Шотландияның көлiнде пайда болған алып аждаһа

Шотландияның көлiнде пайда болған алып аждаһа

Әлемнiң түкпiр‑түкпiрiнде түрлi келеңсiз құбылыстар жиi болып тұратын аймақтар жетерлiк. Адам баласы аяқ басса – iз‑түзсiз жоғалатын жерлер, ұшақтар апатқа ұшырайтын аймақтар, адамды өзiне тартып алатын батпақтар, тiрi пенде батып кететiн көлдер.

Осындай тылсым құбылыстар жайлы аңыз‑әңгiмелер сан ғасырдан берi айтылып келсе де, ғылым осы күнге дейiн бұлардың сырын түсiндiре алмай келедi. Оның үстiне ғалымдар жоққа шығара алмайтын тылсым құбылыстардың, алып құбыжықтардың барын дәлелдейтiн нақты суреттер мен бейнематериалдар бар. Оған “өз көзiммен көрдiм” деген жергiлiктi тұрғындардың әңгiмелерiн қосыңыз. Сондай әңгiмелердiң бiрқатары Лохнесс құбыжығы хақында.

Шотландияның Лохнесс көлiн мекен­дейтiн алып құбыжық жайлы аңыздар бағзы заманнан белгiлi. Бақа пiшiндес алып құбыжық көргенiн ең алғаш рет христиан дәуiрiнде римдiк жауынгерлер айтқан. Одан кейiн, бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VI ғасырда әулие Колумб жазбаларында құбыжық суреттелген. 1325 жылғы географиялық атласта Лохнесс көлiн мекендейтiн жылан пiшiндес алып балықтың суретi салынған. Тағы бiр аңыз бойынша, аждаһа 1527 жылы көл жағалауындағы емендердi қиратып, адамдарға қырғидай тиген. Бiр дерек 1880 жылы ашық аспан күнi тынық көлге шыққан қайық аударылып кетiп, ондағы адамдар бақилық болғанын айтады.

1933 жылы жергiлiктi басылымдардың бiрi құбыжықпен бетпе‑бет кездескен ерлi‑зайыптылардың әңгiмесiн жариялады. Дәл осы жылы көлдiң солтүстiк жағалауында жол салына бастаған. Адамдардың көптiгi мен техниканың шуына ашуланған жануар екi аптаның iшiнде он бес рет су бетiне шыққан. Ол ол ма, 1934 жылы Шотландия парламентi құбыжықтың бар‑жоғы мен оны қолға түсiру туралы мәселенi күн тәртiбiне қойып талқылады. Бұдан кейiн де ұшқыштар, жағалауға жақын тұрғындар құбыжықты өз көзiмен көргендерiн талай мәрте мәлiмдеген.

Кейiннен, 50-жылдардың ортасында хирург Р.Кеннет Уилсон құбыжықты суретке тартып алғанын жар салып, фотосуреттi көпшiлiкке жария еттi. Алайда 1994 жылы сурет қолдан жасалған фотомонтаж екенi әшкере болды.

Бiрақ бұл көлде құбыжық жоқ дегенге дәлел бола алмады. Кейiннен Лохнесс аждаһасының бар екенiн шүбәсiз растайтын видео түсiрiлдi. Оны 1960 жылы инженер­астронавт Тим Динсдейл түсiрген. Ол видеода алып әрi ұзын құбыжықтың су бетiндегi қозғалысы анық көрiнедi. Сарапшылар бұны қайық iзi деп жоққа шығармас үшiн Динсдейл жүзiп бара жатқан қайықтың көлде қалдыратын iзiн де бейнеге түсiрген. Қайық iзi мен жануар бейнематериалдарын зерттегендер екеуi мүлде бөлек дүние екенiне көз жеткiздi. Британдық бiрiккен барлау аэронавтикасының мамандары бейнематериалды зерттей келе оның жалған еместiгiн, көл бетiнде әлдебiр тiршiлiк иесiнiң 16 км/сағ жылдамдықпен жүзiп бара жатқанын растаған. Алайда 2005 жылы бейненi қайта қарап шыққан осы ұйым өкiлдерi бұл ешқандай да жануар емес, қайық iзi деген қорытынды жасады. Қалың көпшiлiк бұл қорытындыны мойындамай қойды. Түрлi компьютерлiк зерттеулер мен қайық iзiмен салыстырулар әрi Kodak компаниясы мамандарының жасаған тексеру жұмыстары бұл қайық iзi емес деген тұжырымды растады.

Бұдан бөлек жасалған дыбыстық сканерлеу тәсiлi көлде көлемi үлкен, өздiгiнен қозғалып, су бетiне шыға алатын нысандардың бар екенiн анықтаған.

1972 жылы Роберт Райнс бастаған Қолданбалы ғылымдар академиясының зерттеушiлерi фотографиялық құрылғыны пайдаланып зерттеу жүргiзген. Үш жылдан кейiн зерттеу тобы жариялаған суретте ромб пiшiндес жүзбеқанаттар бейнелен­генiн анық байқайды.

2007 жылы әуесқой зерттеушi Гордон Холмс көлге тыңдау құралдарын орнатып, тереңдiктегi дыбыстарды зерттеп көрмек болған. Ол көлдiң батыс жағалауына жақындай бергенде суда қозғалып жүрген әлдененi көредi. Лезде бейнекамерасын қосып, судың астында қозғалып жүрген ұзын қара затты түсiрiп алады. Ол нәрсе басын ауық‑ауық көлдiң бетiне шығарғаны болмаса, денесi судың астымен қозғал­ған. Және артынан көбiктi iз қалдырған. Артынша видеоны бүге‑шiгесiне дейiн зерттеген мамандар оның растығын, бейнеге түсiрiлген белгiсiз нысанның 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанын мәлiм еттi.

2009 жылы жер серiгiнен түсiрiлген суреттердiң бiрiнде көлде құйрығы ұзын жануардың сұлбасы көрiнедi.

Лохнесс құбыжығының бар екенiне сенбейтiндердiң келтiретiн дәлелi бiреу: көлдегi биомасса алып тiршiлiк иесi үшiн жеткiлiксiз. Алайда дыбыстық сканерлеу нәтижесi көлдегi 20 тонналық биомасса екi тонналық жануардың тiршiлiгiне жарамды екенiн дәлелдедi. Профессор Хенри Бауэрдiң тұжырымынша, көлде мекен ететiн жануар – палеозавр тұқымы болуы мүмкiн. Ал оның көлдiң бетiне көп шықпай, суда тiршiлiк етуiне қарағанда, қазiргi палеозавр оттегiсiз демалып үйренген болуы ықтимал. Алайда Лохнесс туралы болжамдарды жоққа шығаратын скептиктер көл түбiндегi тектоникалық құбылыстардың нәтижесiнде су бетiне көтерiлетiн толқындар мен атқылаулар адамдарға жануар болып елестейдi деп есептейдi. Ендi бiрi шотландиялықтар Лохнесс құбыжығын туристердi қызықтыру үшiн ойлап тапты деседi.

Десе декөп ұзамай алып жануар төңiре­гiндегi талас қайта қызды. Оны өз көзi­мiзбен көрдiк деген адамдар шықты. Шотландиялық фотограф Уилльям Джобс оны суретке де түсiрiп алған. The Daily mail басылымының жазуынша, ол былтырғы жылдың мамырында көл жағалауынан 250 метр жерден құбыжықты көрiп, оны суретке тартып үлгерген. Бiрақ жануар көл бетiне шығып, лезде жоғалып кеткен­дiктен, оның бiр бөлiгi ғана суретке түскен. Не де болса ғылым алып аждаһаның бар‑жоғы туралы нақты жауап бермейiнше, ол туралы алыпқашпа әңгiмелер тоқтамайтыны анық.


elnur-alimova@mail.ru
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста