Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Түркістандық көріпкел Қытайда тараған қауіпті дерттің емін айтты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Бейне Қаржаубаева аты жаман аурудың бетін қайтармақшы. Ол жаңа вирусты тылсым күштің әсерімен жоқ қыла алам дейді. Бүкіл әлем короновирусқа қарсы вакцина таба алмай жатқанда, отандасымыз қандай амал тапқан?

 

Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бейне Қаржаубаева Төле би ауданындағы Зағамбар деп аталатын ауылда тұрады. 39 жастағы тұрғын соңғы 15 жылдан бері көріпкелдік және емшілікпен айналысады. Өн-бойына дарыған қасиетті тылсым-күштің әсерімен жүзеге асырады екен. Яғни, әруақтармен тікелей байланысқа шығады. Сөйтіп, кез-келген нәрсені айна-қатесіз айтып беретін көрінеді. Аспа асты еліндегі дерттің жайын да ол осы арқылы біліпті.

 

"Емі жыланның 1 грамм уына жұмыртқаның екі ақ уызын қосып, сырқат адамның денесіне жағу керек. Тамағына, өкпе тұсы, денесіне күніне екі реттен жағу керек. 1-2 ай бойына осы емді қолдану керек. Сол кезде нәтижесі болады, жазылады деген маған мәлімет келді", - деді көріпкел-емші Бейне Қаржаубаева.

 

Әзірге, емшінің бұл «жаңалығына» құлақ асқан жан жоқ. Егер ықылас танытып, ниет білдірген мамандар болса, Бейне қол ұшын созуға дайын. Әрі ем-домының дүниені шулатып жатқан дертке шипа болатынына кәміл сенеді

 

"Тылсым күш деп түсінемін өз басым. Сосын ол адам жайлы маған айтады, нақты мәлімет береді. Осындай-осындай деп. Денсаулық жағынан жазылады не жазылмайды деп. Мынандай ем қолдансын деп. Кейбір адамдар өкінішке қарай, қайтыс болады деген де мәліметтер келеді. Денсаулығы жағынан барлық жағынан. Сосын мен келген жауапты әлгі адамның өзіне түсіндіріп айтамын", - деді емші.

 

Бейне өн бойына дарыған көріпкелдік пен емшілік қасиетті марқұм анасының туыстарынан тарағанын айтады. Нағашы атасы кезінде атақты емші болыпты. Ал, қандай да бір мәселеге қатысты кез келген сауалдың жауабы оның құлағына ғайыптан келетін көрінеді. Нақты кімнен екенін өзі де білмейді. Тек, болжамынша марқұм анасы секілді. Өйткені, ұялы телефонға түскен суретте анасының бейнесі сақталып қалыпты. Оны әкесі де растап отыр.

 

"Біз бұрын білмей қойғанбыз, Бейне десе сол атына сай болды. Қасиеті мынада, әруақтар, марқұмдар көрінеді оған. Үйде соткасында түскен селфиде анасы да түсіп қалған. Бірақ, анасы өмірден өтіп кеткен", - деді емшінің әкесі Ералхан Қаржаубаев.

 

Көріпкелдің есімі оңтүстік жұртына жақсы таныс. Кезінде өңірде сәбилер арасындағы ВИЧ дертінің таралуын және қырғыз еліндегі қақтығысты болжаған екен. Бірақ, мұндай батыл мәлімдемелерінен кейін кейбір күш-құрылымдары біраз әуре-сарсаңға салыпты. Ал, енді жаңа вирустың шипасын айтпасқа болмайды дейді.

 

- Құпия болмаса, еңбекақыңыз қанша? Қанша аласыз алдыңызға келген науқастан?

- Енді, ол жерде қатып қалған баға жоқ. Менікі сауда емес қой. Әрбір келген адам өзі біледі. Мен тек, барынша емдеп, жазып, көмегімді көпшілікке тигізу.

 

Қазір әлем Қытайдың Ухань қаласында тараған вирустан секем алып отыр. Гонконг ғалымдары оған қарсы вакцина ойлап таптық деп отыр. Алайда, оны әлі сынақтан өткізу керек екен. Ал түркістандық емшінің ойлап тапқан ем-домына медицина мамандары назар аудара ма, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім.

 




Көрілген: 1375    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31