Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шайтан Пайғамбарға (с.ғ.с) қандай сыр айтқан?

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде шайтанмен бетпе-бет әңгімелескені туралы хадис бар. Бұл хадисті сахаба ибн Аббас жеткізген.

 

Хадисте Мағаз ибн Жебел диалогты былай баяндайды: «Бір күні пайғамбармен бірге ансарлардың (мәдиналық адамдар) бірінің үйінде жиналып, әңгімеге кірісіп кеткенбіз. Сол кезде сырттан әлдебіреу: «Үй иесі және үйдегілер! Маған үйге кіру үшін рұқсат бересіздер ме? Менің сіздерден жалғыз тілегім және ортаға салатын ісім бар», &ndash деп дауыстады. Сонда пайғамбар: «Бұл сөйлеп жатқан кім, білесіздер ме?» &ndash деп сұрады. Біз: «Ең жақсы білетін Алла және оның пайғамбары», &ndash дедік.

 

«Ол &ndash шайтан. Алланың лағнеті оның үстінде болсын», &ndash деп пайғамбар өзінің сұрағына өзі жауап берді. Сол арада хазіреті Омар: «Ей, Алланың елшісі маған рұқсат беріңіз, оны өлтірейін», &ndash деп еді Пайғамбар оған рұқсат бермейді.

 

«Әй, Омар, тоқта! Оны сен жақсы білмейсің. Оған Алла Тағала тарапынан белгілі бір уақытқа дейін мерзім берілген, өлтіремін дегенді қой», &ndash деп пайғамбар оны тоқтатып тастады да, артынша: «Есікті ашыңыздар! Ол ішке кірсін. Шайтан бұл жаққа келу үшін Алладан әмір алған. Айтқандарын түсінуге тырысыңыздар», &ndash деді. Рави есікті ашты, шайтан ішке кірді де, бізге көрінді. Ол шашы тақыр, көзі қыли көсе шал екен. Иегінде тек алты-жеті қыл салбырап тұр. Аттың қылы секілді.

 

&ndash Сәлем, Мұхаммед! Сәлем сіздерге, мұсылман жамағат! &ndash деп сәлем берді.

 

&ndash Сәлем Алланыкі, лағнет! &ndash деді Пайғамбар.

 

&ndash Бір жұмыспен келгеніңді естідім. Ол қандай жұмыс?

 

&ndash Мен бұл жерге өз ықтиярымнан тыс келуге мәжбүр болдым. Құрмет иесі &ndash Раббының жанынан маған бір періште келіп Алла Тағаланың маған: «Өте сорлы бір күйде Мұхаммедке барасың. Оған адам баласын қалай алдап-арбайтыныңды түсіндіріп, қалай адал жолдан тайдыратыныңды баяндайсың. Одан кейін сенен не сұраса да, шыныңды жасырмайсың. Егер сөзіңе бір өтірік қоссаң, шыныңды айтпасаң, құл қыламын, дұшпандарыңның алдында сені ойыншық етемін», &ndash деген сәлемін жеткізді. Міне, осы әмір бойынша саған келдім. Маған қоятын сұрақтарыңды қой. Егер дұрыс жауап бермесем, дұшпандарым менімен ойнайды. Сол себепті мен үшін дұшпандарымның ойынынан үлкен қиянат жоқ.

 

&ndash Ендеше, сөздерің шыны мен рас болса, сұрақтарыма жауап бер. Жұрт арасында ең жек көретін адамың кім?

 

&ndash Ей, Мұхаммед, сенсің! Алланың жаратқандарының арасында сенен жек көрінішті адам жоқ.

 

&ndash Менен басқа қандай адамды жақтырмайсың?

 

&ndash Барлық нәрсесін Алла жолына ұсынған жас адамды.

 

&ndash Содан кейін кімді жек көресің?

 

&ndash Өзі сабырлы бола алатын, зиян нәрселерден аулақ жүретін ғалымды. Тазалық үшін үш рет жуынатын адамды.

 

&ndash Әрі қарай айта бер.

 

&ndash Сабырлы, кедей адамды. Өзіне қажетті затты ешкімнен сұрамайтын, өзінің халі туралы ешкімге мұң шақпайтын адамды.

 

&ndash Сен кедейдің сабырлы екенін қайдан білесің?

 

&ndash Ей, Мұхаммед, кедейлер қажеттерін өзі сияқты біреуге айтпайды. Кімде-кім өз зәрулігі туралы өзі сияқты біреуге үш күн бойы немесе күн сайын зарлайтын болса, Алла оны сабырлы адамдардан санамайды. Оның сабырлығын өз халін ешкімге айтып, Аллаға шағынбайтыны деп түсінемін.

 

&ndash Содан кейін кім?

 

&ndash Шүкірлік еткен бай адам.

 

&ndash Мақұл, ол бай адамның шүкір ететінін қалай білесің?

 

&ndash Оған анықтап қарасаң, алғанын адал жолмен табады, өз жөнімен жұмсайды. Осыдан оның шүкір етіп жүретін бай адам екенін білемін.

 

Пайғамбар тақырыпты ауыстырып, оған басқа бір сұрақтар қойды.

 

&ndash Мақұл, менің үмбетім намазға тұрғанда саған не болады?

 

&ndash Ей, Мұхаммед, әр мұсылман намаз оқығанда ыстығым көтеріліп дірілдеймін.

 

&ndash Неге мұндай боласың, ей, лағынет жауғыр?

 

&ndash Егер бір құл сәжде етсе, ыстығым бір дәрежеге көтеріледі.

 

&ndash Мейлі, олар ораза тұтып, ауыз бекіткенде қандай боласың?

 

&ndash Бұл кезде олар ауыз ашқанға дейін мен байланамын.

 

&ndash Мұсылмандар қажылыққа барған кезде қандай хал кешесің?

 

&ndash Ол кезде жынды болып кетемін.

 

&ndash Үмбеттерім құран оқыған кезде не боласың?

 

&ndash Ол кезде тура отқа балқыған қорғасын секілді еримін.

 

&ndash Ал садақа берген кезде қандай боласың?

 

&ndash Ә-ә, бұл кездегі халім өте мүшкіл. Садақа берген адам қолына араны алып, мені екіге бөлген сияқты болады.

 

&ndash Неге арамен екіге бөлген сияқты боласың, ей, лағынет?

 

&ndash Бұны да айтып берейін. Садақада төрт жақсылық бар. Олар мыналар: Алла Тағала садақа бергеннің малына берекет дарытады, халқына сүйікті етеді, оның берген садақасынан дозақ арасында бір перде жасайды, пендені бәледен, қиындықтан және тағы басқалардан сақтайды және оларды жоқ қылады.

 

Бұдан кейін Пайғамбар ібіліске қысқа-қысқа сұрақ қойды.

 

&ndash Ей, малғұн, бірге отыратын жолдасың кім?

 

&ndash Өсімқорлар.

 

&ndash Досың кім?

 

&ndash Зинақорлар.

 

&ndash Төсектесің кім?

 

&ndash Маскүнемдер.

 

&ndash Қонағың кім?

 

&ndash Ұрылар.

 

&ndash Елшің кім?

 

&ndash Сиқыршылар.

 

&ndash Көзіңнің нұры не?

 

&ndash Зайыбынан ажырасқандар.

 

&ndash Сүйіктің кім?

 

&ndash Жұма намазын тастап кеткендер.

 

&ndash Ей, малғұн, сенің көңіліңді не бұзады?

 

&ndash Алла жолында күресуге шыққан мұсылмандардың мінген аттарының кісінеуі.

 

&ndash Сенің денеңді не ерітеді?

 

&ndash Тәубе еткеннің тәубесі.

 

&ndash Бауырыңды не ірітіп-шірітеді?

 

&ndash Күндіз-түні Алладан кешірім сұрау.

 

&ndash Бетіңді қай уақытта тыржитасың?

 

&ndash Жасырып садаққа берген кезде.

 

&ndash Көздеріңді көр қылатын не?

 

&ndash Түнгі намаз.

 

&ndash Басыңды не идіреді?

 

&ndash Жамағатпен көп рет оқыған намаз.

 

Осыны айтқан Ібіліс пайғамбарға: «Міне, саған осы айтқандарымның бәрі шындық», &ndash деп көзден ғайып болады.

 

 

Дидар Бегалиевтің

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 12556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31