Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Тіпті, төсек қатынасына түскен": Әруаққа тұрмысқа шыққан ару

  • Фото: newsyou.info

    Фото: newsyou.info

Ұлыбритания азаматшасы Аманда Тиг өз махаббатын 18 ғасырда өмір сүрген пираттың "әруағынан" тауып, бүгінде оның заңды әйелі атанды.

 

Көпбалалы келіншектің айтуынша, оның жолдасы 300 жыл бұрын қайтыс болып кеткеніне қарамастан, олар "өзге ғашықтар секілді кездесулерге барып, ұрысып, тіпті төсек қатынасына да түседі" екен.

 

45 жастағы келіншек шынайы өмірде ешкіммен жарасып кете алмағандықтан, өз бақытын о дүниеден іздеуге кіріскенін айтуда. Адам сенгісіз махаббат оқиғасы туралы newsyou.info сайтында жазылды.

 

Бес баланың анасы мен 1700 жылдары ашық теңізде қарақшылықпен айналысқан Джек есімді азаматтың махаббат хикаясы 2014 жылы бастау алған.

 

Аманда түнде төсекте жатып, өзінің қасында біреудің бар екенін сезгенін сөз етті. Қызығы, көпбалалы келіншек әруақпен бірнеше жыл кездесіп жүріп, олардың некесін заңдастыра алатын адамды да тауып алыпты. Ол үш жүз жыл бұрын қайтыс болған пиратпен теңіздің қақ ортасында некесін қиды. Әйел адам, тіпті некелесу шарасына әруақтармен сөйлесе алатын медиумды да шақырған.

 

 

Бүгінгі күні Аманда әруақтар әлемінде өз ғашығын тапқысы келетіндер үшін арнайы кітап жазуда.

 

"Ол секілді мені ешкім түсіне алмайды. Ол менің нағыз жақын сырласым. Мен сондай бақыттымын. Қарым-қатынастың дәл осы түрі мен үшін мінсіз болып табылады. Әруақтармен байланысуға болатынын білмейтін адамдар өте көп. Алайда, олардың арасынан біреуі сізге сәйкес келуі мүмкін. Мен ондай жандарға көмектескім келеді", - деді ол.

 

Марқұм пиратқа тұрмысқа шыққан Аманда Тиг шынайы өмірде Солтүстік Ирландияда әйгілі кино кейіпкері Джек Воробей кейпіндегі аниматор болып қызмет етеді. Оның сөзінше, осы жұмысы оны болашақ жолдасымен тоғыстырды.

 

 

Көпбалалы ана бастапқыда әруақпен байланысқысы келмегенін алға тартты. Алайда, медиумның арқасында ол ғашығымен сөйлесіп, оны одан бетер жақын тани бастаған екен.

 

Қос ғашық үнемі бірге болып, нәтижесінде Аманданың жүрегінде махаббат сезімі ояныпты.

 

 

Пираттың жары онымен төсек қатынасына түсетінін де ашып айтты.

 

Оның сөзінше, әруақпен төсектес болудың тірі ер адаммен бірге болудан еш айырмашылығы жоқ.

 

Алайда, қалыңдық өзінің күйеуін ешқашан көрмеген. Ол оны Джонни Депп сомдайтын Джек Воробейге қатты ұқсайды деп санайды.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 8538    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.12.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31