Түсіме кірген туыстарым көп ұзамай қайтыс болады...

Түсіме кірген туыстарым көп ұзамай қайтыс болады...

Ерекше жаратылған ештеңем жоқ: кәдімгі қарапайым адаммын. Орта мектепте тарих пәнінен сабақ беремін. Өз өмірімді соңғы кездері зерттеумен айналыса бастадым. Сіздерге қызық болса мына бір жайтты баяндап көрсем деймін.

Мен 6 жасымда аттан құлап, қырық күндей арухунада ес-түссіз жатқан екем. Ол кездер қазір есімде жоқ. Есімде қалғаны мен бір нүктеге қадалып таңнан кешке дейін тапжылмай отыра беретінмін. Көзім нүктеге қадалғанмен санам басқа әлемді шарлап жүретін. Әлі күнге өзім түсінбеймін, мен сонда параллел әлемде жүргендей күй кешетінмін. Еш қорқынышсыз, планетадан планетаға еркін ұшып жүрем. Бірде әкем мені орындыққа таңертең отырғызып қойып өзі теледидар қарап жатыпты. кино бітіп, тағы бір-екі хабар көрсе керек. Содан ұйықтап кеткен. Кешке анам жұмыстан келгенше мен сол орындықта қозғалмай отырыппын. Сол алты жасымнан бастап мектеп бітіргенше мен психиатрлық тізімде тұрдым.

Мен өмірде көп түс көрмейтін адаммын. Түс сияқты әлемді күндіз де, көзімді ашып отырып-ақ аралай беремін. Жаңадан үйленген кезде әйеліме айтсам, ол шошып жылайтын. Қазір бәрі үйреніп алды. Өйткені мен түсті өте сирек көрем. Егер түсімді бір адамды анық көрсем, ол туыстарымның бірі болса, міндетті түрде ертеңінде бізге қаралы хабар жетеді.

Алғаш үйленіп, тұңғышымыз дүниеге келген күні мен өзімнің қайын атамды түсімде көрдім. Қайын атам маған ақылын айтып, батасын берді. Таңертең тұра сап келіншегіме бардым перзентханаға. Терезеден айқайлап "сенің әкең түсіме кіріпті. Маған батасын беріп, көп өсиет айтты" дегем. Келіншегім риза боп, жадырап кетті. Ал сол күні түстен кейін қайын атамның асау өзенге ағып кеткені белгілі болды.

Екінші рет өзімнің туған кластасым Жақыпбек түсіме кірді. Екеуміз тете өскен едік. Көрші тұратынбыз. Түсімде Жақыпбек қалада теңселе басып келе жатыр екен. Кенет ол жолдан өте бергенде құйындай зулаған әппақ "Волга" Жақыпбекті жаңа құрлы көрмей ұшырып түсірді. Қорқынышты түсімнен шошып ояндым. Дәл сол к.ні кешкі апақ-сапақта Жақыпбектің үйінен ұлардай шулаған дауыс естілді. Жаным қалмай жетіп барсам Жақыпбектің өлі денесін көліктен түсіріп жатыр екен.

Мен осылайша 9 мәрте аян түс көрдім. Бәрінде де көрген адамдарым ертеңінде о дүниеге аттанып жатты. Тіпті өзімнің анамның да өмірден қайтатын күнін біліп тұрдым мен бейбақ.

Анам түсіме кіргенде ерекше нұрланып жүрді. Үйімізде той болып жатты ма, әйтеуір адамдардың қарасы көп болды. Әкем мен анам ақылдасып, қонақтарды күту тәртібін ақылдасып жүрді. Мен олардың бәрін әйнек сыртынан көріп тұрғандай әсерде болдым. Анам тербеле басып, жеңіл қалықтап жүргендей болды. Анам қонақ күткенді жақсы көретін жан еді. Кенет үлкен үйден шығып, ет сақтайтын сарайға кіріп бара жатқан анам жерге сылқ етіп отыра кетті. 1-2 секундтан соң анам жерге жантайып құлап, айналасына адамдар қаптап кетті. Анамның жүрегі ауыратын еді, "жүрегі тоқтап қалды" деп шулап жатты адамдар.

Ертеңіне тұра салып анамды айналшықтап жүріп алдым. Тағдырға қарсы тұра алмайтынымды білемін, бірақ түсімдегі жағдайды өзгертіп көрмек болдым. Анам денсаулығым жақсы деп бой бермеді. Түске дейін күнделікті үй шаруасымен айналысып, еш күдік байқалмады. Мен түскі асты ішіп болған соң аудан орталығына таға сатуға кеткен әкемді алып келмек болып жүріп кеттім. Құрғыр жүрек бір жамандықты сезетіндей тыпыршып кетті. Келіншегіме анамды тапсырып, көзіңнен таса қылма деп айтып кеттім.

Мен аудан орталығынан келгенде есік алдында адам қарасы көбейе бастапты. Әкем маған күдіктене қарайды. Мен әкеме көрген түсімді айта алмадым. Бірақ іштей сезіп тұрмын.

Сөйтсек, мен аудан орталығына кеткеннен кейін 10-15 минуттан соң анамның бір кездері жоғалып кетті деген туған інісі орыс келіншегін, 3 ұлын ертіп жетіп келген ғой. Оны баяғыда өлдіге жорып, асын беріп тастаған анам туған інісін көріп, оның тірі екеніне аңтарыла қарап тұрған жерінде құлап түсіпті...

Содан бері мен ұйықтауға, ұйықтап кетсем түс көруге қорқатын болғам...


Әбсәмет Зұлпықаров, ОҚО.
 
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста