Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шіркеу 400 жылғы үнсіздіктен кейін алғаш рет жария түрде кешірім сұрады

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Германиядағы Айхштет қаласындағы католиктер шіркеуі алғаш рет осыдан 4 ғасыр бұрын шіркеудің ұйытқы болуымен орын алған, тарихта «мыстан аулау» деген атпен қалған қасіретті науқан үшін жария түрде кешірім сұрады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы The Independent мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін қарт тарихқа сәл шегініс жасайық: XV- XVIII ғасырлар аралығында осынау ата аталған қалада бірнеше жүздеген адам сиқырлықпен айналысты деген күдіктің құрбаны болды. Дәлірегі, шіркеудің бастамасымен олар азапталып өлтірілді.

 

Арада 4 ғасыр өткен соң неміс жеріндегі католик шіркеуі жария түрде кешірім сұрап отыр. Аталмыш қала архиепископы Франц Ханке бұл сұмдықты «шіркеу тарихының қаны сорғалаған жарасы» деп атады әрі құрбан болғандарды есте қалдыру мақсатында тақта орнататынына уәде етті.

 

Сол кезде күллі еуропа бойынша қасіретті науқанда сиқырлықпен айналысты деген күдікке ілініп, опат болғандар саны шамамен 60 мың адамды құрап отыр. Олардың 25 мыңы осы күнгі Германия аумағында өлтірілген.

 

Шолақ әрі дүмше науқаннан қаза тапқандардың дені әйелдер, алайда, олардың арасында балалар мен ерлер де болған еді.

 

Германиядағы «мыстан аулау» науқанының құрбаны болғандарды ақтап алу бастамасын 2011 жылы священник Хартмут Хегелер көтерген еді. Сол кезден бері немістердің 50-ден аса қаласында, соның ішінде Кельн мен Лейпциг секілді белгілі қалаларда олардың құрметіне мемориалды тақта мен ескерткіштер орнатып, кей жағдайларда көшеге есімдерін берді.

 

 

 




Көрілген: 7018    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31