Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Төрт жылдан бері аяғы ауыр болып жүрген келіншек

  • Фото: Twitter / TheSunHealth

    Фото: Twitter / TheSunHealth

АҚШ-тың 40 жастағы тұрғыны Сара Холлидейдің ішіне қарап, оны аяғы ауыр деуге келеді. Алайда келіншектің сөзінше, ол тоғыз ай емес, төрт жылға жуық уақыт жүкті болып жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

 

Сара АҚШ-тың батысындағы Форт Коллинз қаласында тұрады. 2016 жылдың шілдесінде ол өзінің жақында ана болатынын білген.

 

Алайда қазан айында дәрігерлер дабыл қағып, сәбидің жүрегі соқпай тұрғанын хабарлайды. Бірақ келіншектің іші уақыт өте өсе берді.

Сара өзіде "жұмбақ жүктілік" өтіп жатыр деп санайды. Себебі оның аяғы ауыр болып жүргеніне биыл 4 жыл болмақ.

 

"Менің түсік тастамағаныма алаңдаған акушер мені жедел жәрдем бөліміне жіберді. Алайда ол жердегілер де не түсік болғанын не жүктіліктің барын растай алмады", - дейді келіншек.

 

Өзінде нақты не болып жатқанын түсінгісі келген Сара қайырымдылық ұйымын кезіктіреді. Олар өз кезегінде Сараның жүктілігінің баяу жүріп жатқанына сенімді. Баланың жүрек соғысының естілмеуі де осы себепті екен-мыс.

 

Дәрігерлер болса, Сараның жүктілігі "ойдан шығарылған" деген пікірде.

Гинеколог Энн Хендерсонның сөзінше, оның дені сау баланы дүниеге әкелуі мүмкін емес.

 

Десе де, бұған дейін тоғыз түсікті басынан өткерген Холлидей жуырда күйеуі екеуінің ата-ана атанатынына сенімді деп жазады The Sun.

 

"Баламмен қауышар сәтті тағатсыздана күтудемін. Мен оған жүктілік кезінде басымнан өткізген қиындықтарым туралы міндетті түрде айтып беремін", - дейді ол.

 




Көрілген: 2411    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30