в подарок» дегенді оқығанда мың ауруды жазатын бұл неткен емші болды екен деген ойға қалдым.


Иә, жарнамасы келісіп-ақ тұр: «Шаманка поможет в проблемах бесплодие, рак, миома, климакс, долги, кредиты, алкоголизм, изнасилование, венец, одиночества» дегенді оқыған кез-келген пенденің шаманның көмегіне жүгінгісі келіп кетері анық. Өйткені, бұндай дерттер мен тағдыр басқа салған қиындықтардан құтылуды армандамайтын жан бар ма. Қатерлі ісікті (рак) қазіргі медицина аздап күшін қайтарғанымен, түбегейлі жазып жіберуге дәрменсіз болып отырғаны белгілі. Ал кімнің бала сүйгісі келмейді дейсіз. Кредит алып, қарызға батып қаржыдан қиындық көріп жүргендер мен араққа салынғандар, жалғыздық жанан


кеміргендер – бәрі де тағдыр салған ауыртпалықтан құтылуды ойламайды дейсіз бе. Міне, сондай емі жоқ дерттер мен тағдыр басқа салған, адамның өз күшімен шешуі қиын ауыртпалықтардан әп-сәтте айырамын деген шаманның көмегіне жүгінгісі келетіндер аз болмайтыны анық.


Нарық талабы бойынша: сұраныс бар жерде, ұсыныс та болады. Ресейден шыққан Алтайдың шаманының ел кезіп өзге мемлекетке келіп алшаң басып жүргені – қызметіне сұраныстың барлығынан болып отырғанында дау жоқ. Әрине, егер Алтай шаманы өзі айтқанындай емі жоқ дерттерден жазып, тағдыр тауқыметінен құтқарып жатса әңгімеміз жоқ, бірақ та ақша билеген нарық заманында жұртты алдап ақша табуға құныққан алаяқтар көбейген қазіргі күні солардың қатарын толықтырып жүрген біреу болса ше?І.


Ертеде қазақтар арасында бүгінгі күні шаман атанған бақсылардың болған және олар жәй адамдар емес, бойларында қасиеті бар емшілік жасап, көріпкелдікпен е айналысқандықтары ел аузында қалған әңгімелерден белгілі. Өткен ғасырларда өмір кешкен атақты Қойлыбай бақсы туралы мынадай әңгіме бар. Жынды бағындырып, өзіне қызмет еткізген бақсының құдыретіне күмәнданған біреу үлкен алқалы тойда бәйгеге қобызыңды неге қоспайсың деп қалжыңдайды. Халық арасында таңғаларлық не түрлі өнерімен белгілі болған атақты бақсыға осындай оспадар қалжың айтқаны намысына тисе керек, Қойлыбай қобызын бәйгеге шабуға кетіп бара жатқан атбегі балаларыдң біріне беріп, мәрелі жерде өсіп тұрған үлкен бір сексеуіл болады, соған қыл арқанмен байлап кет деп тапсырады. Атбегі бала бақсының айтқанын айнытпай орындайды. Содан жарысқа шапқан тұлпарлар алысқа ұзап, межелі жерге жақындағында таңғаларлық жай болады. Бақсының қобызы үлкен сексеуілді қопарып алып, сексеуіл жерден сәл-пәл көтерілдіп ұшып келеді дейді. Қойлыбайдың сексеуілге байланған қобызы барлық тұлпардан озып, межеге аттардан оқ бойы озық келеді. Міне, бақсының құдыреті.


Қазақтың бақсылары туралы С.Мұқановтың «Өмір мектептері» кітабында да жазылады. Ақыл-есі ауысқан бір қызды бақсының қалай емдеп, жазғанын өз көзімен көрген жазушы сол оқиға туралы тамсана жазады. Бұндай таңғаларлық жайлар қазақ бақсыларының арасында өте көп кездескен. Содан болар, қазақтар бақсыларға күмәнсіз сенген.


Ресейлік шаман Алла Громова өзінің сайтында жазған мақаласында қазіргі шаманбыз деп жүргендердің 90 пайызы алаяқтар екендігін айтады. Сондайлардың қармағына түскендер ауруларынан айықпақ түгілі, оны асқындырып алып, қиын жағдайға қалып жатады екен. Жарнамасын келістіріп, үстеріне неше түрлі әлем-жәлем киім киіп, кепшігін қағып, сырнайын сыздатқан бақсыларға сенгендер ақшаларынан бір айрылып, дер уақытында емделмей ауруларын және асқындырып алып жатады дейді ресейлік шаман әйел. Оның айтуынша, алаяқтар мен шынайы шамандарды айыру үшін ең алдымен олардың әңгімелеріне назар аудару керек. Шынайы бақсылар қарапайым, ұғынықты сөйлейді және өздерін жарнамаламайды, ал алаяқтар әржерден оқып алғандарынан құрастырып өздері де түсінбейтін ұзын-сонар бірдеңелерді айтады дейді А.Громова. Шынайы бақсылар кепшік, сыбызғы сияқты құралдарын ешкімге ұстатпайды, ал алаяқтар керісінше оны басқаларға ұстап көрулеріне беріп жатады екен.


Көкшетауға келіп, адамдарды мың дертінен айықтырмақ болған Алтай шаманының бойында шынайы қасиет бар ма, жоқ ақша табуды ойлап жүрген алаяқ па, ол бізге белгісіз. Бірақ мына жайды естен шығармау қажет-ақ: рак сияқты жазылмас дертке ұшырасаңыз ең дұрысы емханаға барып, қазіргі медицинаның көмегіне сүйенгеніңіз жөн, ал жолымды ашып, қарыздан құтыламын десеңіз, онда бақсыға емес, қарадан шығап миллионер болған өзіндік даму ғылымының білгірі Сайдмұрод Давлатов сияқты қаржыгер сарапшылардың көмегіне жүгінген дұрыс болады. Барлық мәселемді шаман шешіп береді деу жаңсақтық қана емес, ақылсыздық та.


akikat01.com




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31