Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шопан Торғай даласында жатпланеталыққа кез болған

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

1979 жылы Торғай облысындағы (қазіргі Қостанай облысы) шопандардың бірі кездейсоқ жатпланеталықпен кездесіп қалған. Ол өзгеғаламшарлықты шөп арасына әскерилерден тығып тастап, Жерді жатпланеталықтармен қақтығыс салдарынан құтқарған болуы мүмкін деп жазады «Экспресс К».


Бұл оқиғаны сол кездері Арқалық қаласында тұрған Татьяна Леонова айтып берді. Ол шопан шөп арасына тығып қойған жатпланеталықты өз көзімен көрген.


Бір күні Сағымбай белгісіз жарық салдарынан оянып кетеді. Кейін атына отырып, жарыққа қарай жүрген. Даладан ол түбінде күміс диск орнатылған үлкен кратерді көреді. Ал қасында үлкен қара жұмыртқаға ұқсас затты байқаған.


Шопан кетпек болып бұрылғанда, «жұмыртқаның» ашылып, сұр түсті бір заттың шыққанын көреді. Жатпланеталық өте ұзын әрі арық болған екен.


Шопан өзгеғаламшарлықты атына мінгізіп, үйіне алып келген. Ал қатты таң қалған әйеліне ет асуды бұйырады. Жатпланеталық ет жеуден бас тартқанымен, еттің қамырынан ауыз тиіпті. Сондай-ақ, оған құрт ұнаған көрінеді.


Сағымбай шопан екі апта бойы өзгеғаламшарлықты ауылға келген әскерилерден тығып тастайды. Осы аралықта «қонақ» карт пен дойбы ойнауды меңгеріп алған екен. Ал 26 маусым күні ол аяқ астынан жоғалып кетті.


Дәл сол күні «Торғай оқиғасы» болған еді. Болжам бойынша, пионерлер әртүрлі белбеуі бар комбинезон киген төрт жатпланеталықты көрген. Татьяна олардың жерде қалып қойған жатпланеталықты алып кеткеніне сенімді. Осылайша, қонақжай шопан адамзатты жатпланеталықтармен қақтығысудан аман алып қалған болуы мүмкін.


Автор: Алан Исаев 




Көрілген: 3608    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30