Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шыңғысхан баба аян берді - коронавирус жақында тоқтайды

  • Шыңғысхан баба аян берді - коронавирус жақында тоқтайды

    Шыңғысхан баба аян берді - коронавирус жақында тоқтайды

 Шыңғысхан қазақ жерінде жатыр, жуырда бүкіл әлемге оны жариялаймыз деп хабарлаған түркістандық Гүлжанар апай жуырда пандемия аяқталатынын жеткізді. Айтуынша, ұлы билеуші оған аян берген.

Емші Гүлжанар апайдың айтуынша, жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін. Өйткені Шыңғысхан бабасынан беріліп жатқан аяндар соны меңзейтін көрінеді. Тіпті, коронавирусқа байланысты да аяндар келіп жатқан айтады.

"Маған беріліп жатқан аяндардың басым бөлігі жақын арада қабірдің есігі ашылатыны туралы. Осыған байланысты көп аян берілді. Сосын коронавирус тоқтайды деп айтып жатыр", - деген Гүлжанар апа өзіне аян кез-келген уақытта түсетінін айтады.

"Аян таң ата, күндіз-түні келе береді. Аянда не айтылса соны қағазға жазып аламыз. Соңғы берілген аяндарда есікке жақындап қалдыңдар, дайындалыңдар дейді. Менің қабірім шығар алдында бүкіл әлем дүр ете қалады дегені бар. Осы коронавирус туралы айтып жатыр екен", - дейді емші. Оның сөзіне сенсек, жақын арада жақсы жаңалықтар болуы мүмкін.

Жоғары жақтан жауап күтіп отырмыз деген Гүлжанар қабірді аршу бойынша жұмыстары қазір уақытша тоқтап тұр дейді. Мемлекет қашан қосымша күш жіберіп, қазу жұмыстарына көмектесуге үкім шығарады, сол кезде жалғастырамыз дейді әйел.

Түсінде тоғыз ғасыр бұрын жерленген ұлы қағанмен тілдесіп жүрген арыстық тұрғындар өздері қазған «қорым» басында Шыңғыс хан туралы бар білетіндерін жайып салды. Әуелі аян беріп, өзінің «жатқан» жерін көрсеткен әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы бес жылдан бері ерлі-зайыпты Сман Өтеген мен Гүлжанар Алтынбековамен «дос». Жуырда ғана олар телеарнадан берген сұхбатында елбасы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рұқсатын күтіп отырғандарын айтқан болатын.

Ал арыстық Махметкәрім Шанасов бүкіл дүние жүзіне Шыңғысханның қазақ болғанын дәлелдеп бермек

.Stan.kz

 




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31