Суықты сезбейтін адам

Суықты сезбейтін адам

Өмірде адам баласын таңғалдыратын құбылыстар өте көп. Оған бас шайқап, тамсанудың да қажеті шамалы шығар. Қалай айтқанда да, «адам баласы пешенесіне жазылғанын» көреді. Десек те, қайран қалдырар құбылыстардың болуы бекер емес, оның бірі адам қолымен жасалса, екіншісіне дарынды үйіп берген. Мұндайларды «Құдай берген талант» деп жатады. Сонымен...

 

Голландия азаматы Дэвид Блейннің өмірі таңғажайып құбылыстарға толы. Оның денесі суықты қабылдамайды, қырық, тоқсан, жүз градус аяз, үскірік боран мен қалың қар болсын, жалаңаяқ, жалаңбас күйі түк сезбей жүре береді. Тіпті қиын жағдайларда да адам баласы үшін қиын әрекеттерге барады. Мысалы, оның көз жетпес биік қарлы шыңдарды жалаңаш күйі бағындырған сәттері Гиннестің «рекордтар кітабына» енгені. Адам төзгісіз суықта көк мұздың үстіне жалаңаш күйі жатқан кездері де болды, денені қалшылдатар суықты елемей түк болмағандай орнынан тұрып, жүре беретін сәттерін де әлем көзбен көрді. Дүниенің бүкіл БАҚ пен сайттары Дэвид жайлы жапатармағай жазды. Блейннің осындай әрбір тосын әрекеттерінен кейін дәрігерлер оның ағзасын тексеріп көрген, ешқандай өзгерістер байқалмаған. Қорытынды нәтиже біреу: оның денесі суықты қабылдамайды. Алайда Блейннің ағзасында не бар? Басқа адам баласынан оның артықшылығы неде? Бұл сауалдар әлі күнге дейін дәрігерлер мен мамандарды ойландырумен келеді. Бірақ ғалымдар бір нәрсені анықтаған: Дэвид Блейн бастан кешіп жүрген жағдайларға басқа адам шыдас бермейді. Суықтан бірден қайтыс болады немесе соның салдарынан жазылмас дертке ұшырайды.

 

Үш жастағы ойын баласы Ретт Ламбдың да өмірі құпия құбылыстарға толы. Түр-түсі мен дене бітімі өзінің құрдастарымен бірдей, еш айырмашылығы жоқ. Ол да ойын баласы. Бірақ басқалардан артықшылығы бар. Ретт Ламб көз ілмей жүре береді, нақтылай айтсақ, ұйықтамайды, ұйықтай алмайды. Үш күн бойы жастыққа басы тимейді, демек үш күн көз ілмесе де шаршамай-ды, бірақ белсенділігі сол күйі сақталады. Дәрігерлердің ұзақ тексерулерінен кейін бір нәрсе анықталған. Баланың нерв жүйесі мен миының спецификалық ерекшеліктері бар. Ретт Ламбдың ұйқысы келмейтіні де сондықтан. Дәрігерлер алайда үш күн ұйықтамайтын баланың денесінде ешқандай өзгерістер жоқтығын айтады.

 

Дегенмен үлкен-кіші болсын, жоғарыдағы екі азамат сау адамдардың қатарына жатады. Олардың денсаулығы дұрыс, қалыпты жұмыс істейді. Алайда он екі мүшесінің бірі кем болса да, бойында таңғалдырар құбылысы бар таңғажайып тұлғалар бар. Соның бірі ағылшындық Бен Андервуд атты бала. Рактың белгілері байқалғандықтан (ретинобластом) оның бір көзіне үш жасында хирургиялық операция жасалған. Бұл онкологияның сирек кездесетін белгілерінің бірі. 1992 жылдың 26 қаңтарында туылған бала алғашқыда дені сау болып көрінген. Үш жасқа келгенде оның оң көзінде өзгерістер пайда бола бастағанын анасы байқаған. Мысалы, қою қараңғы бөлмедегі мысықтың көз жанарын елестетіп көріңіз. Жанып тұрады. ulix.ru сайтының ақпаратына сенсек, бала Бенде де осындай құбылыстар байқалған. Екі жыл өткеннен кейін барып дәрігерлер Беннің оң жақ көзі су қараңғы екендігін білген, тіпті оның көз қарашығы ағара бастаған. Офтальмологтар ұзақ уақытта созылған тексерістен кейін оған қауіпті диагноз қойған. Ретинобластома. Бұл сырқатпен оның атасы да ауырған көрінеді. Бірақ көзбен емес. Сырқаты басқа. Бірақ ол да рактан көз жұмған.

 

Бала Беннің болашағына алаңдаған дәрігерлер оның оң көзін алып тастаған. Алайда сырқаттың белгілері оның сол көзіне ауысқаннан кейін тағдыры қиындай бастаған. Дәрігерлер сегіз ай алысқанмен, химия терапиялық емнен еш пайда болмады. Мамандардың алдында екі жол тұрды: Бенді аман сақтап қалу қиын немесе ол көру қабілетінен айырылады. Мамандар екінші жолды таңдады. Екі көзі де көруден қалған Бен Андервуд анасының, аға-інілерінің көмегімен өмір сүруге дағдылана бастады. Айналасында қандай заттардың барын біліп, оларды орын-орнына қоюды үйренді. Тіпті көшеге шығып, қай жерге қандай жолмен баруды үйреніп, ағасының көмегі арқылы алдында қандай үй мен ғимарат тұрғанын біле бастаған. Алайда уақыт өте келе оның сол жақ көзінің қызарып тұратыны байқалған. Тағы бір қызығы, ол таңдайын қағу арқылы барлық заттың сыртқы пішіні мен бейнесін сезетін болған. Бұл қалай жүзеге асады? Мамандардың айтуы бойынша, Бен осылай дыбыс шығару арқылы өзінің санасына елес қабылдайды. Ол елес өне бойы санасында жаңғырып тұрады. Бір-ақ мысал: сіз мұздатқыштың ас үйде тұрғанын білесіз. Оның алдына барып көзіңізді жұмып біраз тұрыңыз. Бәрібір қарсы алдыңда мұздатқыш тұрғанын сезесіз. Санаңыздағы елес арқылы. Әсіресе, мұндай жайттар көзі көрмейтін адамдарда қатты дамыған. Олар санасында қалған заттың елесі мен жаңғырығы арқылы көп нәрсені сезеді және өмір сүреді.

 

Кітап оқып, компьютерлік ойындарды жақсы ойнаған Бен Андервудтің өмірі ұзаққа бармады. Ол 2009 жылдың 19 қаңтарында өз сырқатынан қайтыс болды.

 

Әрине, бұл Бен Андервудтің пешенесіне жазылған тағдыр. Ол соны көрді, көзі көрмесе де бастан кешті. Сөйтіп, өмірден өтті. Бірақ Бен адам мүмкіндігінің зор екендігін жұртшылыққа ұғындырып кетті. Ал...

 

«Динамо» деген лақап атпен белгілі болған британ сиқыршысы Стивен Фрейннің (суретте)әрекеті де таңдай қақтырарлық. Әлемде ешкім қайталамаған көз сүйсіндірерлік көрініс жасаған. svoyo.ru сайтының жазуына қарағанда, ол британ парламентінің алдындағы Темза өзеніндегі судың үстімен өткен. Қайықпен деп ойларсыз. Жоқ! Жалаңаяқ өткен! Жүздеген көрерменнің алдында бас шайқатар әрекет жасаған Стивен Фрейн шын мәнінде «суға салса, батпайтын» жан болып шыққан. Аяғының астына ештеңе байламай судың бетімен өзеннің ортасына дейін жалаңаяқ күйі батпай жаяу жүріп өткен Стивен Фрейнді ақыры жағалаудың қауіпсіздігін бақылайтын полиция алып кеткен. Бұл көріністі ағылшындық сиқыршы «Мүмкін емес әрекеттер» деп атаатын теле-шоу үшін жасаған көрінеді.

 

Әрине, мұның бәрі қарапайым адамға қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ сиқырдың сырын сиқыршы ғана біледі. Бұл ақиқат.

 

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі». Қазақтың бұл қанатты сөзінің хорваттық азамат Фран Селакқа қатысы бардай. All-Forum.ru сайтының дерегіне сенсек, ол жеті рет өлім аузынан қалған. Алғаш рет 1962 жылы Сараеводан шыққан пойыз рельстен шығып кетіп, мұзды өзенге құлайды. Барлық жолаушылар қайтыс болады да, қолы сынған күйі ол жағалауға жетіп, аман қалады. Бір жыл өткеннен кейін қонуға бет алған екі ұшақтың соқтығысы салдарынан 17 жолаушы қаза табады. Ал Селак шөптің үстіне құлап, оны Құдай сақтайды. 1966 жылы Сплит қаласына келе жатқан автобус өзенге құлап, ол тағы жағалауға жүзіп шығады. Бұл апатта төрт жолаушы қаза табады. 1970 жылы жолда келе жатқан автобустың май құятын багы отқа оранып автобус жарылып, ол тағы аман қалады.

Бұл бұл ма, осыдан үш жыл өткен соң Фран Селак тағы бір тосын жағдайды бастан кешеді. Ол көлік жөндеп жатқан кезде двигательден өрт шығып, басы отқа оранады. Кейін шаш та шықты, бірақ Селактың өмірінде орын алған оқиғалар сәттілік пе, сәтсіздік пе? Ол маңдайға жазылған тағдырды көрді. 1995 жылы ол көшеде автобуспен соқтығысып, аман қалды. Бұл жолғы жарақаты жеңіл болды. Алайда келер жылы оны тағы да Құдай сақтап қалды. Ол БҰҰ-ның үлкен автобусымен соқтығысып, тау жықпылында өсіп тұрған ағашқа ілініп қалады. Көрер жарығы бар Селак ағашқа ілініп тұрған сәтінде 90 метр биіктіктен құлаған көлігін көзімен көреді. Әрине, ол Жаратқанның көзі түскен, оққағары бар адам шығар. Бірақ бір қызығы оның отбасылық өмірі де жайсыз өткен, Селак төрт рет үйленген көрінеді.

 

Бұл оқиғалар әлемнің әр түкпірінде орын алған, талантымен жұртты таңғалдырған және оқыс оқиғалардан аман қалған адамдардың таңғажайып тағдыры. Біреуі - апатты өмір, екіншісі - қызықты ғұмыр. Қалай айтқанда да пешенеге жазылған тағдыр. Таңғалдырар тірлік те, таңғажайып әрекет те адам қолымен жасалады. Бірақ...

 

Кэмбридж университетінің ғалымдары жақында қызықты зерттеудің қорытындысын шығарды. Олардың ойынша, дәл қазір адамзаттың интеллектуалдық даму деңгейі ең шырқау шегінде тұр. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, адам бұдан артық ақылды бола алмайды. Ал күнде әртүрлі ақпаратты қабылдап жатқан мидың одан ары дамып, толығып ақылды болуы үшін қосымша қуат пен кислород керек екен. Ал ол мүмкін емес көрінеді.

 

...Бірақ адамзаттың таңғалдырар әрекеттері таусылмақ емес

 

 

 

 

aikyn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста