Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шляпа, ақ костьюм, ақ шалбар киген адам сол жерден маған қарап тұрды...

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат Байқожаев үйінің ауласынан әлі күнге дейін адам сүйектерін жинап жүр, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі.

 

Осыдан екі жыл бұрын облыс тұрғыны кәріз құбырын тартпақ болып, өз үйінің ауласынан адам қаңқаларын қазып алған еді. Табылған мүрделердің саяси қуғын-сүргін жылдары құрбан болған адамдардікі екені де расталған. Ауыл тұрғыны адам мүрделері әлі де бар, бірақ зерттеліп жатқан жоқ дейді.

 

«Ас үйден қонақ бөлмеге қарай есік бар еді, 38 жылдардағыдай шляпа, ақ костьюм, ақ шалбар киген адам сол жерден маған қарап тұрды», – деді Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат БАЙҚОЖАЕВ.

 

Мұрат Байқожаев бір қарағанда қорқынышты әңгіме айтып тұрған сияқты. Бірақ ол өзінің балалық шағын еске алып, күнделікті өмірінде кездесіп тұратын тылсым құбылысты баяндап берді. Елес пе, әлде өзге ме? Ақ киінген адамдарды бұл үйдің тұрғындарының барлығы көрген. Сірә, бұл сол зұлмат жылдары жаны оққа ұшқан адамдардың жанайқайы шығар дейді ол. 2018 жылы үйіне кәріз құбырын жүргіземін деген Мұрат Байқожаевтың ауласынан адамдардың сүйектері табылған. Сөзінше, содан бері аймақты аралап зерттеу жүргізген ешкімді көрмепті. Ал өзі қаңқаларды әлі күнге дейін жинап, музейге өткізіп тұрамын дейді.

 

«Мына жерде археологтар келмегеннен кейін трактормен қаздық. Трактормен қазғаннан кейін, бәрі араласып кетті. Сосын бульдозермен итеріп жаптық. Сонда сүйектері қалды. Кішкене қазсаң, адам сүйегі шығады. Соның бәрін жинап, мына шелекке салып жатырмын. Міне табылады. «Бисмилламды» айтып, осының ішіне жинап жатырмын», – дейді Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат БАЙҚОЖАЕВ.

 

Үй иесі өз уческесінен басқа да жақын маңда сүйектер барын айтады. Алайда олардың кейбірін ары-бері ит алып кетеді екен.

 

«Көршімнің үйінен ит адамның дәу сүйегін тапқан. Қарасаң батыр. Барлық тісі түгел. Ал мынандай сұмдықты көргенде, әрине, жүрегім ауырады. Қалай жүрдіңдер деп, елдер сұрақ қояды. Олар бізге тиіскен жоқ, олар келеді, көрінеді. Ақсүйектер келіп бір қан шығарып, қой сойып, ырымын жасай ма деп ойлағам, біреуі келген жоқ, ешкімге керегі жоқ», – дейді Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат БАЙҚОЖАЕВ.

 

Мұрат Байқожаевтың сөзінше, жаңбырдан кейін де жер бетіне құрбан болған жандардың сүйегі қалқып шығады екен. Оны ол мұқият жинап, талай рет осында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне» апарған. Қазір тұрғынның ауласынан табылған сүйектермен қатар қаза болғандардың жеке заттары да осы мұражайға қойылған.

 

«Жаңалық ауылындағы бір үйдің ауласынан табылған экспонаттар, адамдардың сүйек қалдығы табылған болатын. Табылған сүйектің бас шүйдесінде оқтың тесік іздері қалған және қасында оқтар табылды», – дейді Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Мейіржан МҰСАБАЕВ.

 

Алматы облысы бойынша 4125 адам «халық жауы» атанып, өлім жазасына кесілген. Бәрінің есімі осы мұражайдағы қара тасқа жазылған. Тарихқа жүгінсек, жалпы елімізде 103 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылып кеткен.

 




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 09:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31