Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Шайтан ағашы" әлемге қауіп төндіре бастады (фото)

  • © islam.kz

    © islam.kz

Жергілікті халық "Шайтан ағашы" атап кеткен бұл өсімдік арамшөптен бетер қаулап, қаптап келеді. Төңірегін шөлге айналдыратын ағаштың атауы "Мескит". Тамыры 50 метр тереңдікке дейін жайылады. Ылғалды сіңіру үшін. Сондықтан аптап ыстықта да өңін бермейтін әрі шөлге төзімді ағаш.


Әуел баста еурпалық биологтар Судан билігіне бұл ағашты шөлейттенуге қарсы күресте пайдалануға кеңес берген еді. Алғашында мұндай ағашты отырғызу өз-өзін толық ақтады: күн көзінен тіршілік иелеріне сая, малға қорек, үшіншіден, отын.


Алайда, қысқа мерзімді ғана пайдалы болып шыққан. Болашақта салдары ауыр апатқа апаратын өсімдік екені анықталды.


Бұл жайында National Geographic дерек көзі мәлім етті.


Қазіргі уақытта Африка құрлығының барлық түкпірінен кездестіруге болады бұл ағаш түрін. Өйткені, 1997-98 жылдары аталған құрлықтың шығыс бөлігін түгел қамтыған нөсерден бұл ағаштың дәні шалғай жерге дейін жетіп, өзге тіршілік иелеріне қауіп төндіріп отыр. Жан-жағын, жайылым жерлерді де шөлге айналдырып. Бұдан бөлек, сүтқоректілердің тісін зақымдайды.


Осыған байланысты ғалымдар мескитің табиғи жауы саналатын эвип күйесін жіберуге кеңес беруде.


Алайда, аталмыш күйе шектен тыс қаптап кетсе, олардан да тіршілікке төнер қауіп аталмыш ағаштікінен асып түспесе, кем түспейді.  


islam.kz




Көрілген: 4536    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31