Тәнінің қайда жатқаны жайлы, жаны хабар берген...

Тәнінің қайда жатқаны жайлы, жаны хабар берген...

Бұл оқиға бала кезімде болған еді. Жылда жаз мезгілінде екі отбасы бірге қала сыртындағы тау шатқалына барып демалуды әдетке айналдарған болатын. Ол кезде менің жасым 12-де. Ал, бізбен бірге баратын отбасының ұлы Андрей 13 жаста. Тосын оқиға үшінші жылы орын алған еді. Әдеттегідей, сол жазда да, сол шатқалға демалуға бардық. Үлкендер көлікке түнде қонатын палаткалар және төсекорныдармен қоса, біздің велосипедтерімізді де тиеп әкелген.

 

Жылдағы әдет бойынша, үлкендер жағы платкаларды тігіп, қазан-ошақтарын жайғағанша біз велосипедпен шатқалды аралап кеттік. Үш жылда шатқалдың ой-шұқырын біліп алғанбыз. Сондықтан ата-аналарымыз бізге алаңдай қоймайды.

 

    Сол шатқалда адамдардың кіруіне тыйым салынған аймақ болатын. Балалық па әлде адамның тыйым салынған нәрсеге құмартатын әдеті ме, әйтеуір бізде де «осының ішінде не бар екен?» деген қызығушылық болатын. Андрей бір жас үлкен және ұл бала болғандықтан «ішіне кіріп көрейік» деп мені үнемі үгіттейтін. Бірақ мен келіспейтінмін. Осы жолы да сол әдетіне басып, тыйым салынған аймаққа кіруді ұсынды. Бұл жолы өзімізді есейіп қалғандай сезіндім бе жоқ әлде Андрейдің көңілін қимадым ба, «жарайды» деп келісім бердім. «Менің соңымнан ер» деп Андрей алға түсті. Жалғызаяқ жолға түсіп, велосипедпен жүріп келеміз. Біршама жүргенде өзеннен өтуге арналған ескі ағаш көпірге тап болдық. Көпір арқылы адам өтпегеніне көп болғаны байқалып тұр. Өзеннің ағысы да қатты екен. Сондықтан мен көпірден өтуге қорықтым. Андрей «қорықпа» деп көпір үстімен жүре бастады. Менің «өтпей-ақ қояйықшы» деген сөзімді тыңдамады.

 

    Әне-міне дегенше, көпірдің орта тұсына барды. Маған бұрылып, «қорықпа, кел» деп шақырды. Көпірдің құламайтынына көзім жеткен соң мен де Андрейдің соңынан жүрдім. Бес-алты қадам басқанымда, сықыр-сықыр еткен ағаштың сына бастаған дауысы есітілді. Көзді ашып-жұмғанша, көпірдің Андрей тұрған тұсы сынып кетті. Андрей шап беріп аспалы арқаннан ұстап үлгерді. Мен оған көмектеспек болып алға қарай жүрдім. Сол сәтте арқан үзіліп, Андрей өзенге құлады. Ата-аналарымыздың отырған жеріне қалай келгенім де есімде жоқ. Андрейдің тірі қалуы мүмкін емес еді. Өйткені, көпір өте биік болатын. Оған қоса өзен арнасы толған тас. Судың ағысы да қатты.

 

Қаладан келген құтқарушылар да сол күні Андрейдің денесін таппады.     

 

     Андрейдің қазасы мен үшін өте ауыр болды. Өзімді кінәлі сезіндім.       Өйткені мен келісім бермесем, тыйым салынған аймаққа кірмеуші еді. Андрей жастайымнан бірге өскен ең жақын досым болатын. Оны жақсы көретінмін. Сондықтан ба екен, көпке дейін Андрей жадымнан кетпей қойды. Кейде көшеден топ адам арасынан оның бейнесі көрінетін. Кейде анадай жерде қабырғаға сүйеулі тұрғанын велосипедін көзіме көрінеді. Түсімде емес, күндіз көрем. Кейде көшеде келе жатқанымда Андрейдің «Алена» деп шақырғанын анық еститінмін. Мұның бәрін «ол елес, үнемі ойлағандықтан маған солай көрініп жүр» деп ойлап жүрдім. Оны ұмытуға тырыстым. Бірақ Андрейді ұмыту маған оңайға соқпады.

 

     Бірде бір құрбыма Андрейдің елесі жарты жылдан бері соңымнан қалмай жүргенін айттым. Ол әжесінің емшілік қасиеті бар екенін айтып, сол кісіге баруға кеңес берді. Бір күні сабақтан шыққан соң құрбыммен бірге әжесіне бардық. Мен болған жағдайды түгелімен айтып бердім. Құрбымның әжесі «ол саған бірдеңе айтқысы келеді, бірақ сен оған мүмкіндік бермей жүр екенсің» деді. Расымен де ол менің атымды атап шақырғанда қорқып кетіп, адамдардың арасына кіріп кетуге талпынатынмын. Әжеймен сөйлескен соң, «енді келсе Андреймен тілдесем» деп ойладым. Бірақ содан кейін ол біраз уақыт көрінбей кетті. Содан кейін оның өлгенін мойындап, ұмыта бастағам.

 

     Түсім бе, өңім бе түсініксіз, бір күні түнде Андрей келді. «Көптен өзіңмен сөйлеспек болғам. Бірақ сен ыңғай танытпадың. Міне енді сәті түсті. Екі жыл тыйым салынған аймаққа кіруге келісім бермей, мені өлімнен алып қалғаныңа рахмет. Бірақ тағдырдың жазғаны болады екен. Әке-шешең «білмей-ақ қойсын» деп, денемнің табылмағанын саған айтқан жоқ. Менің денем бұрылыстағы шыңға қарама қарсы, өзеннің сол жағалауында, үлкен тастың тасасында жатыр» деді де жоқ болып кетті. Таңертең тұра сала түнде көргенімді ата-анама айттым. Олар Андрейдің ата-анасына хабарласты. Сол күні құтқарушыларды алып барып, сол жерден Андрейдің денесін тапты. Арулап жер қойнауына берді. Одан кейін Андрейдің елесі мені мазалаған емес.

Орыс тілінен аударған Қ. Кумекбаев

 

 

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста