Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Той жасау үшін 20 жыл бұрын қайтыс болған қыздың денесін ұрлап әкеткен

  • Фото: AsiaWire, коллаж: NUR.KZ

    Фото: AsiaWire, коллаж: NUR.KZ

Қытайдың Хэбэй провинциясында 20 жыл бұрын қайтыс болған 18 жастағы қыздың мәйіті ұрланды. Марқұмның туыстары бойжеткеннің денесі басқа мәйітке үйлендіру мақсатымен ұрланғанына сенімді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Қытайдың Хэбэй провинциясының тұрғындары он сегіз жасында қайтыс болған туысының денесі қабірден ұрланғанын анықтады.


Марқұм туыстарының айтуынша, 20 жыл бұрын орын алған жерлеу рәсімі қарапайым өткен. Қабірде бағалы ештеңе болмапты. Ұрының басты мақсаты мәйіттің денесін қолға түсіру екен.


Қыздың туыстары оның денесін "өлгендердің тойы" деп аталатын рәсімге қолданатынына сенімді.


Бұл шарада мәйітті о дүниеде жалғыз қалмасын деген сеніммен некелестіреді екен.


Кейде бұл екі жақтың отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асады. Көбінесе қайтыс болған ұл жақтың жақындары қыздың мәйітін сатып алады.


Дүниеден өткен қалыңдықтың бағасы ондаған мың долларға жетуі мүмкін.


Бойжеткеннің жақындары біраз уақыт бұрын үйіне танымайтын адамдар келіп, мәйітті сатып алғысы келгенін айтады.


Туыстары келіспеген соң ұрылар өз бетімен қабірді қазып, мәйітті ұрлап кетіпті.


Қазіргі таңда оқиға орнында қолғабын тастап кеткен қарақшыны полиция қызметкерлері іздестіруде.


 




Көрілген: 1425    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31