Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)

  • https://www.zharar.com/

    https://www.zharar.com/

Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, түс өткен шақтағы түрлі естеліктерді қамтиды әрі болашақта орын алуы ықтимал оқиғалардың айнасы. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Sleep мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бастан өткен жағдайлардың жадқа айналуы мен жинақтаған тәжірибе өз кезегінде келешектегі бастан кешкенге ұқсас ахуалдарға лайықты деңгейде жауап қатуға көмектеседі.

 

«Болашақтың эпизодтық симуляциясы» деп аталатын гипотезаға сәйкес адам бұрын басынан кешірген түрлі эпизодтардың фрагменттерін (жұрнақтарын, бөліктерін) біріктіріп, әлі орын ала қоймаған оқиғалар симуляциясын ойша бағдарлайды.

 

Оңтүстік Каролиндегі (АҚШ) Фурман университетінің Эрин Уэмсли есімді ғалымының тұжырымы осындай.

 

«Мыңдаған жылдар бойы адамзат түстің мәне мен маңызын түсінуге талпынып келеді. Біз бұл арада жадыда сүзгіден өткенді көрсететінін дәлелдейтін жаңа айғақты ұсынамыз. Оның өткен шақтың тәжірибесін қамтитыны бұрыннан белгілі болса да біздің дерегіміз бойынша түс болашақта болуы ықтимал жайттардан да алдын ала хабар береді»,- деп бұл тараптағы зерттеудің ерекшелігі неде екенін түсіндірді психология кафедрасының доценті әрі когнитивті нейробиология дәрігері Эрин Уэмсли.

 

Тәжірибеге өз еркімен қатысқан 48 студенттің түстері полисомнография құралының көмегімен анықталды. Ларды бір түнде 13 рет оятып, ұйықтап бара жатқанда, тез және баяу ұйқы фазаларында қандай түс көргендерін сұрап отырды.

 

Ғалымдар студенттердің түстері бойынша 481 есепті сараптамадан өткізді. Енді нәтижесіне қараңыз:

 

түстердің жартысынан көбісі өткен шақта бастан кешкендерін құраған (53,5%);

 

ал төрттен бір бөлігі (25,7%) нақты болашақтағы оқиғалармен байланысты болып шыққан.

 

Ал 49,7%-да түрлі сипатта болған.

 

 

Бір қызығы, түн ұзарған сайын олардың болашаққа бағдарланған түсі қарқын алған.

 

Бұдан бөлек, болашаққа қатысты бағдарланған түстердің түп негізі түрлі естеліктерден құралған. 

 

Әлбетте, түс нақты өмір шындығымен көп қабыса бермейді, десе де жадының болашаққа қатысты фрагменттерінің белсенділігі мен рекомбинациясы адамды келешектегі жағдайға бейімдейтіні белгілі болған.

 

 

 




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 08:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар
    2 Маусым, 09:17
    Ренжіген әруақ...
    23 Мамыр, 02:09
    ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮС
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір
    25 Сәуір, 10:31
    Әруақ
    23 Сәуір, 17:26
    Өң мен түстің арасы
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31