Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шойын құлыпты дұғамен бұзған

  • Шойын құлыпты дұғамен бұзған

    Шойын құлыпты дұғамен бұзған

Шақпақ ауылында Заманбек деген ерекше адам өткен. Ол 1995 жылы дүние салды. Әруақ қонған, арқасы бар ол жарықтық өмірінің ақырына дейін мұсылмандық жолда  иман шарттарын берік ұстаған жан еді. Бұл туралы zamana.kz сайтында жарияланды.

Өз өмірінде қиямет-қайымды да аз көрмеді. Бір басына бұл жазмыш қаншама тауқыметті үйіп берсе де мойынсынбастан бо­йына біткен қасиетімен ел-жұртты таң-тамашаға кенелтіп жүрген екен тірісінде.

Коммунистік партияның «Дін &ndash апиын» деп дүрілдеп тұрған тұсында да Зәкең зікір салып, емшілікпен айналысқан. Басы ауы­рып, балтыры сыздағандар жан-жақтан ағылып келіп, оның алды­на кезекпен кіретін болыпты. Ем-дом қонған науқастар Заман­бек­ті көзі тірісінде-ақ әулиеге те­ңеп, «Ақ бақсы» деп атаған. Сон­дай-ақ оның көне қобызы болған.

Бірақ халыққа көмегін аямаған емші сол заманның тепкісіне түсті. «Ескіліктің қалдығын насихаттадың, Исламды уағыздадың» деген жаламен темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыққан. Сонда да Заманбек емші абақты­ға түстім екен деп мұсылмандық­тан теріс айналып кеткен  жоқ. Бес уақыт намазын үзбей, Аллаға құлшылығын жалғастырды.

Бірде қала түрмесінің қапас өмірінен әбден ығыр болған емші абақтыдағыларды аң-таң қалдыратын қызық қылық көрсетеді. Әуелі жақсылап мұсылманша дәрет алып, тұтқындардың көзінше дұға оқиды. Әлгілер әумин деп бет сипағанша болған жоқ, түрмедегі темір есіктің құлпы сарт-сұрт етіп, өзінен-өзі ашыла кетеді. Зәкең оларға: «Бұл мен үшін ашылды, сендерге еруге болмайды. Қысып қалып, майып боларсыңдар. Одан да менің тілеуімді тілеп, қайта оралғанымша тырп етпей отыра беріңдер», &ndash деп есіктен шыға жөнелген екен.

Заманбек Шақпаққа жетіп, бала-шағасымен қауышып, біраз мауқын басады. Тамақ ішіп болған соң, ауласының ішіне үлкен шеңбер сызады да, сол жерге төсек салдырып, күбірлеп дұға оқиды. Енді жамбастап жатқаны сол екен, түрме қызметкерлері мен қызыл шәпкі кигендер алқынып жетіп келеді. Ал кереметтің көкесі әлгі шеңбердің ішінде болса керек. Себебі оның ішіне әкіреңдеген қызыл жағалының біреуі де кіре алмай қор болады. Сызықты аттап өтсе болды, есінен айырылып, былқ-сылқ етеді де қалады. Сосын сәл есі кірсе тұра қашады. Бұл әрекеттерінен дәнеңе шыға қоймасын сезген мили­ционерлердің басшысы оған жата қалып жалынады. Зәкең оларды пенде ретінде аяп, өз аяғымен түрмеге оралған екен.

Мерзімін өтеген Заманбек ауылына келгеннен кейін уақытша емшілікті қойғансып, егін егіп, мал бағады. Дегенмен қанына сіңіп кеткен қасиетінен біржола қол үзіп кете алмайды. Арада 4-5 жыл өткенде ол өзіне жабылған жаладан тағы да түрмеге түсіп, бұрынғыдан да бетер азап пен қорлықты көріп шықты. Бұл жолы түрме басшылығы аянған жоқ. Қорлық атаулының неше атасын көрсетті. Алғашында емшіге намазға жығылуға, дәрет алуға, дұға оқуға тиым салынды. Кейін тіпті моншаға түсуге рұқсат бермей, сүлгі де ұстатпайтын болды. Шала имамдар мен дүмше дуакештердің ақылымен ұйықтап жатқанда үстіне шошқаның қанын шашып, арақ құйдырды. Мұнысы емшіні жебеп жүрген пірі мен әруақтары одан қашып кетсін деген бейшаралық амалы еді.

Осындай талай-талай құқайды көрген «Ақ бақсы» &ndash Заманбек абақтыдан құтылып, ауылына оралған соң да бәрібір дін жолынан тайынған жоқ. Алласы аузынан түспестен дертіне дауа іздеген қаншама жандардың алғысына бөленді.

Е. НҰРЛЫБАЙБИТЕГІ.

zamana.kz




Көрілген: 9147    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31