Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шаңырағым дуаның кесірінен ортасына түскен сияқты

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Мен осыдан 3 жыл бұрын өзімнің сүйген жігітіме тұрмысқа шықтым. Ата-енеммен бірге тұрдым. Күйеуім үйдің үлкені. Өзінен кейін бір інісі мен қарындасы бар. Күйеуім екеуміз өте бақытты болдық. Үйленген соң 2 айдан соң тұңғышымды көтердім. Қайынсіңілімнің жасы менен үлкен, ол тұрмыс құрған болатын. Бірақ үйге жиі келетін. Бір келсе 1 апта жатып кетеді де ,2-3 куннен соң қайта келіп апталап жатады. Кұйеуімен, үш баласымен бірге келеді кей кезде. Бір ауданда тұрамыз.


Менің әр тірлігіме, істеген тамақтарыма қайным мен қайынсіңілім тисіп, екеуі бір-біріне мені мазақтап күліп отыратын. Екеуінің мазағынан шаршап кеттім де бір күнә күйеуіме "ұнатпаса жемесін тамағымды,мен ауыздарына құйып жатқан жоқпын ғой" деп жыладым. Ол сенбеді. Менің өз бауырларым ондай емес, менің жолдасымды сыйлап тұрады.


 


Ең бастысы күйеуім мені жақсы көрсе болды ғой деп әлгілердің мазақтарына көніп жүре бердім. Бірақ куйеуім қайныма ұрысқан екен. Ол үндемей құтылыпты. Содан кейін жолдасым маған енді ол саған тиіспейді деді. Бірақ қайынсіңілім мені бала сияқты көре ме, маған ұрыса беретін. Куйеуім көріп қойып оған да ұрысты. Бірақ ол бəрібір тиісуін қоймады. Осылай біраз уақыт өткен соң мен тұңғышымды босандым. Күйеуім балам екеумізге бар жағдайды жасап жүрді. Бір жерге барса мені қасынан тастамайды.Уақыт өте күйеуім қатты өзгере бастады. Мені көрсе жын көргендей болады. Жүріс тұрысымды, істеген тамағымды, үй шаруаларымды, бəрін жақтырмады. Қайынсіңліме мені жамандайтынды шығарды.


Бірде баламның грыжасын емшіге оқытуға апарғанымда сол кісі маған сен дуаланғансың ғой деді. Бірақ мен ол кісінің бұл сөзіне аса мән бермедім. Осылай үйдегі кикілжіңмен 2 жыл өтті. Күйеуімнің маған деген жек көрініші арта берді, жиі қол көтеретін болды. Көзіме қара мысық жүгіріп откендей корине берді. Өзімнен өзім қорқып жүрем. артымнан біреу түртетін сияқты болды. Артыма қарасам кəрі кемпір айқалап күлетіндей болды да тұрады. Түнде күйеуімнен қорқып көз ілмеймін. Көзім ілініп кетсе ол маған пышақ тығып алатындай болатын. Куйеуім туыстарының, достарының козінше мені мазақ етіп күле бастады. Бұрын мені аялап жүрген куйеуім неге өзгерді. Шынында дуалады ма бізді деген ойлар келді. Куйеуім үйге жиі қонбайтын болып, ақыры "мен сенімен тұрғым келмейді, қателескен екенмін бұрын, кетші" деп ашық айтқаннан кейін ажырасып тындық. Қазір бір жылдан асты екі жақтамыз, ол бізді іздемейді. Сұрайын дегенім, дуа деген бар ма, бұл рас па? Сол кездегі қорқыныш бойымда əлі бар. Тіпті күндіз де жалғыз жүруге қорқамын. Ал қара мысық кез келген жерде бұрылып қалсам жүгіріп өтеді. Әбден мазам кетті, қатты шаршап жүрмін.


 


Айсұлу, Алматы облысы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1011    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31