Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Сыған әпкемнің ауырып жатқанын қайдан білді екен...

  • https://www.chitalnya.ru/

    https://www.chitalnya.ru/

Мен өзім екінші курс студентімін. "Алаш айнасы" интернет порталын оқып тұрамын. "Мистика" бөліміндегі шым-шытырық оқиғаларды оқи отырып, өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтып беруді шештім. Адамның психикасына түгелдей әсер ететін арбаудың әдісімен жүретін сығандар құпиясы мен үшін әлі жұмбақ.

 

Бала кезімде ауылда тұратын әжемнің үйіне барғанда "сыған ұрлап алып кетеді", "жыласаң сығандарға береміз" деген әңгімені көп еститінмін. Басымнан өткен оқиғадан соң сығандарға деген жиіркеніш сезім үдей түскендей.

 

Мен Астанада дүниеге келдім. Ата-анам Астанада оқу бітіріп, кейінен жұмыс бабымен елордада қалып қойған екен. Анам да әкем де қызмет істейді. Үйде екі қыз едік. Әпкемнің есімі- Аяулым.

 

Бұл оқиға менің тоғызыншы сынып оқып жүрген кезімде болды. Аяулым Аграрлық университетінде екінші курста оқып жүрді. Өкінішке орай әпкем айықпас дертке шалдықты. Кім туғанын жамандыққа қисын, күні-түні отбасымызбен уайымдайтынымыз- Аяулымның жағдайы. Бармаған қала, апармаған дәрігер қалмады. Дәрігерлердің айтуынша "біраз өмірі қалды, қай күні қашан болатыны белгісіз". Бірақ, Аяулым мойымады, өмірді жақсы көрді. Үнемі көңілді жүріп бізге іштегі дерті мен уайымын байқатпады. Әкем мен анам қаншама ұйқысыз түндер мен мазасыз күндерді өткізді. Қолдан келер шара жоқ. Тек, бір Алладан жалынып-жалбарынып сұрап, іштей дұға еттік.

 

Жаңа оқу жылы басталды. Таңертен кетемін, түстен кейін үйге ораламын. Аяулым кезекті емдеу курсын алып, ауруханада жатыр. Анам мен әкем жұмыста. Сабақта отырсам да көшеде жүрсем де әпкемді ойлаймын.

 

Осылайша түс ауа сабақтан үйге қайтып келе жатқан бетім еді. Сыныптас қыздарым жолда шағын сауда үйіне кіріп кетті. Менің көңіл-күйім жоқ болғандықтан, бірден үйге тарттым. Мектеп пен үй арасы қашық емес еді. Жолдан өте бергенде бір сығанның әйелі маған жабыса кетті. Сығанды көргенде бірден есім шығып тез-тез басып қаша жөнелдім. Ол артымнан қуып келіп:

 

- Білемін, сенің әпкең қатты ауырып жатыр. Мен оған көмектесе аламын! -деді орыс тілінде. Мен сол сөзді естігеннен соң тоқтап, артыма бұрылдым. Іштей "бұл қайдан біледі менің әпкемнің ауырып жатқанын" дедім. Сенбейін десем шынымен, айтқаны рас. Адам санасымен жұмыс жасап үйренген әккі қулар ғой, сыған әйелі қасыма келіп бірдемелерді айтып жатыр.

 

Мен не айтып тұрғанын ұқпаймын ба әлде естіп тұрғам жоқ па белгісіз.

 

Мен есімді жинағанда анамның жатын бөлмесінде отырмын. Үйге қалай келдім, есімде жоқ. Біраздан соң ұйқыдан оянғандай атып тұрдым. Сыған әйелі жоқ, есік жай жабылған. Сыған әйелді іздеп далаға атып шықтым, ізі де жоқ.

 

Барлығы жайлап есіме түсті, ол маған "әпкеңді ауруынан айықтыруға көмектесемін. Ол үшін ақша немесе қымбат заттар керек " деді. Ақшам жоқ екені белгілі, үйдегі анамның алтындары есіме түсті. Ойымда тек, әпкем жазылып кетсе деген арман, басқа ештеме ойламадым.

 

Ол мені қалай арбады белгісіз, мен ұйықтап жүріп сау адамның ісін істеп, өз қолыммен анамның заттарын ұстатып жібердім. Ары қарай не болғаны есімде жоқ.

 

Осылайша есімді жинап, бақырып жыладым. Бірден анама телефон шалып болған жайды айтып бердім. Ата-анам өзімнің дін аман екеніме қуанды, ал алған сыған алған затқа "садақа",- деді.

 

Қазір ойласам сыған қандай да бір сиқырмен мені алдап, арбап уақытшалық гипнозбен «мас» қылған болып тұр ғой. Сол жолы сығанның жолы болды.

 

Менің жанды жерім-әпкемнің амандығы еді. Өкінішке орай, әпкем көп ұзамай көз жұмды.

 

 

Автор: Динара Сағынтаева, Астана

alashainasy.kz

 

 




Көрілген: 5577    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30